«Жалын» мектебі 2- кезең тапсырмаларының ықтимал жауаптары



Дата31.01.2018
өлшемі45,08 Kb.
#37152
«Жалын» мектебі

2- кезең тапсырмаларының ықтимал жауаптары

1

Тапсырма

Жауабы




Берілген үзіндінің авторын табыңыз. Қаламгердің басқа туындылары жайлы, қазақ әдебиетінен алатын орны жайлы қысқаша баяндаңыз.

Әдеби –қисынды талдау жасаңыз.



Қамкөңіл жалғыз қара ағаш!

Жағасында дария

Қыстай тұрдың жалаңаш.
Жасартып сені келді жаз,

Бұтағыңда бұлбұл құс,

Қолында нәзік хат-қағаз,

Көлеңкеде отыр қыз...
Біздің де өтер қысымыз,

Біздің де келер жазымыз,

Бізге де сайрар бұлбұл құс,

Бізге де келер сұлу қыз.

Қ.Аманжоловтың «Қара ағаш»өлеңінен үзінді. Ақынның шығармаылық өмірбаянынан қысқаша деректер жазып, өлеңдері мен поэмалары туралы жазу керек. Мысалы, «Абдолла», «Байқал», «Май келді»т.б

Берілген өлеңдегі эпитет, теңеу,символ, параллелизм т.б. тауып әдеби-қисынды талдау қажет. Мысалы, қыс, жаз, қара ағаш сияқты тілдік бірліктер символдық мәнге ие.Символ туралы ғалымдардың анықтамаларын келтіруге болады (З.Қабдолов, З.Ахметов, Қ.Қайырбаева т.б.)



2

Қос функциялы жұрнақтар

А.Ысқақов, Н.Оралбаева т.б. ғалымдар еңбегңне сілтеме жасап, қос функциялы жұрнақтар туралы мағлұмат беруі тиіс

3

А.Байтұрсыновтың ғылыми мұрасы

(фонетика, грамматика,терминология, әдебиеттану т.б.)



Сол кезеңде «Тіл — құрал» — қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден оқып-үйренетін қазақша жазылған кітan, құрал дегендерді білмей-көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді.

А.Байтұрсынов 1920 жылы Қазанда жарық көрген «Баяншы» атты методикалық құралында мұғалімдер үшін қазақ тілін оқыту жолдарын түсіндіреді.

Қазақ тіліндегі дыбыстар мен олардың жазылу белгілерінен бастап, оқушы балаларға жазу мен оқуға үйрету тәсілдерін көрсетеді.

Ахмет Байтұрсынұлының сөйлем мүшелеріне қатысты пікірлері, т.б. ылыми мұрасы жайлы мағлұмат беру



4

Тұрақты тіркестер (зерттелуі, түрлері,

мағынасы, синонимдес фразеологизмдер т.б).



Тұрақты тіркестер арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен Фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік (единица), фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, фразеологизм тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жұр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.

Тұрақты тіркестер туралы ғылыми еңбектерге шолу жасау т.б




5

Дидактикалық толғаулар, арнау өлеңдер.

Поэтикалық образ жасау ерекшеліктерін талқылау


Дидактикалық толғаулар, арнау өлеңдер жайлы мағлұмат. Мысалдар жазу, талдау

6

Шығарма жазу (тақырыптық)

Шығарма жазу. Жоспар құру, шығармада мектеп бағдарламасы және мектеп бағдарламасынан тыс ғылыми-әдеби материалдарды пайдалану. Мазмұны, ой тереңдігі, оқушының талдаулары мен өзіндік тұжырымдар тб шығармаға қойылатын талаптар сақталуы тиіс

7

Қосарлы тыныс белгілерін қоятын сөйлемдер құрастыру.

Мысалдар арқылы жазу керек.

8

Еркін тақырыпқа ойтолғау, әңгіме,

мәтін, эссе жазу (бірін таңдап алу керек)

Талапқа сай эссе жазу


9

Берілген сөйлемге талдау жасау.

Міне1, бұл да6 Ғабеңнің сөз шеберлігі4 мен ой2 шеберлігінің дәлелі5.


ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР:

  1. фонетикалық талдау;

  2. лексикалық талдау;

  3. сөзжасамдық талдау;

  4. морфологиялық талдау;

  5. сөз тіркесін талдау;

  6. сөйлем мүшесіне талдау;

7-берілген сөйлемге толық синтаксистік талдау жасау қажет.

10

Символ, аллегория, метафора

(Пікірлерді жинастыру; ғалымдар

цитаталарын қолдана білу,

анықтамасын жазу,

мысалдар келтіру)


Әдебиетші-тілші ғалымдар еңбегіне, сөздіктерге сүйене отырып, анықтамаларын жазу(А.Байтұрсынов, Қ.Жұмалиев,З.Қабдолов, З.Ахметов, Т.Қоңыров, Б.Хасанов, А.Сыбанбаева,

Қ.Қайырбаева т.б.) Еңбектерге сілтеме жасау.







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет