3 тақырып Қазан төңкерісі және Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы



Дата08.02.2022
өлшемі19,26 Kb.
#118924
Байланысты:
СОӨЖ - 3-4 тапсырма


СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ – 5 апта
3 тақырып
Қазан төңкерісі және Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы
1. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер. Кеңес үкіметінің қабылдаған декреттерінің қарама-қайшылықтарын көрсетіңдер.

а) 1917 жылы 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының декларациясының” шынайы өмірде орындалуы қалай болды? Декрет мазмұны мен большевиктердің оны нақты іске асыруының арасында қандай алшақтық бар?

б) “Жер туралы декреттің” қабылдануы мен большевиктердің нақты өмірде жүргізген азық-түлік саясатының арасындағы қарама-қайшылықты талдап көрсет, “Әскери коммунизм” және 1921-1922 жж. ашаршылық кезіндегі Қазақстан өмірінен мысал келтір.




4. Мәтінді оқып Алаш қайраткері А. Байтұрсыновтың Қазақстандағы Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің орнауына көзқарасын түсіндір (қалауы бойынша)
“Қырғыздарға (қазақтарға) Ақпан революциясы қандай түсінікті болған болса, оларға Қазан революциясы соншалықты түсініксіз болып көрінді... Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қарсы алған болса, екіншісін сондайлық үрейлі қорқынышпен қарсы алуларына тура келді. Ақпан революциясы қазақтарды патша үкіметінің езгісі мен зорлық-зомбылығынан азат етті және олардың өздерін дербес басқару жөніндегі қасиетті арманын жүзеге асыруға деген үміттерін орнықтырды. Ал екінші революцияның қырғыздарға түсініксіз болатын себебі қарапайым ғана шындықпен түсіндіріледі: қазақтарда кпитализм де, таптық жіктеліс те жоқ, тіпті оларда меншіктің өзі де басқа халықтардағыдай айқын анықталмаған, көптеген тұтыну бұйымдары оларда қоғамдық меншік болып саналады”
А. Байтұрсыновтың “Революция және қазақтар” мақаласынан үзінді. “Жизнь национальностей” газеті. 1919 ж. 3 тамыз.
6. “Әскери коммунизм” саясаты мен Жаңа экономикалық саясаттың айырмашылықтары, ерекшеліктері мен нәтижелеріне кесте түрінде салыстырмалы талдау жаса


7. Қалаған тақырыбыңа реферат жаз.
Реферат тақырыптары

  1. Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қоғамдық қызметі

  2. Азамат соғысындағы Қазақстандағы майдандар

  3. Қазақ жерлерін біріктірудегі қазақ ұлттық зиялыларының рөлі.

  4. Тұрар Рысқұлов және тұтас Түркістан идеясы

  5. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық қызметі

  6. Әлихан Бөкейхановтың азаттық идеялары

(Қалаған тақырыпқа реферат жазу ұсынылады)
4 тақырып
5. Түркістан легионы (оқып шығып, конспект жазыңдар)
1941 жылы 30 желтоқсанда Германияның жоғары командованиесі:
а) Түркімен, өзбек, қазақ, қырғыз, қарақалпақ және тәжік ұлттарының өкілдерінен Түркістан легионын; б) Әзірбайжан, дағыстан, ингуш, лезгин және шешен халықтарынан кавказ-мұсылман легионын; в) Грузин легионын; г) Армян легионын ұйымдастыруға үкім шығарды. Еділ-татар және Солтүстік Кавказ легиондары 1942 жылы жасақталды.
Түркістандықтарды Польша және басқа да Шығыс европалық елдердің аумақтарында ұстады. Осындай лагерьлердің бірі – Вениаминовода лагерь коменданты түркістандықтарды “Түркістан СС” ротасына топтастырды, ротада үш взвод болды: бірінші және екіншісі – саяси, үшіншісі – радистер взводы. Оларға лагерьлерде әскери дайындықпен қатар неміс тілін, фашистік Германияның мемлекеттік заңдарын оқытып үйретті, Кеңес Одағына қарсы үгіт жүргізді.
Түркістан легионын Мұстафа Шоқай басқарды. Ол мынадай шарт қойды: Түркістан легионы КСРО-ға қарсы Орал таулары алынғаннан кейін, яғни, Қазақстан мен Орта Азияның тікелей аумағында ғана соғыс қимылдарына қатысады. Алайда 1941 жылы 27 желтоқсанда М. Шоқай қайтыс болғаннан кейін легионды басқару Вали Каюм-Ханға өтуіне байланысты бұл шарт орындалған жоқ. Түркістан легионы кеңестерге қарсы майданға жіберілді. 1942 жылы 2 мамырда легион – Брянск ормандарында, Қызыл Армиямен, басқа құжаттарда – Украинада партизандарға қарсы соғысқан. 1943 жылдың ортасында Түркістан легионында 110-180 мың адам болған. 1943 жылы Германия басшылығы легионерлерді Шығыс майданда емес, көбіне тылда, нысандарды күзетуге, партизандармен ұрысқа пайдалана бастады. 1943 жылы 29 қыркүйекте Гитлер шығыс (тек түркістандықтарды ғана емес) әскери құрамаларын Батыс Европа елдеріне ауыстырды, мұсылман легиондарын Францияның оңтүстігіне Мийо қаласына жіберілді. 1944 ж. соңында легионда 267 мың адам болдған. Түркістан легионында өзбектерден кейін саны жағынан екінші орында қазақтар болды. 1944 ж. соңында 65 мың түркістандықтар қаза тапты. 900-ге жуығы Польша, Франция, Голландия, Югославия, Италия, Словакия мемлекеттерінің территорияларындағы партизан отрядтарына қашты. 1943-1944 жж. Түркістан легионынан қашу жиіледі. Себептері: этникалық қақтығыстар болды, лагерьде ауыр психологиялық моральдық жағдай орнады, жараланып тұтқынға түскен адам кез келген мүмкіндікті пайдаланды, Қызыл Армияның жеңістері әсер етті, жау ордасына жіберілген кеңес барлаушыларының әрекеттері. Түркістан легионерлерінің соғыстағы және соғыстан кейінгі тағдырлары әрқилы болды.


6. Мақаланы оқып, тұтқындағы қазақ жауынгерлерінің тағдыры, Түркістан легионы туралы (жоғарыдағы) конспект жазыңдар. Қ.Алдажұманов. Екінші дүниежүзілік соғыс: тұтқындар тағдыры (Егемен Қазақстан. 24, 27 сәуір. 2020 ж.) https://egemen.kz/article/231415-ekinshi-duniedguzilik-soghys-tutqyndar-taghdyry
Соғыс тұтқындарының саны:
1941 – 1 млн 998 мың;
1942 ж. – 1 млн 339 мың;
1943 ж. – 487 мың;
1945 ж. – 28 мың.
1945 ж. тамызда жапон соғысында тұтқынға түскендер – 18 мың. Жалпы соғыс жылдарындағы тұтқындар саны 1944 ж. – 5 млн 700 мың деген дерек бар. Мұның 3,3 млн-ы тұтқында өлген.
7. Соғыс жылдарындағы Қазақстандағы мәдениеттің дамуы туралы конспект жазыңдар (ғылым, әдебиет, білім беру)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет