3 тақырып. Ғылымның қызметтері


Негіздер Ғылымдардың түрі



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі53,76 Kb.
#83669
1   2   3
Байланысты:
2 а лекция, фил

Негіздер

Ғылымдардың түрі

Философиялық ғылымдар

Диалектика, логика

Математикалық ғалымдар

Математикалық логика, математика, кибернетика

Жаратылыстану және техникалық ғылымдар

Механика (қолданбалы механика және космонавтика)
Астрономия және астрофизика, техникалық физика
Химиялық физика
Химия және геохимия
Геология
География
Биохимия
Биология (ауыл шаруашылық ғылымдары және медициналық ғылымдар)
Адам физиологиясы
Антропология

Әлеуметтік ғылымдар

Тарих, археология, этнография, экономикалық география, әлеуметтік-экономикалық статистика

Базиспен қондырма туралы ғылымдар

Саяси экономия мемлекет пен құқық туралы ғылымдар (құқықтық ғылымдар) өнер тарихы және өнертану

Тілтану

Психология
Педагогикалық ғылымдар
Қоғамдық сананың жеке формалары туралы ғылымдар2

2. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті бүкіл әлем халықтарына ортақ жаһандық мәселелерден тыс қарастыру мүмкін емес.


Жаһандық мәселелер бүгінгі заманның өзекті факторы, оны ешбір өркениет, ел айналып өте алмайды.
Олардың мәні мен мағынасын және себептерін білу әрқашан да маңызды бола бермек.
ХХ ғасырдың аяғында, яғни 90 жылдары біз оларды анда-санда еске алсақ, ХХІ ғасырдың бас кезінде оған назар аударуға мәжбүрміз. Өйткені жаһандық мәселелердің қатары көбейе түсіп, кейбір сағым, елес сияқты оқиғалар одан әрі тереңдеп, қазіргі өркениеттің ажырамас бөлігіне айналып өтуге 1968 жылы қалыптасқан Рим клубы дүние жүзінде пісіп-жетіліп келе жатқан мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аударды.
Осы клубтың негізін қалаушы оның бірінші президенті А.Печчен өзінің «Адами сапалар» тақырыпты кітабында адамзат өз дамуының мәні мен мақсаты туралы жан-жақты ойланып, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертпесе оны моральдық және экологиялық дағдарыс күтіп тұрғандығын ескертті.
Жаһандық мәселелердің мәні мынадай кестеде көрініс береді.

Аса маңызды жаһандық мәселелер және оларды шешу жолдар




Жаһандық мәселелерді сөз ете отырып, қазіргі гуманизм үрдістеріне тоқтала кетуіміз керек.


ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығы тарих қойнауына енді. Ғылым мен техниканың орасан зор жетістіктеріне қарамастан, адамның тыныш, жайбарақат өмір сүруіне барлық жағдай жасады деп айту мүмкін емес. Керісінше, оның болмысына қатер төндіретін, оған қарсы бағытталған қылмыстардың саны мен сапасының дамығандығы соншалық, «апырай, осы не болып барады» деген үрейлі сұрақ көптің санасын әлдеқашан жаулап алды.
Табиғи ортаның ластануы, техногенді апаттардың көбеюі, озон қабатының жұқаруы адамдардың ниеті мен пиғылының бұзылуы, тағысын тағылар. Мұндай обьективті қиындықтарды көптеп тізе беруге болады. Табиғи апаттарды тоқтатуға шамасы келмесе де,
адамның өзін-өзі тәрбиелеп, жаңа гуманизмді қалыптастыруға мүмкіндігі бар.
Қазіргі гуманистік ұстаным табиғат пен қоғамның бүгінгі даму барысынан заңды туындаған тарихи қиындықтарды қабылдай отырып, оны жеңіп шығуға адамның конструктивті қабілеттеріне мол екендігіне сенім артады. Бұдан былай осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып, адамның жасампаз қабілеттерінің нығая беруіне, дамуына жағдай жасайтын жолдарды іздестіре беру қажет. Осы ракурста Г.А.Балл қазіргі гуманизмнің өзекті принциптерін атап көрсетеді: бірінші орында адам мен табиғаттың коэволюциялық бірлігін сақтауға бағытталған экологизм тұр. Жаһандану үдерісінде экологизм, бір жағынан, оның талаптарын, екінші жағынан, әрбір аймақтың, мәдени үдерісінде, құндылықтардың сақталуға ұмтылысын есепке алады. Аймақтық, яғни шектеулі, өзін-өзі ұйымдастыру, жүйелеу жаһандану барысына кері ықпал ете алмайды.
Екінші орында бүгінгі күннің қуаныштары мен қиындықтарына, адамзат қауымдастықтарының тарихи дәстүріне бейтарап қарамай, оны сараптап, ертеңгі күнмен байланыстырып, одан жағымды пікір қорытып, тың әрекеттер жасауға ұмтылатын конструктивистік принцип тұр.
Үшінші орында адамдар арасындағы дүниетанымдық әртүрлілікті қабылдап, оған сын көзбен қарауды ұсынатын толеранттылық принципі орналасқан.
Төртінші орынды әртүрлілікті сыйлау аз, онымен жақындасуға тырысу қажет дейтін диалогизм, яғни сұхбаттасу принципі иемденген.
Бесінші орында сұхбаттасуды іске асыратын кешенді тетіктердің бірі реінде ұсынылатын медиация принципі тұр.
Алтыншы орындағы рационализм принципі гуманистік ұстанымдарды іске асыруда интеллектуалдық мәдениет пен үйлесімді интеллект көмек көрсететінін дәлелдейді.
Жетінші орындағы принцип мәдениеттің әлеуметтік ес және әлеуметтік маңызды шығармашылық функциясын пайдалануға меңзейді.
Сегізінші принцип гуманистік ұстанымның біртұтас адам тұлғасынсыз іске аспайтынын көрсетеді. Тоғызыншы және оныншы принциптер адамгершілік пен үйлесімділік шарттарын жан-жақты талдайды3.
Г.А.Балл атап көрсеткен жаңа гуманизм принциптері қазіргі ғылым мен мәдениеттің даму деңгейінен туындаған. Дүрбелеңі мол жүрдек уақыттың әрбір сәті қымбат және маңызды. Сондықтан оны ұдайы назарда ұстап, ешнәрседен тыс қалмас үшін кез келген адам ақыл мен интуицияның, білім мен тәжірибенің көмегіне жүгінеді.
Мәңгілік елді мақсат тұтқан қазақ елінің мүддесін Елбасы айқындап берді. Мақсат – мүддесі айқын Қазақстан халқы ауқымды мемлекеттік реформаларға араласа отырып. Елбасы атап өткен ішкі және сыртқы сын – қатерлерден сүрінбей өтіп, дамыған 30елдің қатарына енуі үшін ел бірлігі деген идея аясында топтасуы орынды. Әрбір азамат қандай қызмет атқарса да, өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі, ісінің шебері ретінде жауапкершілікпен еңбек ете білуінің өзі мазмұнды тәрбиенің жемісі.
Қазіргі білімді адам – әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни, білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуатты мобилді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.
Қазіргі кезеңде ғылыми білімнің еселеп, ұлғаюы ғылыми-зерттеу қызметтің өскелең кәсібилігі мен мамандандырылуынсыз жүзеге асуы екі талай. Мамандану ғылымның ғана емес, қазіргі жіктелісі жоғары деңгейдегі еңбек бөлісінің ең күрделі жүйесіне негізделген қоғамның барша әлеуметтік-мәдени саласының ерекше сипаты басып табылады. Сонымен қатар, ғылым мамандануының өсу үрдісіне ғылыми білімнің бірігуіне, пәнаралық және метапәндік теориялық жүйелердің пайда болу үрдісі қарама-қарсы тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет