Экономикалық басқару әдістері – бұл ұжымға және оның жекелегенмүшелеріне нақты экономикалық механизмдер арқылы (еңбекақы мөлшері,сыйақы, баға белгілеу, несие беру, т.б.) әсер ету жүйесі.Экономикалық басқару әдістері қандай да бір іс-шараның орындалуын бүкілұжым мен оның әрбір мүшесі үшін экономикалық тұрғыдан тиімділігінқамтамасыз ететін жағдайлармен қамтамасыз етуді көздейді. Негізгіэкономикалық әдістерге шаруашылық есептесулер (жеңілдіктер, несиелеу,қаржыландыру) және экономикалық ынталандыру жатады (еңбекақы мөлшері,сыйақы).
Білім беру жүйесі әлеуметтік салаға жататын болғандықтан, мұндағыбасқару, негізінен, тікелей адамдарға қатысты. Сондықтан ұйымдық басқарубарысында психологияны білудің және оның заңдылықтарын ескерудің маңызы ерекше. Білім менеджері қызметкерлер ұжымында орнаған қолайлыпсихологиялық ахуалдың мекеме жұмысы үшін зор мүмкіндіктер тудыратынын үнемі есте сақтауы қажет.
Әрбір ұжым - өзіндік ерекшеліктері бар және белгілі бір даму сатыларынанөтетін әлеуметтік организм.