3 тақырып Қр конституциялық құқық негіздері


ҚР конституциялық құрылысы



бет4/4
Дата20.02.2023
өлшемі26 Kb.
#169475
1   2   3   4
Байланысты:
3 д р¦с Р Конституциялы ы нег¦здер¦-1

5 ҚР конституциялық құрылысы
ҚР мемлекеттiк нысаны мынадан тұрады:
1.ҚР мемлекеттiк орналасу нысаны бойынша унитарлық мемлекет болып табылады;
2.ҚР мемлекеттiк баксқару нысаны президенттiк басқарудан тұрады;
3.ҚР мемлекеттiк саяси режимi демократиялық негiзден тұрады.
ҚР Конституциясының 1-бабында: ҚР өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Унитарлық мемлекет дегенiмiз - ол, мемлекеттiң құрамында республикалық субъектiсiнiң болмауы, тек мемлекет бiртұтас құрамнан тұратын мемлекеттiк орналасу нысанын айтады. Мысалы: Қазақстан Республикасының құрамында ешқандай республика немесме мемлекет секiлдi ұйымдар жоқ. Сондықтан Қазақстан жеке өз алдына егемендi мемлекет, оның аумағы бiртұтас бөлiнбейтін мемлекет болып табылады.
ҚР Конституциясы Қазақстан Республикасын — Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз — біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттык-аумақтық бөліністерге бөлінбей, тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға, т.б. — бөлінетіндігі және олардың жоғарыдан бір орталыкка бағынатындығы. Және де, Қазақстан Республикасында идеологиялықпен саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. «Адам және азамат» деп аталатын II бөлім адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындалған кағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңнын басты желісі — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.


6 ҚР сайлау жүйесі
Сайлау дегенiмiз - ол, мемлекет аумағында немесе қоғамдық, саяси ұйымдарда белгiлi бiр маңызды мәселенi өткiзу үшiн және оның нәтижесiн анықтау үшiн, сонымен қатар нақты көздеген мақсатқа жету үшiн жасалатын iс-шараларды айтады.
Сайлау құқығының қағидасы мынадан тұрады:
1. Президенттi сайлау;
2. Парламент мәжiлiсiнiң және маслихат депутаттарын сайлаудан;
3. ҚР жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн тiкелей құпия түрде сайлау құқығының негiзi бойынша сайланады.
4. ҚР Парламент Сенат депутаттары жанама негiзiнде сайланады;
5. Азаматтардың өз ерiктерiмен сайлауға қатысуы;
6. Ешкiмнiң, ешқашанда сайлауға қатысуға не қатыспауға қысым немесе зорлық жасауға құқығы жоқ.
Сайлау жүйесi дегенiмiз - ол, белгiлi бiр сайлау мәселесiн iс жүзiнде жүзеге асыру үшiн қолданылатын әдiс-тәсiлдерiн айтады.
Тарихи деректер бойынша сайлау жүйесi мына түрлерден тұрады:
-Можаритарлық жүйеден;
-Пропорционалдық жүйеден.
Можаритарлық жүйе дегенiмiз-ол, сайлауға қатысудың нәтижесiнде сайлаушылардың көп дауысына қай кандидат ие болса, сол тұлға жеңiске жетті, яғни көзделген мақсатына жеткiзетiн сайлау әдiсiн айтады. Можаритарлық жүйеде сайлаушылардың даусына қай кандидат көп қолдау алса сол жеңiске жетедi. Кiм дауысты көп жинап алса сол, жеңiске жететiн сайлау жүйесiн айтады. Можаритарлық жүйе - ол, сайлаушылар дауысының жартысынан көбiне ие болса сол үмiткер жеңiске жетедi деген ұғымды бiлдiредi.
Пропорционалдық жүйе дегенiмiз-ол, белгiлi бiр саяси ұйымның немесе қоғамның тiзiмi бойынша жүргiзiлетiн сайлау жүйесiн айтады. Пропорционалдық жүйеде белгiлi бiр саяси партияның нақты тiзiмi бойынша берiлетiн сайлау жүйесiн айтады.
Пропорционалдық сайлауда бүкiл республика аумағында жалпы бiр сайлау округы қалыптасады. Сайлау рәсiмiнде әрбiр саяси партияға Парламенттен 5 немесе 10 депутаттық орын бөлiнедi. Сол әрбiр партия өзiнiң ұйымы үшiн халықтың дауыстарын алуға ынтық болады.
Сайлау органдары дегенiмiз - ол, мемлекеттiң ұсынысы бойынша сайлау мәселесiн ұйымдастыратын және iс жүзiнде жүзеге асыратын, сайлау нәтижесiн жариялайтын оны заңды түрде рәсiмдейтiн мемлекеттiк органды айтады.
Сайлау органдары мынадан тұрады:
1.Орталық сайлау комиссиясы;
2.Аумақтық сайлау комиссиясы;
3.Округтiк сайлау комиссиясы.
Орталық сайлау комиссиясы дегенiмiз - ол, Республика аумағына өткiзiлетiн сайлау жұмыстарын жүргiзетiн органдардың жұмысын басқарушы орталық ұйымдастырушы органды айтады.
Аумақтық сайлау комиссиясына облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және республиканың астанасы, аудандық, қалалық, қала құрамындағы аудандық.
Округтiк сайлау комиссиясы. Парламент Мәжiлiсi округтiк сайлау жұмысын ұйымдастырады; 7-мүшесi болады; Сайлау жүргiзу күнiне дейiн 10 күннен кешiктiрiлмей округтiк комиссия құрамы жарияланады.
Әдебиеттер: Негізгі: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 17, 20 Қосымша: 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 40, 41
Бақылау сұрақтары:
1 Конституциялық құқық дегеніміз қандай құқықтық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады?
2 Конституция деген терминнің мағынасы неде?
3 ҚР Конституциясының құрылымын ашып беріңіз?
4 Адам және азаматтың елдегі орны қандай?
5 Сайлаудың қандай жүйесi бар?
6 Сайлаудың маңызы неде?
7 Можаритарлық жүйе дегенiмiз не?
8 Пропорционалдық жүйе дегенiмiз не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет