3 - тақырып. Сақтандырудың ұйымдық-құқықтық негіздерінің қағидалары және нарықтық орта
Қарастырылатын негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:
1. Сақтандырудың ұйымдық-құқықтық негіздерінің қағидаларына негізделген нарықтық орта
2. Сақтандыру қатынастарын құрайтын сақтандыру компанияларының ұйымдық-құқықтық құжаттары
3. Сақтандыру компаниясының құрамы мен құрылымы
4. Сақтандыру ісін мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының «Сақтандырудың қызметі туралы» заңына сәйкес, сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу және лицензиялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, топтарға және түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының қызметі «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды.
өмірді сақтандыру;
аннуитетті сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы сақтандырудың ерікті формасында келесі топтарды қамтиды.
қайғылы оқиғалардан және аурулардан сақтау;
медициналық сақтандыру;
автомобиль көлігін сақтандыру;
темір жол көлігін сақтандыру;
әуе көлігін сақтандыру;
су көлігін сақтандыру;
жүктерді сақтандыру;
мүлікті сақтандыру;
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық–құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
теміржол көлігі иелерінің азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
әуе көлігі иелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
су көлігі иелерін сақтандыру;
тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
азаматтық – құқықтық жауапкершілікті келісім бойынша сақтандыру;
зиян келтіргені үшін азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру (осы бөлімдегі 10), 14) пунктерінде көрсетілген топтарды қоспағанда).
Сонымен, сақтандырудың ерікті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар өкілетті органның нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
Сақтандыру түрі – бұл сақтандыру келісімін бекіту арқылы бір немесе бірнеше сақтандыру топтарының шегінде сақтандыру ұйымы сақтанушыға жасалатын және жеткізілетін сақтандыру өнімі.
Сақтандыру ұйымы сақтанушыға тек қана өкілетті органның бекіткен формасында сақтандыру полисін беруімен және сақтандыру ережесімен келісілгеннен кейін ғана, сақтандыру келісімін бекіту бойынша, іс-әрекетін жүзеге асырыруға құқылы.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жекелеген топтары болып табылады. Сақтандырудың міндетті формасында әрбір топтың мазмұны және оны жүргізу шарттары бойынша қосымша талаптар, осы сақтандырудың сыныптарын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады, ол Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» заңына және басқа да нормативтік актілерге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады. Ұйымдық құқықтық формасы акционерлік қоғам болып табылады, өзінің атауы ретінде жарғыда не жазылса, соны пайдаланады. Міндетті тәртіппен келесі ұжымдық құрылымдарды құрады:
директорлар кеңесі – басқару органы;
басқару атқарушы орган;
тексеру (ревизиялық) комиссия – бақылаушы орган.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары ретінде Қазақстан Республикасының заңында және басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының резидент және резидент емес – заңды және жеке тұлғалары бола алады. Жарғылық капиталының 50% - нан көбі мемлекеттің үлесіне тиетін ұйымдар сақтандыру ұйымының қатысушысы және құрылтайшысы бола алмайды. Мемлекет сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады, егер оның жарғылық капиталына құрылтайшы немесе қатысушы шегінде қаражат салынса, осылайша, ұйымдық статусы бар, оффшорлы аймақта тіркелген заңды тұлға немесе осы аймаққа тіркелген, жарғылық капиталға тікелей қатысы бар заңды тұлғалар – құрылушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымның (Қазақстан Республикасының резиденті) қатысушысы бола алмайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысушылары мен құрылтайшылары иеленген акцияларын ақшалай ұлттық валюта негізінде төлеуге міндетті.
Сақтандыру ұйымының акцияларын басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлесі немесе акциясына төлем ретінде енгізілген активтер сомасын есептемегендегі, өзінің жеке капиталының шегінде ақшалай төлеуге құқылы. Бұдан басқа, заңды және жеке тұлғаларға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциясын төлеу үшін қарызға, кепілге алынған қаражаттар немесе басқа да тартылған қаражаттарды пайдалануға тиым салынады. Құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының минималды мөлшері оны мемлекеттік тіркеуден өткізу кезіне дейін оның қатысушыларымен толық төлеуі тиіс. Осылайша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерден жеке акция сатып ала алады, егерде келісім нәтижесінде сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігіне қатысты заңнамалық талаптар бұзылмайтын болса.
Достарыңызбен бөлісу: |