3 тақырып Тақырыбы: Ревматизм, артериялық гипертензия, миокард инфаркты этиологиясы және патогенезі. Клиникалық көріністің негізгі белгілері. Диагностикасы



бет2/6
Дата04.01.2022
өлшемі23,79 Kb.
#109126
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стом есеп 3

Ситуациалық есеп №2

55 жастағы әйел ауруханаға түсті. Шағымдары: басының шүйде аймағы аурады, басы айналады, қулақтары шулайды, жүрек тұсы шаншып ауырады, жүрегі айниды, бір рет құсқан.

Анамнезінде: 10 жыл бойы аурады, АҚ жоғары екені бірінші рет медициналық қарау кезінде анықталған. Содан бастап диспансерлік бақылауда тұрады, кей кездерде энат, атенолол, тромбокард ішіп жүреді. Үш рет стационарда емделген, бірақ шыққаннан кейін тағайындалған емді толық және тұрақты қолданбаған. Себебі: басы ауырмағанда дәрілерін ішпеген. Соңғы 2 жыл ішінде АҚ 170/100 мм.с.б. көтерілді, кейде 220/120 мм.с.б. жоғарылайды. Кеше жұмысындағы жағымсыз жағдайға байланысты, көңіл-күйі нашарлады: басы қатты ауырып айналды, жүрегі шаншыды, жүрегі айнып бір рет құсты. Гипотензивті дәріні ішкеніне қарамастан «Жедел жәрдем» машинасымен ауруханаға жеткізілді.

Қарау: жағдайы орташа ауырлықта, бет-қабақтары аздап ісінген, бозғылт. Сана сезімі айқын, патологиялық рефлекстері жоқ. Бетінің сол жағында тактильдык және ауырсыну сезімталдығы төмендеген. Перкуссияда жүректің шала тұйық шекарасы солға 2 см ығысқан, тыңдағанда 2-ші нуктеде ІІ тонның акценті естіледі. АҚ 230/120 мм.с.б. Пульсі 60 рет минутына, ырғақты. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері анықталады.



  1. Синдромдарды анықтаңыз

  2. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

  3. Қандай ауру деп ойлайсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет