3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар «Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда»



Дата09.01.2020
өлшемі20,71 Kb.
#55583
Байланысты:
10 сор 1

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау(сор 1)


Оқу мақсаты

10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық

анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау







10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды




қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе










жазу (аргументативті эссе)



















Бағалау критерийі

Білім алушы















Мәтіндегі деректі ақпараттарды анықтап, өз пікірін білдіреді











  • Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады


Ойлау дағдыларыны Қолдану

деңгейі

Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Әлемдік тәжірибе бойынша, соңғы жылдарда интернет-сауда қарқынды дамуда. Мысалы, Ресейде жұмысқа қабілетті тұрғындардың 30%-ы интернет-дүкендер арқылы тапсырыс береді. Онлайн сатып алушылардың саны соңғы жылдары 2,5 есеге өскен.


Электронды сауда түсінігі Қазақстанға 2005 жылдардан бастап ене бастады. Осы уақыттан бастап 10 жыл ішінде кәсіпкерлер ғаламторда өз парақшасын ашып, кәсібін виртуалды әлемде ұсынуды үйренді. Дегенмен қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, елімізде интернет-бизнестің 90 пайызға жуығы міндетті түрде жабылып қалады екен. Оған себеп — тұтынушылардың көпшілігі ғаламтор дүкендерінің саудасына сенбеуі. Сондықтан да Қазақстан ғаламтор қауымдастығының атқарушы директоры Әсет Нұрпейісов оффлайнды виртуалды дүкенге алмастырмас бұрын, алдымен сақтық шараларын қарау керек дейді. «Бұл – үлкен мәселе. Себебі, компьютердің арғы бетіндегі адамның алаяқ екендігін бірден ажырату қиын. Егер сенім болмаса, онлайн дүкеннің парақшасына назар аударып, қай күні пайда болғанын, қанша адам сауда жасағанын қарау керек. Тұтынушылардың қалдырған пікірлерін оқыған жөн», — деді ол.
Қаржылай кеңесші Расул Рысмамбетовтің сөзінше, болашаққа деген оптимизм бар. Алдағы он жылда барлығы онлайн-бизнеске өтіп, бәсекеге қабілетті болу үшін жұмыс істейді. «Қазіргі уақытта барлығы онлайн-саудаға ауысып жатыр. Бұл мегаполисте уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Тұтынушылар ғаламтор дүкендеріне біртіндеп өтуде. Онлайн сауда жасау өте жеңіл және шығындардың аз болуына көмектеседі», — деді ол.
Сұрақтар:

    1. Онлайн-сауда деген сөзге қандай анықтама беруге болады?

    2. Онлайн-сауда қалай дамып келеді? 2 мысал келтіріңіз.




    1. Сарапшының пікірінше, елімізде онлайн-сауда не себепті ұзақ уақыт жұмыс істей алмайды?




    1. Онлайн-саудамен айналыспас бұрын нені ескеру керек?

    2. Онлайн-сауда жасауда тұтынушы неден сақтанғаны жөн?

    3. Қаржылай кеңесшінің не себепті онлайн-сауданың келешегіне көңілі толады?




  1. Тапсырма

Интернет-дүкен – ХХІ ғасырдың базары. Қазіргі кездің өзінде супермаркеттер, үлкен сауда орталықтары желідегі саудаға қызығушылық таныта бастады. Әлеуметтік желінің қай түрін алсаңыз да, түрлі дүкеннің жарнамасы толып жүреді. Ал сол интернет-дүкеннің пайдасы бар ма? «Қазақстанда жасалған» деген марканы әлемдік деңгейге қалай шығаруға болады?» тақырыбында эссе жазыңыз.
Пайдалы лексика: біріншіден, (екіншіден), оған қоса, бір айта кетерлігі, нәтижесінде, қорытындылай келе, атап айтсақ, бір жағынан, басқа жағынан қарастырсақ, сонымен қатар, сондай-ақ, сондықтан, алайда, дегенмен, түйіндесек, қазірде.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі деректі ақпараттарды анықтап, өз пікірін білдіреді


1

Әр сұраққа нақты жауап береді

6

(әр

дұрыс

жауап үшін

1 балл)




 Көтерілгенмәселебойыншақажеттітілдік

құрылымдарды қолданып, эссе жазады (аргументативті

эссе)




2

тақырыпқа сай жазады;

аргументтер келтіреді;



қажетті лексиканы қолданады

3

Барлық балл







9


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет