3-тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/3
Дата31.12.2021
өлшемі294,05 Kb.
#107284
1   2   3
Байланысты:
7 кл БЖБ №3

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қысымның физикалық мағынасын түсіне отырып, өзгерту әдістерін анықтайды

  • Кері итеруші күш пен сұйыққа батырылған дененің көлемі арасындағы байланысты анықтай алады

  • Есептер шығару кезінде Архимед заңын қолданады

  • Механикалық жұмысты анықтау үшін күш пен орын ауыстыруды байланыстыратын формуланы қолданады

  • Есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады

  • Қуатты анықтау үшін жылдамдық пен күшті байланыстыратын формуланы қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану


Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты

30 минут


Тапсырма

  1. Сұрақтарға жауап беріңіз.


a). Қысымның өлшем бірлігі қандай?

А. Н


Б. Па

В. м3.



b) Егер газ көлемі кемісе, оның қысымы қалай өзгереді? Газдың массасы мен температурасы өзгермейді.

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.


c) Егер денені сұйыққа батырғанда сұйық тереңдеген сайын денеге әсер ететін қысым қалай өзгереді?

А. Артады

Б. Азаяды

В. Өзгермейді.


d) Берілген суреттерді салыстырып, қай жағдайда баланың жерге ең көп қысым түсіргенін анықтаңыз. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

[1]


2. Ардақ алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін оның салмағын ауада және суда өлшеді. Өлшеу нәтижелері:

рауа = 16,4 Н;

рсу = 14,6 Н;

а) Неліктен ауадағы алқаның салмағы судағы салмағына қарағанда көп? [1]


b) Алқаның күмістен жасалғанын тексеру үшін келесі шамаларды анықтау керек.

1) алқаның массасы __________________________________________________ [1]


2) алқаға әсер ететін кері итеруші күш __________________________________ [1]

3) алқаның көлемі ___________________________________________________ [1]


4) алқаның тығыздығы ______________________________________________ [1]

5) Кесте бойынша ρкүміс = 10500 кг/м3. Ардақ қандай нәтижеге келді? [1]





  1. Сорғы 5 секундта көлемі 4,5 м3 суды 5 м биіктікке көтереді. Судың тығыздығы 1000 кг/м3.

  1. Суды көтеруге жұмсалған күшті анықтаңыз.

F =_________________________________ [1]

  1. Суды көтеруге жұмсалған жұмысты анықтаңыз.

А =_________________________________ [1]

  1. Сорғы қуатын анықтаңыз.

N =_________________________________ [1]




4. Қуаты 600 Ватт локомотив бірқалыпты қозғалып, 400 м аралықты 30 с-та жүріп өтеді.



  1. Локомотивтің жылдамдығын есептеңіз. [1]

  2. Локомотивтің тарту күшін анықтаңыз. [1]





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет