30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері



Дата14.12.2021
өлшемі150,57 Kb.
#127171
түріКодекс
Байланысты:
енбек



Мына тапсырмада берілген жағдай Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінін 30 бабы бойынша қарастырылады. Зауыт директоры Воробьевты жұмысқа тек ата-аналарының рұқсатымен алуы тиіс.


30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері

      1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі.

      2. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен:

      1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;

      2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен;

      3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін.

      3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет