Сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық



Дата27.07.2017
өлшемі40,97 Kb.
#22022
түріСабақ

Қаралды:

БЕКІТЕМІН:

Ғылыми –әдістемелік кеңес

«Жезқазған Бизнес және көлік

Хаттама №____

колледжі» ЖМ директоры

«_____» _________________2014 жыл

_______________ С.С.Жумкина

Ш.А.Серикбаева________________

«_____» _________________2014 жыл



Оқытудың сапасын басқару мақсатында оқытушылардың

сабақ жоспарларын тексеруді жүргізуге арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
1.Анықтама. Күнделікті сабақ жоспарлары- оқытуға қойылатын талаптарды сақтай отырып, оның үшөлшемдік әдістемелерін жүзеге асыратын негізгі құжаттың бірі. Ғылыми-әдістемелік негізделген сауатты жоспар- сапалы сабақтың кепілі;

2. Оқытушының сабақ жоспарлары лауазымды жауапты тұлға- кафедра меңгерушісінің қолымен бір мезгілде бекітіледі.

3. Сабақ жоспарлар жиынтығы бір апта бұрын оқытушы тарапынан әзірленіп, бекітілуге ұсынылады. Мерзімі әр сейсенбі күні 1515 сағ-тан- 1600-ге дейін мәжіліс залында өтеді.

4. Сабақ жоспарларын тексеру барысында кафедра меңгерушілері келесі сабаққа қойылатын келесі талаптарды ескереді:

4.1. Жоспардың КТЖ (күнтізбелік- тақырыптық жоспарға) сәйкес келуі (сабақтар санының және өту күндерінің) -40 ұпай;

4.2. Сабақтың көрнекілік және техникалық жабдықталуы, үш мақсатты анық дұрыс қоюы – 50 ұпай;

4.3. Технологияны пайдалануы (бір технологияны жүйелі сынақ ретінде, қалған технологияларды қосымша әдіс ретінде пайдалануы)-50 ұпай;

4.4. Жоспарларды уақытылы тексеріске ұсынуы-10 ұпай;



Ескерту: 4.2., 4.3. тармақтары көрініс таппаса немесе сабақта технология кейбір уақытта ғана қолданыс тапса -50 ұпай алынғаны туралы көрсетіледі. Кафедра меңгерушісі әр оқытушының тұсына бір апталық жоспардың ұпайлық бағасын қояды. Ескертпелері жазылады. Оқытушы тексеріске сабақ жоспарын себепсіз ұсынбаған жағдайда оған «тексеріске келген жоқ» деген жазба түсіріліп, 150 ұпай алынғаны туралы енгізіледі. 4 апта қорытындысы бойынша оқытушы максимально (ең жоғары мүмкіндік) 600 ұпайға дейін иемденуі тиіс.

Хаттаманың сұлбасы:

Сабақ жоспарларының сапасын бақылау және бағалау

қорытындыларының хаттамасы



Оқытушының аты-жөні

КТЖ-ға сәйкестігі (40 ұпай)

Сабақтың жабдықталуы

Технология қолдануы

Уақытылы тексерілуі

Жалпы ұпай саны

Қорытындылар мен ұсыныстар

оқытушының қолы (таныстым)




























(күні, айы, кафедра меңгерушісінің қолы)
5. Оқытушылар апта сайын тексерістен өткен сабақ жоспарларын жинап, айына 1 рет директордың оқу-тәжірибе жөніндегі орынбасары (әрі қарай ДОТЖО) А.З.Сулейменоваға оқытушылар әр айдың 25 күні қайта тексертеді (жалпы аудит жүргізеді). Тексеріс барысында (хаттамаға енгізіледі): қойылған ұпайлардың әділдігі, сабақ жоспарларының талаптарға сәйкестігі, олардың уақытылы тексерістен өтілуі.

ДОТЖО хаттама толтыру қорытындысы бойынша мына жазбалардан енгізеді: Сабақ талаптарға «сәйкес», «сәйкес емес» (онда кемшіліктері көрсетіледі); СЖ уақытылы тексеруге ұсынылған, сабаққа қойылған ұпайлық бағалау «әділ» немесе «әділ емес», «жоғары бағаланған» немесе «төмен бағаланған» т.б. хаттама соңына (күні, айы, жылы, тексерушінің қолы) қойылады, хаттама келесі күні кафедра меңгерушісіне өткізіледі.

6. ДОТЖО -ның берген қорытындысы негізінде кафедра меңгерушісі оқытушының айлық рейтингісінің «Сабақ жоспары» бағанына тиісті қорытынды ұпайын енгізеді.

7. Сабақ жоспарларының сапасын, уақытылы жазылуын және оның сабақ барысында толыққанды іске асырылуы жоспарлы және жоспарсыз колледждің ішкі бақылауларында оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары Сапа менеджмент маманы арқылы орындалады.

8. Сабақ жоспарларын тексерудің аталмыш ережелері ай сайын осы тәртіппен қайталанады.

9.Әдістемелік нұсқаулық (СМК-ПО-40) «Колледж қызметін рейтинг жүйесімен бағалау» Ережесі негізінде әзірленді.



P.S. Орындаған әдістемелік кабинет. Туындаған сұрақтар бойынша ғылыми-инновациялық жұмыстар жөніндегі әдіскерден кеңес алуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет