30. Жоспарлау. Болжау. Мінезді. Айырмашылықтар


Өндіріс түрі және оның анықтайтын белгілер



бет5/5
Дата22.05.2023
өлшемі89,83 Kb.
#177347
1   2   3   4   5
Байланысты:
произв. менеджмент. сессия (копия)

39. Өндіріс түрі және оның анықтайтын белгілер.
Өндіріс - өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек: сол өнімді дайындайтын табиғи зат өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатын еңбек құралы адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі аталған үш элементті өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Өндірістік қуаттылық — уакыт бірлігіндегі белгілі бір жағдайда ең ұлкен көлемде шығарылатын бұйымдардың мүмкінділікгі есептеу көлемі.
Өндірістік процесс

Өндірістік процесс (іс- амал) — осы өндірісте енімдерді шығару мен өңдеуге кажетті адамдар мен жұмыс құралдарының барлық іс-әрекетінің жиынтығы.


Өндіріс қорлары

Өндіріс қорлары — өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланатын өндіріс құрал-жабдықтары. Өндіріс қоры негізгі қор мен айналым қорынан тұрады.


40. Өндірісті ұйымдастыру нысаны.
Өндiрiстi ұйымдастыру, оны белгiлi бiр әдiстермен, нысандар арқылы жүргiзудi сипаттайды.
Өндiрiстi ұйымдастыруының негiзгi әдiстерiне:
• көпшiлiк /потокты/;
• сериялық /группалық/;
• жеке дара жүргiзу әдiстерi жатады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың потокты әдiсі бiрыңғай, бiркелкi өнiмдi көп көлемде үздiксiз шығарумен мiнезделедi.
Өндiрiстi ұйымдастырудың группалық әдiсi өндiрiстiң өнiмнiң бiр түрiнен екiншi түрiне жеңiл ауысуын қамтамасыз ететiн өнiмдi сериялармен /кiшкене-кiшкене бөлiктермен/ шығарумен мiнезделедi. Потокты әдiспен ұйымдастырылған кәсiпорындардың жеке учаскiлерiнде қолдануға болады.
Өндiрiстi ұйымдастырудың жеке дара әдiсi өнiмнiң майда сериялармен және бөлек бiрлiктермен /жеке дара жоба бойынша/ шығарылуын мiнездейдi. Жеке дара өндiрiс жаңа, неғұрлым жетiлген өнiмдi шығаратын, тәжiрибелi өндiрiспен байланысты.
Өндiрiстi ұйымдастыру әдiстерiмен қатар оның нысандары да болады. Бұл:
• мамандандыру /специализация/;
• бiрлестiру /кооперация/;
• қиыстыру/комбинирлеу/;
• шоғырландыру /концентрация/.

Әрбiр өндiрiс процесс еңбек операцияларынан құралған майда алажаулы процестерден тұрады. Мысалы, скважина құрылысы ӨП келесiдей процестерге бөлiнген: мұнара /вышка/ құрылысы; бұрғылау; сынау. Геологиялық барлау ӨП екi этаптан құралған: iздеу және барлау (олар тағыда алажаулы операцияларға бөлiнедi).


Алажаулы процестердi бiрiктiрудiң үш тәсiлi бар:
• кезектi;
• параллельдi;
• параллельдi – кезектi.
Кезектi бiрiктiру тәсiлiнде әрбiр келесi операция алдыңғы операция аяқталған соң өткiзiледi. Бұл жағдайда өндiрiс мақсатын жету уақыты неғурлым ұзақ болады.
Операциялардың параллельдi бiрiгуi – олардың уақыт бойынша толық бiрiгуiн бiлдiредi. Мұндай бiрiктiру операциялар ұзақтылығы бiрдей болып және әрқайсысы бөлек жұмыс орнында атқарылған жағдайда мүмкiн. Сондықтан, майда процестердi параллелдi бiрiктiру шектелген.
Параллельдi-кезектi тәсiл – операцияларды бiрiктiрудiң мұнайгаз өнеркәсiбiнде неғұрлым кеңiнен тараған тәсiлi. Мұнда операциялардың жарым-жартысы кезектi, жарым-жартысы параллелдi атқарылады.
Кез-келген өндiрiс процесс оның орынды, тиiмдi (рационалды) ұйымдастырылуын қажет етедi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет