30. Ядролық бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі, Энергияның шығыны



бет1/4
Дата23.12.2021
өлшемі61,05 Kb.
#127946
  1   2   3   4
Байланысты:
31-34
елес және қиял, физиология ктп 2 семестр, СОӨЖ 23

30.Ядролық бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі, Энергияның шығыны. Төмен энергиялы электрондар (2 - МэВ) заттардан өткен кезде, ауыр зарядталған бөлшектер секілді, зат атомдарының электрондарын ионизациялайды немесе қозған күйге келтіреді. Бірақ ауыр зарядталған бөлшектерден ерекшелігі электрондар бір рет атомен соқтығысуы нәтижесінде энергиясының көп мөлшерін жоғалтып, үлкен бұрышқа ауытқиды. Сондықтан электрондардың заттардағы жүру жолының ұзындығы мен оның бағыты әртүрлі болады. Егер электрон энергиясы үлен болатын болса, оның атом ядросының өрісінде тежелуі нәтижесінде қосымша радиациялық сәулеленуі үшін энергия шығыны туындайды. Сонымен электрондардың заттармен әсерлесуі кезінде оның энергиясының шығыны ионизациялауға және радиациялық сәулеленуге жұмсалады.

а) Энергияның ионизациялық шығыны.

Электрондардың бірлік ұзындық жол жүргендегі энергия шығыны Бете анықтаған өрнек бойынша есептеледі Мұндағы Е - электронның кинетикалық энергиясы: 

Баяу электрондар үшін:



 

Ауыр зарядталған бөлшектермен салыстырғанда электрондар үшін



энергия шығынының флуктуациясы үлкен болады.

 

 б) Энергияның радиациялық шығыны.



Зарядталған бөлшектер үдемелі қозғалыс кезінде электромагниттік сәуле шығарады. Сондықтан электрон заттың атомдындағы өріс әсерінен тежелгенде радиациялық энергия шығыны туындайды. Оны тежелу сәулеленуі деп атайды. Тежелу сәулеленуінің квантының спектрі тұтас болып оның жоғарғы шекарасы электрон энергиасымен шектеледі.

Егер энергиясы Е - ге тең болған электрондық тежелу кезінде шығарған сәулесінің жиілігі ν - ге тең болған жағдайда, электронның заттың атомымен әсерлесу қимасы σ (Е,ν) см²*сек / атом болса, оның меншікті радиациялық шығыны:



 (5)

Мұндағы – ортаның бірлік көлеиіндегі атомдар саны; ν мах = Е / h;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет