31.Зарядталған бөлшектердің тежелуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі. Нейтрон зарядталмаған бөлшек екенін білдік. Сондықтан нейтрон заттардан өткенде оның атомдарын иондамайды. Ал енді нейтрондарды тіркеу үшін, олардың атомдардың ядроларымен өзара әрекетке түскен кездегі пайда болатын, екінші реттегі зарядталған бөлшектерді пайдаланады. Мысалы, баяу нейтрондарды тіркеу үшін ядролық реакциялар кезінде пайда болтын зарядталған бөлшектерді қолданамыз. Мына реакцияны қарастырайық:
5В10+0n1→2He 4+3Li7.
Осы реакция зарядталған, энергиясы 2,78 МэВ тең, - бөлшек пайда болады, оның иондау камерасында берілген ортаның атомдарын иондау әсері арқылы нейтронды тіркей аламыз. Егер бізге жылдам нейтрондарды тіркеу қажет болса, онда осы нейтроедардың заттармен өзара әрекеті кезінде, ядродан серпімді шашырауын қарастырамыз . Мысалы, mn= 1 (a. e. м. ) массалы нейтрон, энергиясы Е0 Мя массалы ядродан алғашқы бағытынан F бұрышына шашырады делік (8.1-сурет) . Ал ядро Мя бір бұрышына бұрылсын. Осы кездегі ядроның алатын энергиясы
Е=E0 . (8.1)
Егер бетпе-бет дәл соғысу болса
cos =1 ( =0) , ядро ең үлкен 8,1-сурет
энергия алады:
Е max = E0, (8.2)
(8.1) және (8.2) формулулар бойынша нейтронмен соқтығысқан ядро масасы неғұрлым аз болса, ядроның алған энергиясы соғұрлым көп болады. ондықтан практмка жылдам нейтрондарды тіркеу үшін сутегі бар заттарды қолданады. Гаммма –сәулелер , нейтрондар секілді өздері тікелей ортаның атомдарын иондай алмайды. Оларды тек қана берілген екінші реттегі зарядталған бөлшектерді тудыру арқылы тіркеуге болады. Заттан өткенде γ сәулелер шоғында N0 –кванттық саны болса, берілген х қалыңдығы бар заттан өткенде әлсіреп N-γ квант саны қалады; N=N0e- . Мұндағы -сызықтық әлсіреу коэффициенті (өлшемі-м-1) . Ал өз тарапынан заттың 1 атомына келетін жұтылуға немесе σ- толық шашырау қимасына тәуелді : , мұндағы п берілген зат атомдарының концентрациясы , яғни, заттың 1м3 көлеміндегі атом саны .
Достарыңызбен бөлісу: |