31-оқу іс-әрекеті
Экология негіздері.
Тақырыбы: Қазақстан қорықтары.
Мақсаты: 1. Қазақстан қорықтары және оның маңызы, орналасқан жері туралы балаларға түсінік беру.
Қорықтарда атқарылатын жұмыс түрлері, қамқорлыққа алынған жануарлар мен құстар жөнінде әңгімелеу.
Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қорық, қаскер
Іс-әрекет бөлімдері
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Ынталандыру. Сезімді ояту
|
Қуаныш шеңберін ұйымдастыру. Әдемі гүлді балалар бір-біріне күлімдеп беріп, жақсы тілектерін айтып, жылы сезімдерін білдіру.
|
Балалар қуанып,
күлімдеп
амандасады.
|
Ізденістер. Ұйымдастыру
|
Қорықтың не үшін қажет екенін түсіндіру.
Сирек кездесетін хайуанаттар мен өсімдік түрлерін сақтап қалу үшін арнайы ұйымдастырылған орын - қорық деп аталады.
|
|
Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау
Жануарлар мен кұстардың суреттерін пайдалана отырып, олардың қорықтағы
тіршілігі жөнінде әңгімелеу.Азайып бара жатқан аңдарды, құстарды қорғау, сақтау үшін ол жерде, ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Қорықтар әрбір табиғи аймақтардың өзіне тән ерекшеліктерін жан-жақты
көрсете алатын барлық табиғат байлықтарын қорғауға алған алқаптарды қамтиды. Қазақстанда осындай қорықтардың көптеген түрі бар олар: Ақсу-Жабағылы, Наурызым, Алматы, Барсакелмес, Қорғалжын, Марқакөл, Үстірт және т.б. қорықтар.
«Қаскер» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу.
Қаскер - жануарларды рұқсатсыз қырып-жоятын адам.
Достарыңызбен бөлісу: |