Симеон Дени Пуассон
әйгілі француз математигі, механик және физик 1781 жылы 21 маусымда Питивье қаласындағы нотариус отбасында дүниеге келген. Жас Симеон отбасылық кеңесте нотариус қызметін атқара алмайды деп, ол аса қарапайым кәсіп – дәрігерлік іске барсын деген шешім қабылданады.
Сол кезде барлық ауруларға қолданылған бір-ақ әдіс –
қан шығару болған, сол әдісті жас жігіт қырыққабат жапырақтарына сағаттап тәжірибе жасап үйренеді. Бұл тәжірибе жас жігіттің медицинаға деген қызығушылығын төмендетіп, оның үстіне ең алғашқы тәжірибесі кезінде науқастың қазаға ұшырауы оны медицинадан одан да бетер алыстата түсті. Пуассон 17 жасында сол кездегі математиканың тамаша өкілдері Лаплас және Лагранждар сабақ берген Париждегі Политехникалық мектепке оқуға түседі. 1806 жылы Политехникалық мектептен кеткен Фурьенің орнын Пуассон басады. 1809 жылы ол Париж университетінің профессоры болады.
Пуассонды математиканы механика мен физикаға
қолдану өте қызықтырып, оның таза математикада жаңалық ашуына алып келеді. Ол 1811 жылы кеңінен қолданыста болған теңдеу (Пуассон теңдеуі) қорытып шығарды – байланыстырушы теңдеу электр потенциал тығыздығын кеңістік бөлу зарядымен. «Механика трактаты» еңбегінде осы күнге дейін өз маңызын жоймаған аналитикалық механиканың теңдеуін Лагранж сияқты жылдамдық арқылы емес, импульстың құрамы арқылы жазған. Құмар ойындар
теориясымен айналыса отырып, ол ықтималдықтарды кездейсоқ бөлу шамаларын енгізді (Пуассон жіктелуі) және жеке жағдайы болып табылатын үлкен сандардың заңы Пуассон теоремасын дәлелдеді. Бұл нәтижелер қазіргі заманғы ықтималдықтар теориясы негізінде жатыр. Пуассоның қаншалықты жемісті және көпқырлы болған еңбегін – «Пуассон жақшалары» (дифференциалдық теңдеулер теориясы), «Пуассон коэффициенті» (серпімдік теориясы), «Пуассон интегралы» (интегралды есептеу) және т.б., математика, механика және физика оқулықтарында қолданылатын осындай терминдер арқылы айтуға болады. Пуассонның аспан механикасы саласындағы кеңінен танымал жұмыстары да бар: Күн жүйесі планеталарының қозғалыс
тұрақтылығын зерттеген, Жердің ауырлық орталық айналысы қозғалысына есептеулер жүргізген және т.б.
Пуассон Париж қаласында 1840 жылы 25 сәуірде қайтыс болған.