«№ 33 жалпы орта білім беру мектебі»мм
Қыстаубаева Гүлсім Рашитқызы
Өтілі : 29жыл
Санаты:жоғары
Пәні : қазақ тілі
Тақырыбы :
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
Сынып :7
Есімдердің түрленуінен өткенді қайталау
( VІІ сынып )
Білімділік мақсаты : есімдердің түрленуінен алған теориялық білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық мақсаты : Өтілген материалды тиянақты меңгертуге ,жүйелі ойлау,ойын нақты жеткізуге, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал ету ;
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту,ізгілік,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу,өнерге,өнер адамына деген құрмет сезімдерін шыңдау;
Түрі : Қайталау сабағы.
Сабақтың негізгі әдіс‑тәсілдері:
Оқыту әдісі‑іздену;
Сабақ өту әдісі‑ қозғау салу,талдау;
Оқу әдісі‑ізденіс, талдау,дәлелдеу;
Пәнаралық байланыс : әдебиет,кино өнері, саз өнері,өмірмен байланыстылығы;
Сабақтың жабдықталуы : интербелсенді тақта, есімдердің түрленуіне схема‑таблица, сатылай кешенді талдау үлгілері папкасы № 1,2 , «Шәкен туралы естеліктер»
(авторы Кәукен Кенжетайұлы)
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу,түгелдеу.
2.Сабаққа қажетті құрал жабдықтарына назар аудару.
Мұғалімнің кіріспе сөзі : Бүгінгі сабағымыз морфология тарауы,соның ішінде есім сөздердің түрленуінен өткенді қайталау мен бекітуге арналып «Білім керуені» деп аталады.
Ал керуен дегеніміз не?
Керуен дегеніміз‑алыс жерге жүк тасу немесе сапар жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.
(Энциклопедия ІҮ том,524‑525бет)
«Қазақ киносының атасы» атанған , халқымыз мақтан тұтар Шәкен Кенжетайұлы Айманов атамыздың өнердегі,өмірдегі қайталанбас сара жолымен танысу.
(Грамматикалық тапсырмалар осы тақырып аумағында алынады)
Сабағымыз V турдан тұрады,бағалау шарттары:
«Қайталау‑ оқу анасы», 0‑ 2 ұпай
«Өзіндік ізденіс‑білім негізі», 0‑10 ұпай
«Талдау‑табыс кілті», 0‑5 ұпай
«Білімділер ордасы», 0‑5 ұпай
«Жыр‑шашу», 0‑5 ұпай.
Ескерту : тақтаға оқушылардың аттары мен сабақ турлары жазылған сызба сабақ басталмай ілінеді де, астына ұпайлар жазылған арнайы жапсырма қағаздар қойылады. Скиперлер ұпай санын ілуге көмектесіп отырады. Әр турдан кейін интербелсенді тақтадағы мадақтау сөздер көрсетіледі.
І тур; 0‑2 ұпай.
«Қайталау‑оқу анасы»
( Қоржынға салған асықтардың саны сыныптағы оқушылар санына негізделеді,әр оқушы сол сұраққа жауап береді.Интербелсенді тақтадан жазылған сұрақтар көрсетіледі )
Сан есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз.
Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
Зат есімнің жіктелуі. «Оқушы» сөзін жекеше түрде жіктеңіз.
Сөйлемде есімдік қандай қызмет атқарып тұр ?
Мен бала кезімдегі «Серектасымды» сағындым.
Сын есімнің түрленуі.Мысал кетіріңіз.
Септік жалғау.
Зат есімнің түрленуі.Мысал келтіріңіз
Өзен,сай,кереге,құйын,кітап сөздері жіктеле ме?
Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.
Жалпылау есімдігінің түрленуі.
Салыстырмалы шырай дегеніміз не ?
Көптік жалғау.
Шәкен айтты.Шәкен айтыпты дегенде қосымшадағы айырмашылық не?
Болымсыздық есімдігінің түрленуі.
Реттік сан есім жұрнақтары.
Зат есімнің мағыналық түрлері.
Шәкен Баянауыл топырағында дүниеге келген( кейінді ықпалды табыңыз)
Қосымша түрлерін атаңыз.
Жалқы есімге мысал ойластырыңыз.
Жинақтау сан есімге мысал айтыңыз.
Мадақтама сөздер: Жақсы! Тамаша ! Бәрі ойдағыдай !
Ескерту : Әлі қол шапалақтауға ертерек ...!
ІІ тур ; 0‑10 ұпай
«Өзіндік ізденіс‑білім негізі»
(Ескерту: интербелсенді тақтада 2 оқушы берілген сөйлемдерді кезектесіп талдайды,оқушылар деңгейлік тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды)
Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыздар.
1.Ақбет таудың бауырында,Саржазықтың тап ортасында Айманбұлақтың бойында, Қызылшіліктің тау жақ бойында,
сары адырдың етегінде қарағайдан салынған екі бөлмелі аласа ғана қараша үйде 1914 жылы 15 ақпанда Шәкен (Шахкәрім) Айманов дүниеге келді.
2. Әкесі Кенжетай мойнына мылтық асынып,ит жүгіртіп,құс ұшырып,аң аулаған,қашанда домбырасы қолынан түспей ән мен күйге жаны құмар болған.
І деңгей:
1.Шәкен Айманов он төрт фильм түсірген.
2.Шәкен Тоқбайдың «Екі жиренін»,Қалидың «Жиырма бесін» өте жақсы көреді.
ІІ деңгей
1.Шәкен Жамбылмен 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне бара жатқанда танысады.
2.38 жасында актер тоқсанға келген Жамбыл ақынның бейнесін сомдады.
ІІІ деңгей.
1. Шәкенді ауыл‑аймақ жақсы көріп,ән салдырып,тақпақ оқытады,ертегі айтқызады.
2.Шәкен Айманов түсірген фильмдер: «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Ән шақырады», «Тақиялы періште» т.б.
Мадақтама сөздер : Міне,осы жақсы болды ! Жүйелі жұмыс !
Осы бағытта жалғастыр !
Ескерту : Әлі де қол шапалақтау ертерек... !
ІІІ тур
«Талдау‑табыс кілті»
0‑5 ұпай
1.Берілген мәтінді оқып,мазмұнын ұғыңыздар.
2. Асты сызылған сөйлемге сатылай кешенді талдау жасатыңыз.
1970 жылы желтоқсан айының соңғы күндерінің бірінде өнер сүйер қауымға «Шәкен аға қайтыс болыпты» деген суық хабар жетті.Мәскеудің үлкен көшелерінің бірі Максим Горький даңғылында аяулы ағамыз көлік апатына ұшырапты.Ардақты ағамыз
Ташкент көшесінің бойындағы мазарға жеткізілді. Сәтбаев пен Әуезов жатқан жердің жанына ,жер анаға тапсырылды.
«Жігітке жеті өнер де аз»,‑деп атам қазақ бекер айтпаған.Шәкен осындай жігіттердің бірі еді‑ау,жарықтық! Шәкен аға өзіне тән қоңыр даусымен қазақтың халық әндері «Жиырма бес» пен «Қарғамауды» сүйіп орындайтын,‑деп еске алады халық әртісі Бибігүл Төлегенова.
І Деңгей. Фонологиялық талдау: «Шәкеннің»
ІІ Деңгей. С.к.м.т. «Жігітке»
ІІІ Деңгей. С.к.м.т. «Қоңыр»
Мадақтама сөздер : Өте сәтті орындадың! Бәрі тамаша ! Білімдісің! Шеберлік !
Ескерту : Әлі де қол шапалақтау ертерек... !
ІҮ тур. «Білімділер ордасы» 0‑5 ұпай;
0‑2 = 0 ұпай; 3‑6= 3 ұпай; 7‑8= 4 ұпай; 9‑10 = 5 ұпай;
І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгей
1.Зат есімнің сұрақтарын табыңыз
А.Қайсысы ?
Қайсібір?
В) Кім ? Не?
С) Қандай ? Қай?
Д) Қашан? Қашаннан бері?
Е) Қалай?
Қайтіп ?
|
1.Дара сан есімді белгілеңіз
А) Жетеу,он
В)Көк түсті,қызыл ала
С)Он жеті,қырық бір
Д)Оқы,біл
Е)Мың тоғыз жүз
|
1.Табыс септігіндегі сөзді көрсетіңіз
А) Оқытты.
В) Келді
С)Кетті
Д) Отынды
Е)Балалы
|
2.Сан есімді тіркесті табыңыз
А) үлкен өзен
В)Алма бағы
С) Әженің әңгімесі
Д) Бес кітап
Е) Алыстан келді
|
2.Жіктік жалғаулы зат есімді белгілеңіз
А)Болыпты
В)Сағаттың
С)Кітаптан
Д)Қаламды
Е)Етікшімін
|
2.Күрделі сан есімді табыңыз
А) Зыр жүгіру
В) Күзге қарай
С)Куә бол
Д)Он сегіз
Е)Көпір арқылы
|
3. Көптік жалғауын табыңыз
А) –мақ,‑мек
В) –са,‑се.
С) –лар,‑лер
Д)‑ға,‑ге
Е)‑ның,‑нің
|
3.Сын есімді сөз тіркесін белгілеңіз
А)Адамды қуанту
В)Адамның өмірі
С)Алты адам
Д)Адал адам
Е)Адам үшін
|
3.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз
А)Малды ауыл
В)Баспахана үйі
С) Сыпайы бала
Д) Биіктеу үй
Е)Кішкене төбешік
|
4.Сын есімді табыңыз
А)Қала
В)Ақылды
С)Қуыршақ
Д)Шеге
Е)Қол
|
4. «Бұдан» есімдігі қай септікте тұрғанын көрсетіңіз
А) Көмектес В)Барыс
С)Ілік Д)Атау септік
Е)Шығыс септік
|
4.Тәуелденген табыс жалғаулы сөзді табыңыз
А) Ініме В)Інілерің
С)Ініңнің Д)Інісін
Е)Ініңізбен
|
5.‑нан,‑нен жалғауы тән қатарды белгілеңіз
А) Ілік
В) Барыс
С)Көмектес
Д)Шығыс
Е)Табыс
|
5. Түбір сөздер қатарын табыңыз
А) Күйші,биші
В) Қалқатай,шырағым
С) Іні,аға,көке
Д)Әнші ,суретші
Е)Анашым,әкетай
|
5.Ш.Айманов еңбек еткен саланы көрсетіңіз
А)Саз өнері
В) Кәсіпкер
С)Жазушы
Д)Мүсін өнері
Е)Кино өнері
|
6.Жалпы есімді табыңыз
А)Тау
В)Ертіс
С)Балқаш
Д)Жайық
Е)Сырдария
|
6. Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз
А)Шәкенге
В)Шәкенім
С)Шәкенмен
Д)Шәкенді
Е)Шәкеннен
|
6.Жаңа сөз жасаушы қосымшаны табыңыз
А)ЖұрнақВ)Тәуелдік жалғау
С)Көптік жалғау
Д)Діктік жалғау
Е)Септік жалғау
|
7.Жинақтық сан есімді табыңыз
А)Үшеу В)Үшінші
С)Үш‑үштен Д)Үштен бір
Е)Үштік
|
7. Септік жалғаулы жалғанған сөзді табыңыз
А) Ауылдық В)Шәкенге
С)Сымбатты Д)Өнерлі
Е) Келді
|
7.Тиісті сан есімді қойыңыз
Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені
А)Екі В)Үш
С)Төрт Д)Бес
Е) Бір
|
8.Түбір сөзді табыңыз
А)Асхана
В)Түн
С)Қалада
Д)Көрсеткіш
Е)Түндік
|
8. Ілік септігі мен тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз.
А) Шәкенге жолықты
В) Фильм түсірді
С) Ауылын сағынды
Д) Шәкеннің қолтаңбасы
Е)Анасына арнады.
|
8.Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз
А)Ш.Айманов 1914 жылы дүниеге келді
В)Оның актерлік шебер‑
лігі елді таңқалдырды
С)Шәкеннің әкесі Кенже‑
тай өнерлі адам болды.
Д)Ол Мәскеуде қайтыс
болды.
Е) «Тақиялы періште» фильмін көрдім
|
9.Ілік септігіндегі зат есімді табыңыз
А) Түлкі
В)Сыныптан
С)Қыздар
Д)Терезенің
Е)Ағашқа
|
9. Салыстырмалы шырайды белгілеңіз.
А) Қалпақты
В) Өте жақсы
С) Үп‑үлкен
Д)Көгірек
Е)Қызыл
|
9. Сын есімі бар қатарды көрсетіңіз
А)Балалы үй‑базар
В)Ұрлық түбі‑қорлық
С)Еңбек ер атандырады
Д)Оқу‑білім бұлағы
Е) Бала тілі‑бал
|
10.Барыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз
А)Туған
В)Барған
С)Көрген
Д)Алған
Е) Маған
|
10. «Өзге елде сұлтан болғанша ,өз елінде ұлтан бол»мақалының тақырыбын анықтаңыз
А) адамгершілік
В)Батырлық
С)Еңбек,кәсіп
Д)Отан,туған жер
Е) Аңшылық,жан‑жануар
|
10.Есімді тіркесті табыңыз
А) Жыл құсымен енеді
В)Тау басына шығу
С)Тілін тигізу
Д)Жақсы бала
Е) Кітап оқыды
|
Жауап кілті
1)В ; 2)Д; 3)С; 4)В; 5)Д
6) А;7)А; 8В; 9) Д;10)Е
|
1)А; 2) Е; 3) Д; 4) Е; 5) С.
6)В; 7) В; 8) Д; 9) Д;10)Д.
|
1)Д; 2)Д; 3) А; 4)Д; 5) Е.
6)А; 7)А; 8) Д; 9) А;10) Д.
|
Мадақтама сөздер : Білімің шыңға өрлесің! Тамаша!
Ескерту : Қол шапалақтауға жақын қалдық !
Сабақты бекіту:
Ү. «Жыр‑шашу»
0‑5 ұпай
1. Шығармашылық қабілеті бар оқушылар Шәкен Айманов аталарыңа арнаған өлең‑жырларын оқиды.
2. Ш.Аймановтың немере қарындасы,мектебіміздің мұғалімінен деректер ала отырып жазған мақалаларымен сыныпты таныстырады (Өз қалаулары бойынша)
Мадақтама сөздер : Керемет! Ғажап ! Ақынжандысың!
Ескерту : Қол шапалақтауға сәл‑ақ қалдық !
ҮІ.Үйге тапсырма :
І деңгей:
1.«Шәкен туралы естеліктер» кітабының (авторы Кәукен Кенжетайұлы )3‑8 беттеріндегі қайталанбас дара тұлғаның балалық шағы туралы тарауын оқу;
2.Тараудағы үстеу мен шылауларды теріп жазу.
3.«Серекетас» сөзіне сатылай кешенді морфологиялық талдау жасаңыздар.;
ІІ деңгей.
1. Естеліктер кітабынан 6‑7 сөйлем теріп жазып, морфологиялық талдау жасаңыздар.
(Сөйлемдеріңіз актердің кәсіби шеберлігін танытатындай болсын)
ІІІ деңгей
«Шәкен Айманов‑кино атасының жұлдызы» тақырыбына ойтолғау жазу.
ҮІ.Бағалау. 0‑6 ұпай = «2»
7‑13 ұпай= «3»
14‑22 ұпай= «4»
23‑27 ұпай = «5»
(Ескерту : Сабақтың өн бойында әр тур бойынша жапсырылған қағаздармен ұпайлары өте тез шығарылады )
Мадақтама сөздер : Құттықтаймын !
Ескерту : Қол шапалақ.... !
Достарыңызбен бөлісу: |