«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» тренингі, топтастыру стратегиясы, миға шабуыл, кластер, «ойлан, жұптас, бөліс», сәйкестендіру, суретпен жұмыс, ашық және жабық сұрақтар.
11
Сабақ кезеңдері:
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
12
Ұйымдас
тыру кезеңі
Амандасу, түгелдеу.
1. «Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» тренингін өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген жағымды көңіл күйін қалыптастыру.
Мақсаты: жағымды ынтымақтастық ахуал тудыру.
Шарты: топ мүшелері орындарынан тұрады. Әр топқа 10-15 секунд уақыт аралығында өздеріне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін топтар, бір-біріне жылы жүзбен қарап, жаңағы өздеріне тілегенді өзге топтарға айтады.
Топтастыру: оқушыларды алдыңғы сабақтарда топтасқан мүшелерімен отырғызу, тек топтардың атауларын өзгерту.
Топтар бір-біріне жақсы тілектер айта отырып, сабаққа деген ынтасы артады
және көңіл күйлері көтеріледі
«Митоз», «Амитоз», «Мейоз» болып оқушылар 3 топқа топтасып отырады.
13
Үй тапсырмасын сұрау
Топтастыру стратегиясы
Өткен тақырып бойынша «Сұрақ қоюшылар» тобының дайындап әкелген сұрақтарымен үйге берілген тақырыпты сұрау.
Басқа топтар сұрақтарға жауап бере отырып, өткен тақырыпты еске түсіреді және одан әрі орындауға тиісті әрекетке қажеттілігі қалыптасады.
14
Жаңа сабақ
Білу. Түсіну.
Миға шабуыл сұрақтары:
Барлық тірі ағзаларға тән қасиеттерді атаңыздар. Жасушаның өсуін, дамуын және жаңаруын жүзеге асыратын тіршілік қасиеті қалай аталады? Оның қандай түрлері бар? (осы жерде оқушылардың назарын топтарының атауларына аудару) Топтарыңның атауларына қарасаңдар «митоз, мейоз және амитоз» деп аталған. Қайсысы қандай көбею түріне немесе бөліну жолына жатады?
Сабақтың тақырыбы айтылады (бүгін осы бөліну жолдарының ішіндегі митоз туралы түсінік аламыз) және сабақтың тақырыбына дұрыс мақсат қоюына бағыт-бағдар беру.
Кластер құру.
Осы көбею түрлерінің бір-бірінен айырмашылығын айтыңыздар.
Жасушаның туғаннан еншілес жасушалар түзуге дейінгі тіршілігі қалай аталады? Оның неше кезеңі бар?
Интерфаза Бөліну кезеңдері
Дене жасушалары үшін жасушалық айналым қандай кезеңдерге бөлінеді?
Интерфаза және Митоз
Жасушада көбеюге қатысатын органоидты атаңыз. Дене жасушасында неше хромосома бар? Жыныс хромосомасында ше?
(Интерфаза және митоз туралы сұрау)
Профаза метафаза анафаза телофаза
Сұрақтарға ойланып, алдыңғы сыныптарда алған білімдеріне сүйеніп жауап береді.
Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша мақсат қояды.
Оқулықты пайдаланып, тақырыптағы берілген мәліметтерді жіктеп, кластерге түсіреді.
Әр топ өз топтарының атауларына сәйкес бөліну жолдарының ерекшеліктерін ажыратады.
15
Қолдану
Ойлан, жұптас, бөліс.
Топтарға тақырыпшалар беру (алдымен әр оқушы тақырыпшаны оқу, жұптасымен талқылау, топ мүшелерімен және топтар бір-бірімен ой бөлісу).
1 топ «Митозға» - интерфаза кезеңі
2 топ «Амитозға» - профаза және метафаза
3 топ «Мейозға» - анафаза және телофаза
Алдымен әр оқушы тақырыпшаны оқиды, жұптасымен талқылайды, топ мүшелерімен және топтар бір-бірімен ой бөліседі.
16
Талдау . Жинақтау
Сәйкестендіру(1 топқа). Анықтамаларды дұрыс жауаптарымен сәйкестендіру қажет.
Митоз
ДНҚ молекуласының екі еселенуі.
Интерфаза
Еншілес хроматидтер екі полюке қарай жылжиды.
ДНҚ репликациясы
Ядролық қабықша қалыптасады.
Профаза кезінде
Цитоплазманың бөлінуі.
Анафаза кезінде
Соматикалық жасушаның бөліну жолы.
Метафаза кезінде
Ядроның бөлінуі, қалыптасуы.
Цитокинез деген
Ядро қабықшасы бұзылады.
Кариокинез
Жаңа жасушаның өсу және бөлінуге даярлық кезеңі.
Телофаза кезінде
Хромосомалардың екі хроматидтері экваторлық жазықтыққа орналасады.
Суретпен жұмыс (2 топқа). Суреттерді қараңыздар. Митоз фазаларындағы оқиғалар ретінің дұрыстығын белгілеңіз және әңгімелеңіз.