№3,4 Пән: «Жобалау іс-әрекеті негіздері» Оқытушы


Жоба әдістемесінің ерекшеліктері



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі38,72 Kb.
#94854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері

Жоба әдістемесінің ерекшеліктері
Жоспары:
1. Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. 
2. Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. 
Білім беру ұйымдарындағы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмыстары психологиялық-педагогикалық, оқу-әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да проблемаларды кешенді шешудің сауатты ғылыми тәсілінің болуын талап етеді. Мұғалімдерде жобалау және зерттеу технологияларын меңгеру үшін тиісті деңгейде ғылыми-әдістемелік даярлықтарының болуы қажет.
Білім алушылардың зерттеу іс-әрекеті - шешімі алдын-ала белгісіз (табиғаттың заңдарын көрсету тәжіріибесінен өзге) шығармашылық, зерттеу мәселелерін шешуге байланысты және ғылым саласындағы зерттеулерге тән негізгі кезеңдердің (мәселені қоя білу, осы проблематиканы шешуге байланысты теорияны зерделеу, зерттеу әдісін таңдай ала білу және оны өз мақсатында қолдана білу, өз материалдарын жинау, оны талдау және жинақтау, өзіндік қорытынды) болуын ескеретін оқушылардың әрекеті болып табылады. 
Білім алушылардың жобалау іс-әрекеті – оқушылардың бір мақсаттағы, келісілген әдістемесі бар жалпы жетістікке қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдылық, шығармашылық және ойын әрекеті. Жобалау әрекетінің негізгі шарты ретінде әрекеттің алдын ала келісілген нәтижесінің, жобалаудың кезеңдерінің (жобалаудың мақсаты мен мәселелерін анықтау, жоспар құру, жобалауды іске асыруды ұйымдастыру), жобалауды іске асыру кезеңдерінің болуы айтылады.
Жобалау-зерттеу іс-әрекеті – жобалау бойынша мақсат пен мәселелерді анықтауға, әдістемелерді таңдау ұстанымдарын анықтауға, зерттеу барысын жоспарлауға, күтілетін нәтижені анықтауға, зерттеуді жүзеге асыруды бағалауға, керек ресурстарды анықтауға бағытталған іс-әрекет. Зерттеудің ұйымдастыру шеңбері болып табылады.
Оқу зерттеуі және ғылыми зерттеу. Білім саласындағы зерттеудің негізгі түйіні ол оқулық зерттеу болып табылады. Оқу зерттеуінің негізгі мақсаты «үлкен» ғылымдағыдай объективтік жаңа нәтиже алу емес, тұлғаларды дамыту болып табылады. Егер ғылымдағы негізгі мақсат жаңа білім өндіру болса, білім саласындаңы зерттеудің мақсаты - оқушылардың функционалдық дағдыларын жетілдіру, зерттеу түрінде ойлау қабілетін дамыту, субъективтік жаңа білімге (әр оқушыға маңызды да жаңа болып табылатын, өзіндік іс-әрекеттермен жинақталған білім) байланысты білім процесіндегі оқушылардың тұлғалық позициясын жандандыру. 
Сондықтан зерттеу іс-әрекетінің негізінде білім беру процесін ұйымдастыруда бірінші орынға зерттеуді жобалау мәселесі шығады.
Оқушылардың зерттеу жұмысын жобалаудың негізіне соңғы жүздеген жылдарда қалыптасқан зерттеудің моделі мен әдіснамасы алынады. Бұл модельде кез келген зерттеуге тән бірнеше қалыптасқан кезеңдер бар. Алайда оқушылардың зерттеу жұмыстары оқулық зерттеу жұмыстарына ғана тән, ғылыми қоғам дайындаған дәстүрлер негізінде жүргізіледі және дамиды. 
Оқу зерттеуі іс-әрекетіндегі субъект-субъект қатынасының дамуы.  
Қалыптасқан оқу процесінде стандарттық позициялық схема «мұғалім - оқушы» жүзеге асырылады. Мұғалім білім береді, оқушы білім алады, ол процесс қалыптасқан дәстүрлі сынып-сабақ тәсімі түрінде өткізіледі.
Зерттеу іс-әрекетін дамыту барысында аталған тәсімде қарама-қайшылықтар туады: сынып тақтасында көрсетіліп берілетін білімнің дайын эталоны жоқ, табиғатта көрінетін құбылыстар дайын тәсімдермен түсіндіруге жатпайды, нақты жағдайларға байланысты өзіндік талдауды қажет етеді. Бұл қоршаған ортадағы түсінудегі білім саласындағы объект-субъектілік парадигманың эволюциялық өзгеруіне, біртіндеп «әріптес-әріптес» бірлестігінің туындауына әкеліп тірейді.
Мұғалім «жетекші-кіші жолдас» жұбы тәсімі бойынша практикалық әрекеттегі дағдыларды оқушыларда қалыптастырады. Мұндай ұстаз бен шәкірт аралығындағы қатынас жетекшінің жоғары беделі арқылы жүзеге асырылады. 
Зерттеу іс-әрекетінің жобалау мен конструктивтік іс-әрекеттерінен айырмашылығы. 
Зерттеу іс-әрекетінің негізгі нәтижесі зерттеу рәсімінің негізінде әртүрлі шындықты анықтайтын интеллектуалдық өнім болып табылады. Зерттеудің негізгі жетістігі - шындықты анықтау екенін баса көрсету қажет. Конкурстар мен конференцияларда практикалық мәні бар талаптар, зерттеу нәтижесін практикалық жағдайда қолдану мүмкіндігі, зерттеудің әлеуметтік мәні (мысалы табиғатты қорғаудың мәні) ғана айтылады. Мұндай іс-әрекет (әрине, өзіндік мәні бар) зерттеу іс-әрекетінің құралымен әлеуметтік-практикалық атқарымдарды іске асыруды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет