№3,4 Пән: «Жобалау іс-әрекеті негіздері» Оқытушы



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі38,72 Kb.
#94854
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоба әдістемесінің ерекшеліктері

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

  • Топты түгендеу

  • Сабақтағы жұмыс түрлерімен таныстыру

2. Сабақ мақсатын қою
Қазіргі кезде білімнің жаңа парадигмасына байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін «зерттеу мәдениетін» меңгерудің маңызы зор.
3. Білімді өзектілендіру
Ғылыми әдебиетте «зерттеу мәдениетін» түсіндіретін әртүрлі анықтамалар бар.
Зерттеу мәдениеті деп зерттеу қызметін жүргізуге қажет білім, ептілік, дағды және құзыретті және теориялық және практикалық мәні бар зерттеу әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтайтын көзқарасты айтады.
Зерттеу мәдениетінің жалпы құрылымында үш инварианттық: когнитивтік-бағалау, операциялық-әрекеттік және бағалық-мотивациялық компонент бар. Оқушылардың зерттеу мәдениеті негізінде жоғары сыныптарда қалыптасады.
Осы анықтамаға сүйене отырып, оны жобалау іс-әрекеті мәдениетіне бейімдеу арқылы оқушылардың жобалау және зерттеу жұмысының мәдениеті мынадай негізгі критерийлермен сипатталатынын байқауға болады: зерттеу мотивациясы, ойлаудың ғылыми стилі, зерттеуге ақпараттық және технологиялық дайындық, шығармашылық белсенділік. Аталған критерийлер оқушылардың жобалау іс-әрекетінің табыстылығын анықтауға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет