36 жалпы білім беретін орта мектеп «Қызықты грамматика»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі3,91 Mb.
#85248
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
00009aff-b49ad884


36 жалпы білім беретін орта мектеп


«Қызықты грамматика»

(оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету жұмыстарына арналған )




3 «б» сынып

Құрастырған: Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы, бастауыш сынып мұғалімі.


ТҮСІНІК ХАТ

«Қызықты грамматика» таңдау курсының бағдарламасы - оқу қабілеті төмен балалар үшін түзету жұмыстарына арналып жазылған. Бағдарлама құру барысында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекшеліктерін (танымдық, психикалық және тұлғалық) ескере отырып құрылды. Сонымен бірге оқушылар «Қазақ тілінен» алған білімдерін жетілдіре түседі. Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіруге бағытталады.


Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер таңдау курсының «Қызықты грамматика» бағдарламасында басшылыққа алынды. Бағдарламаның қысқаша курсында грамматикада тіл құрылысын үйрету, екпін, көмекші сөздер, сөздердің орнын дұрыс қолдануға машықтандыру жұмыстарын орындау міндеттелген. Аталған жұмыстарды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары ( жеке, жұптық, топтық) мен тиімді әдіс-тәсілдері (дидактикалық ойын, көрнекілік, сөйлеу, түсіндіру, сюжеттік-рөлдік ойын, иллюстративтік) ұсынылады.


Өзектілігі:
- оқушылар қоршаған ортаны тануы;
- естігенін жадына бекітуге, көре білуге үйренуі;
- оқушының оқу мен жазу дағдыларын жетілдіру, пікірі мен өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға тәрбиелеу.


Мақсаты: оқу қабілеті төмен оқушылар үшін түзету тапсырмаларын орындату, оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту, ой-өрісін жетілдіріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Бағдарламада ұсынылған түзету жұмыстарына арналған тапсырмалар оқушылардың сана-сезімін тәрбиелеп, оның білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталады.
Міндеттері:
-оқушының танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру;
-сөйлеу туралы түсініктерін кеңейте отырып,өз ойын жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету;
-грамматикалық білім, білік дағдыларын игерту, көркем,сауатты жазуын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет