«№37 Б. Майлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқа мерзімді даму жоспарының 1-жарты жылдығына арналған рефлексиялық есебі



Дата14.10.2019
өлшемі0,98 Mb.
#49871
Байланысты:
1 жжреф.есебі

«№37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқа мерзімді даму жоспарының 1-жарты жылдығына арналған рефлексиялық есебі

  «Білімді меңгергенмен, пайдаға асырмаған адам – жерін жыртқанмен, тұқым сеппеген диқанмен бірдей» деген қағиданы ұстана отырып,  биыл мектептің 2017-2018 оқу жылында әдістемелік жұмыстың басым бағыты: «Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтеру» деп алдық. Осы басымдықтарды дамыту мақсатында мектепте жалпы оқу және тәрбие жұмыстары бойынша бірлескен топтар өздерінің жоспарлы жұмыстарын атқарды.Оқу топтарында үш тәлімгерлік топ «Зияткер» топ жетекшісі: Несипбаева Ж, «Зерде» топ жетекшісі: Байжанова Ғ, «Шуақ» топ жетекшісі: Пазылова М ал, тәрбие саласы бойынша төрт топ «Қыран» топ жетекшісі: Темирбаева А, «Лашын» топ жетекшісі: Эштаев А, «Балдырған» топ жетекшісі: Хамитова Д, «Балауса» топ жетекшісі: Базарбаева Г, жұмыстарын жүйелі жүргізіп отырды.Атқарылған жұмыстарын әр аптаның дүйсенбісінде шығармашылық топ алдында тәлімгерлер презентация арқылы қорғап, есеп тапсырып отырды.Оқу топтарында анықталған кедергілер:



  • Мұғалімдер күнделікті сабақ жоспарын үлгіге сәйкес жазғанымен, сабақта басшылыққа алынбады;

  • Мұғалімдер бағалау өлшемдері мен оның түрлілігін білмейді;

  • Оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алмауы;

  • Топтық жұмыстар барысында кері байланыстың жоқтығы;

Бұл кедергілерді шешу мақсатында коучинг сабақтар,тәлімгерлік сұхбаттар,тізбектелген сабақтар топтамасы,желілік қоғамдастық жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде мұғалімдеріміз сабақты тиімді жоспарлап,жаңа әдіс-тәсілдерді үйреніп,қолданып келеді.Оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыру мақсатында жұмыстар алып барды.А,В,С деңгейдегі оқушыларды зерттеп,оқушылардың өзін-өзі бағалауын,кемшіліктерін түсініп,жетілдірулеріне жағдай жасап отырды.

Жасалған жұмыстарды есепке ала отырып оқу топтарының бағалау көрсеткіші мына төмендегіше болды. Ал мектептің 1-тоқсанына арналған қысқа мерзімді даму жоспарының тақырыбы «Мұғалімдердің оқу үрдісін басқару құзыреттілігін арттыру арқылы оқушылардың өздік білім алуына жағдай жасау, «ата-ана, оқушы, мектеп» ынтымақтастығын дамыту». Мұндағы басты проблемамыз Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту; 2) АКТ-ны тиімді қолдануды арттыру; ал мақсат: осы жыл көлемінде жоспарлы іс-шараларды өткізе отырып мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту;Интернет желісін толыққанды іске қоса отырып оқыту мен оқудың сапасын арттыру. Осы мақсатты жүзеге асыру мақсатында коучинг сабақтар, түрлі пән апталықтары мен ашық сабақтар жүргізілді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша 1,2,5,7-сыныптардағы пән мұғалімдерімен жеке кәсіби сұхбаттар өткізіп ондағы басты проблемаларды дер кезінде бірлесе шешіп отырды.

Оқу топтарынан басқа мектепте тәрбие топтары да апта сайын өз есептерін тапсырып отырды.

Тәрбие тәлімгерлері ата-аналармен, жұртшылықпен,оқушылармен жоспарлы жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайту мақсатында құрылған ата-аналар қоғамдастығы мүшелерімен бірлесіп, ата-аналарды мектепке тартып,сабақтарға қатыстыру жұмыстары жүргізілді.Оқушылардан түрлі тақырыптарда шығармалар алынып,талқыланды. Ата-аналармен тренингтер өткізілді.Нысаналы сыныптартарда тәрбие сағаттары өткізілді.Оны мониторинг жасау арқылы бағалады. Сонымен қатар аптаның әр сенбі күні 1-сынып ата-аналарымен мұғалімдері бірлесіп,кедергілерді анықтап,шешу мақсатында «Ата –аналар мектебінің» жұмысы жүйелі жүргізіліп отырды. Сынып жетекшілері ата-аналарға кеңестер беріп,қажетті әдебиеттермен таныстырып,түсіндіру жұмыстарын алып барды.

Мектебіміз ресурстық орталықтармен байланыс жасап,керекті мәліметтер алып отырады. Мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі – мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық .Аймақ мектептері арасында қараша, желтоқсан айларында №82 Ж. Жабаев ЖОМ , М. Өтемісұлы және Жәутіков,Төле би жалпы орта мектептерінде семинар кеңестер болды. Оған мектебіміздің мұғалімдері қатысып,тәжірибе алмасып келді.Үйренген әдіс –тәсілдерін коучинг сабақтарда бірлесе талдап, іс-әрекетте, яғни әр пән мұғалімі өз сабақтарында қолданып тиімді, тиімсіз екенін бір-бірімен сұхбат барысында талқылады.Желілік қоғамдастықтар не берді?



  • Бірлескен іс-әрекет;

  • Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы;

  • Жаңа әдіс-тәсілдер меңгеру;

  • Сабақты тиімді жоспарлауды үйрену;

  • Өз-өзіне баға беру;

  • Сыни ойлау жолдарын дамыту;

  • Тиімді ресурстар алу;

Мектепке мобилді топ көшбасшылары тартылып,сабақтарға енді. Мұғалімдерге нұсқау беру,тәжірибе алмасу жұмыстары іске асырылды.Орыс тілі және дене тәрбиесі сабақтарынан ашық сабақтар өтті.Талқыланып,сараптама жасалды. Мобилді топ көшбасшыларының берген кері байланысы бойынша , мектепте дене тәрбиесі пәнінен «Үстел теннисі» үйірмесі ашылса, ал қазақ тілі пәні бойынша 11-сынып оқушыларын эссе жазуға бейімдеу жұмыстары жүргізілді.Тәрбие көшбасшыларының ұсынысы бойынша мектепте жүргізіліп жатқан тәрбие сағаттарын ҚМЖ үлгісіне жазуға көшу жолға қойылды. Және олар қажетті ресурстармен қамтамасыз етілді.

Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында мектебімізде «Зерде» интеллектуалды сайыс өткізілді.Оған 10 мектептен оқушылар қатысты.Сайыс түрлі тапсырмалардан құралып,оқушылар білімі шыңдалды.Мектептер арасында 1-ші орынды біздің мектебіміз иеленді.Мұнда оқушыларымыздың алғырлығы байқалды.Бұдан басқа мектеп аралық сайыстарға қатысып,оқушыларымыз өз білімдерін көрсете білді. «Жыл оқушысы» байқауында 10-сынып оқушысы Г.Анар қатысып,жыл оқушысы атанды.Бұл сайыстар көшбасшы оқушыларды анықтап,байқауға,олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасады.

Бүгінгі оқу үдерісінде көштен қалмай,жаңа бағытта жұмыс жасау,мектебіміздің өркендеуіне үлес қосу,білім сапасын арттыру барысында,жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстарды жүзеге асыру-бүгінгі ұстаздың негізгі міндеті.Мектептегі бірлескен іс-әрекеттер,жоспарланған жұмыстар жаңа бағытқа жасалынып жатқан жаңа қадамдар.Зерттеу жұмыстарын алып бару арқылы мұғалім өз-өзіне баға беріп,сыни ойлауға дағдыланады.Сыни ойлауға дағдыланған мұғалім сыни ойлай алатын оқушыны қалыптастырады.Сондықтан бұл жоба білім сапасын арттырып қана қоймай,оқушы мен мұғалім көшбасшылығын дамытады.

Мектепті дамыту жоспарын орындауда анықталған кедергілерді басшылыққа ала отырып келесі 3-тоқсанға арналған даму жоспарының тақырыбы: «Оқытуды  басқару мен көшбасшылық  арқылы  мұғалімдердің  кәсіби құзыреттілігін дамыту»



Мақсаты: Оқытудың жаңа  әдіс-тәсілдерін оқу-тәрбие үрдісіне  енгізуге ықпалдасу

Нәтиже және табыс критерийлері:

  • Мұғалімдердің  педагогикалық қызметін тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге қол жеткізу.

  • Сыныптардағы зерттеу сабақтары арқылы  оқушылардың сыни ойлау  дағдысын  дамыту.

  • АҚТ арқылы ұстаздардың кәсіби өсуін қамтамасыз ете отырып, критериалды бағалауды оқу үдерісіне енгізу және білім сапасын  бақылаудың тиімді  механизмін қалыптастыру.

  • Желілік байланыстарды дамыту арқылы 11-сынып оқушыларын жаңа форматтағы ҰБТ сынағына дайындау және функционалдық сауаттылығын арттыру.



Мектеп директоры: И.Толыбаев

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет