қандай жағдайда да, әр түрлі іс
-
әрекет жасаған кезде де со күйінде қалатынын бала сезіне бермейді. Мысалы, екі жасар
баланың әкесі бір жақтан жүдеп
-
жадап саяжайға келгенде, ол папасын таныды, бірақ оны «кішкене папа»деп атады.
Оның түсінігінше « үлкен папасы» қалада қалған сияқты. Балаға мұндайларды сезінудің қиындығы тағы да оның өзінің
адам ретінде дербес, басқалардан бөлектігінде, түрлі іс
-
әрекеттің негзі өзі екендігінде жатыр. Өзіне көзқарасты балалар
үлкендерден үйренеді. Бала екіге толғаннан бастап өзімен
-
өзі таныса бастайды. Бұл таныстық алдымен сыртқы бейнеге,
ал кейін ішкі дүниеге қатысты болады. Екі жасқа қараған кезде, әдетте балалар айнадан, фотографиядан немесе
кинодан өзін танымайды да, бар назарын өздері білетін адамдарға аударады. Өзін тану үлкендердің көмегімен жүзеге
асырылады. Баланың бұған қызыға кірісетіні сондай , өз бейнесін еске сақтауға жаттыққандай болады. Өзін бала екі
жарым жастан бастап тани түседі. Әр түрлі тілек пен іс
-
әрекетің тұрақты көзі ретінде өзін басқалардан бөлек сезіну
баланың өсіп келе жатқан шын мағынасындағы дербестігінің әсерімен үш жасқа толған кезде пайда болады.
Даму жетістіктері сәбидін барлық мінез құлқың сапалы түрде өзгертеді бұл кезде олар үлкендердің көмегінсіз
-
ақ өздері
әрекет етуге тырысады. «
мен өзім
» деген белсенділік, ересектермен ересектермен қарым
-
қатынастар жасаудың жаңа
түрдін пайда болуына әкеліп соғады. Жағымсыз мінез бітістерінің тууы –
бір беткейлік. Бұл кезең әдетте қиын кезең деп
аталады яғни,
3 жас дағдарысы
–
баланын рольді ойын әрекетіне ауысу жолымен шешіледі.
3 жастағы дағдарыс
-
өтпелі құбылыс, онымен байланысты жаңа құрылымдар
-
өзін айналасындағылардан бөлектеу, өзін басқа адамдармен
салыстыру баланың психикалық дамуындағы маңызды қадам.
Мәселен, батыс европаның авторлары дағдарыстың жағымсыз сәттерін мынандай жағдайлармен байланыстырады:
бала кетіп қалады, үлкендерден өздерін алшақтатады, әлеуметтік байланыстарды үзеді.
Дағдарыстың мәні туралы Л.С.Выготский., Д.Б.Эльконин және Э.Келер., М.Кечки т.б. еңбектерінен көрініс береді.
Э.Келердің «Үш жастағы баланың жеке басы туралы» атты еңбегінде дағдарыстың мынандай белгілерін көрсетеді:
-
қарама
-
қайшылықтық
. Бұл жағымсыз реакция. Бір адамның екінші бір адамға деген қарым
-
қатынасымен
байланысты. Бала ересектердің қойған міндетіне бағынудан бас тартады. Баланың бойындағы қарама
-
қайшылықтық
мінезді тыңдамайтын қасиетпен араластыруға болмайды. Тілалмаушылық ерте жастада байқалатын кездері бар
.
-
қырсықтық
. Бұл реакция өзінің өзіндік шешілімен байланысты. Қырсықтықты өзінің қалағанымен қайталаушылықпен
байланыстыруға болмайды. Қырсықтық –
баланың өзінің қойған шарттарын және шешімінің орындалуын талап етумен
құралады.
-
өз еркімен әрекет ету.
Бала өз еркімен іс
-
әрекет жасауға ұмтылады. Бұл бір бөлігінен бірінші жылдағы дағдарыс
сынды келеді, ол жерде бала физмкалық жағынан өз еркімен әрекет етуге ұмтылады, ал 3 жастағы дағдарыста терең
ойлаудағы еркіндік болып табылады.
-
үлкендерді бағаламау
.
Ш.Бюлер жанұядағы баланың анасына «жынды»деген сөзді естуімен суреттейді.
-
деспотизмге ұмтылу
.
Д.Б.Эльконин болжамы бойынша: «Мен өзім » феномені, баланың өзіңдік арманының дамуының динамикасы пайда
болды деген сөз. Сонымен бірге арманшылықтың жоғары
дәрежеде болуы, баланың өз еркімен әрекет етуге ұмтылуы
яғни, үлкендер сынды.
Достарыңызбен бөлісу: