37. Мектептанудың негізгі мәселелері. Менеджмент туралы түсінік


Әдістемелік жұмыс.Әдістемелік жұмыстың құрылымы



бет2/4
Дата14.09.2022
өлшемі69,35 Kb.
#149463
1   2   3   4
Байланысты:
БОТА ШПОР

38. Әдістемелік жұмыс.Әдістемелік жұмыстың құрылымы
Мектеп және мектепаралық әдістемелік бірлестіктерге пән мұғалімдері,сынып жетекшілері,мектепке дейінгі мекеме,мектеп-интернат тәрбиешілері кіреді.Бірлестіктердің мәжілісі тоқсанына бір рет,керек болған жағжайда тағы да өткізіледі.
Мектепте бір пән бойынша үш мұғалім болғанда әдістемелік бірлестік құрылады.Ал мұғалім саны аз болса пәнаралық,мектепаралық бірлестіктер құрылады.
Аудандық әдістемелік бірлестіктер аудан мұғалімдері үшін жылына 2-3 рет мәжілістерін өткізеді.
Аз құрамды мектептерде дә әдістемелік бірлестіктер құрылады.
Шет тілі мұғалімдері бірлестігінің жұмысына облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты басшылық етеді.
Әдістемелік жұмыстың жоспары 1 жылға жасалады.Оны директор бекітеді.
Әдістемелік кеңестің жұмысы бір оқу жылына жоспарланады.Мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі.Әдістемелік кеңестің мәслихаттарында қазіргі ең қажетті мәселелер талқыланады.Олардың кейбіреулері:жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибелері,ашық сабақтарды талдау,сабақтың түрлері,мұғалімдердің өз бетімен білім алу мәселелері.Мектептің әдәстемелік кеңесіне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге жеткен тәжірибелі мұғалімдер,шебер мұғалімдер,пәндік әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері енеді.Әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы-мектепішілік педагогикалық оқулар,конференциялар.
Әлістемелік кеңес мектептің медагогикалық кеңесінің жұмысын қайталамайды.Ол әдістемелік бірлестіктердің жұмысын бағыттап әрбір мұғалімнің теориялық білімін жетілдіреді.
Әдістемелік жұмыстың мақсатын анықтау-керекті нәтижені дұрыс белгілеу.Әдістемелік жұмыстың мазмұнын анықтайтын құжаттар:
-Қазақстан Республикасының заңдары,Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары,нұсқаулары,бұйрықтары
-Дәстүрлі әдістемелік қызмет мазмұнын көбейтуге жаңғыртуға мүмкіндік беретін мектепті дамыту туралы жаңа бағдарламалар,стандарттар және базистік оқу жоспары,авторлық баламалы бағдарламалар,оқулықтар және оқу құралдары
-Әдістемелік қызметтің ғылыми деңгейін көтеретін жаңа психологиялық-педагогикалық,психологиялық-физиологиялық және әдістемелік зерттеулер
-Әдістемелік мазмұнды өзгертетін инновациялар
Әдістемелік жұмыстың негізгі мазмұны:
-мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқыту сапасын көтеру
-типтік оқу бағдарламарына сүйеніп оқу бағдарламалық құжаттарды,пәндерді тереңдетіп оқытатын бағдарламаларды жасау
-оқу бағдарламалық құжаттарды талдау
-оқу процесінде және педагогикалық және ақпараттық технологияларды оқып-үйрену және қолдану
-жетіспейтін оқу құралдарын жасау
-тесттік тапсырмалар жасау
-озат педагогикалық тәжірибені анықтау,зерттеу,қалыптастыру және тарату
-пән бойынша байқауларды,олимпиадаларды өткізу
Әдістемелік жұмыстың түрлері:
-ұжымдық
-топтық
-жеке жұмыстар
-семинарлар
-конференциялар мен педагогикалық оқулар
-шығармашылық топтар
-тәлімгерлік
-ашық сабақтар



63. САУАТТЫ ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Тіліміздегі жазылуы айтылуынан өзгеше құлын, жұлын, күрек, басшы т.б.с.с. сөздері тек есту дағдысына сүйеніп, жазуға болмайды. Көбіне оларды салыстыру жолымен талдаудың жәрдемі тиеді. Сондай-ақ –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе сұраулықтарын етістіктің болымсыз түрімен, мен, бен, пен шылауларын септік жалғауларымен салыстырып байқаудың да маңызы күшті. Сөздердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін, теріс жазылуынан мағына бұзылатынын, айтайын деген ойдың күңгірт, екі жақты болып шығатынын балаларға ережені түсіндіргенде де, жаттығулар жүргізгенде де, олардың жазуларындағы қателерді түзеткенде көрсетіп, түсіндіріп отырудың пайдасы көп (Тұзшы – тұщы, барма-бар ма т.б.).
Сөйтіп, сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

Әрине, сауатты жазуға үйренуде қол қозғалысы арқылы қабылдау мен елестетудің алатын орны ерекше екені белгілі. Көп оқитын тіпті ережені тамаша білетін оқушы да қолдың дағдылануынсыз жазуда қатені көп жібереді және жазуының ұсқыны да тартымсыз болады. Сондықтан әсіресе бастауыш класс балалары үшін танымның есту, айту, тыңдау, көру және қолын қозғау арқылы қалыптасатын функцияларын жүйелі түрде үйреніп, алғашқы кездің өзінде-ақ жақсы естіп, тыңдай алып, дыбыстық құрамға ойша тәртіппен талдау жасай алып, іштерінен қайталау т.б. сияқты тәжірибелер жинақтаудың маңызы орасан зор болатынын естен шығармауға тиіспіз.


Сөйтіп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушылардың сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төмендегідей:


Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс (оқушы кейде мағынасына жете түсінбегендіктен қате жібереді).


Сөзді дұрыс айтуға, ұқыпты жазуға, жазғандарына ой жүгіртуге бағыт беріп, қатемен жұмыс ұйымдастырады.


Үнемі талдау жасау: түбірлес сөздер табу, сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру, ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру – мұның барлығы оқушының ойлауын арттырып, материалды меңгеруге жағдай жасайды.


Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстырыла жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру, диктант) тіл дамыту жаттығулары мен (мазмұндама мен шығарма) кезек жүргізіледі.


Сөздік жұмыс үздіксіз жүргізіліп отырады. Әр оқушының жазудан да басқа әлсіз жақтары болады (кей сөздерден қате жіберу т.б.) Мұғалім ондай балалармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.


Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала жинақтау, талдау жұмысы.


Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет