№37 сабаққа мұғалімге арналған нұсқаулық
Тақырып: Тепе-теңдікті дамытуға арналған ойындар
Тепе-теңдіқ сақтау жаттығулар
Тіректің әртүрлі жағдайында тепе теңдігін сақтау білу қабілеті күрделі, бірақ өмірде манызды дағды болып табылады. Осы міндет балалық шақ жасынан дами бастайды, 6-7 жастағы балалар дененің тік
қалыппын еркін сақтай алады. Тепе-теңдік сақтау міндеттің табиғи дамуы
мектеп жасында жалғасады, ал оны жетілдіру үшін арнайы жаттықтыру
керек.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулар динамикалық, қозғалу кезінде тепе-
теңдік сақтау, және статикалық, бір орында тұрып тепе-теңдік сақтау,
және де аралас, белгілі қозғалыс әрекеттерден кейін өз қалпын сақтау,
түрлеріне бөлуге болады.
Негізгі динамикалық жаттығуларға жатады:
– жүру түрлері(жай жүру, аяқ ұшымен , қырындап, арқамен адына
қарап, тіркеме қадаммен, көзді жұмып, қолдың, дене және аяқтың әр түрлі қозғалыстарын қоса жүру),
– әртүрлі әдістермен жүгіріп өту, жүқ көтеріп жүру,
– кедергілерден өту және т.б.
Осы жаттығулар гимнастикалық бөренеде және орындықтарда жасауға болады. Тіректің биіктігі біртіндеп көтеріледі 1 сыныпта 60 см бастап, жоғарғы сыныптарда 110 см дейін көтеріледі. Тосқауыл ретінде секіртпе, таяқтар және т.б. заттар пайдаланады. Жүк ретінде тығыздалған доптар пайдаланады.
Статикалық жаттығуларға екі аяқтағы әр түрлі тұрыстар,бір аяқтағы әр түрлі қалыптағы тұрыстар (бос аяқ алдына, артқа және т.б.), шектелген тіректе, отыру, жауырында, білекте, баспен қолда, қолмен тік тұрыстар жатады.
Аралас жаттығуларға қозғалу әрекеттен кейін тұрақты статикалық қалыпты сақтау керек қылатын жаттығулар жатады. Осы топтың ең сипатты жаттығулар әр түрлі секірулерден кейін жерге қону болып табылады. Дұрыс және тұрақты жерге қонуды бастауыш сыныптардан бастап үйрету керек. Бастапқыда оны қарапайым қозғалыс әрекеттерден (жоғары секіру, шамалы биіктіктен және т.б.) кейін үйретеді. Содан кейін
біртіндеп, жерге қонудың алдындағы қозғалыс әрекеттер ұшу фазасындағы әртүрлі бұрылыстармен және қосымша қимылдармен, секіріп түсудің биіктігін үлкейтумен және т.б. тапсырмалармен күрделендіреді. Сонымен қатар, осы топқа әр түрлі бұрылыстар (екі және бір аяқта – сермеп, секіріп жасалатын бұрылыстар), еңкею және т.б. қозғалыс
әрекеттер кейін тұрақты қалпын сақтау керек қылатын жаттығулар жатады. Тепе-теңдік сақтау жаттығулар ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы, «әтештер соғысы» деген ойын. Тепе-теңдік сақтау жаттығулар қолдану кезінде басшылыққа келесі
жалпы ережелер алу керек.
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Сабақтың кіріспе бөлімінде түрлі денені қыздырыну жаттығуларын орындау. Созылу жаттығуларын орындап, тапсырмаларға дайын болу. Денені қыздырыну жаттығуларын оқушылар өздерінше орындап, қауіпсіздік ережесін сақтау.
Тапсырмалар
Оқушылармен бірге өткізілген тақырыпттарға шолу жасау арқылы, тепе-теңдік жаттығуларының түрлерін атап өту. Тепе-теңдік жаттығуларын орындауда қандай қиыншылықтар кездесетінін анықтау және бүгінгі сабақтың мақсатына жетуде жекелей тапсырмалар беру. Яғни, кіші гимнастикалық бөрененің үстінде бастарына кітап немесе арнайы доп қойып, тепе-теңдік сақтап жүру.
Жекелей жұмыс жасау. Тепе-теңдікті сақтап, «Қарлығаш» әдісінің түрлерін орындау. Оқушылар өздері гимнастикалық матаның үстінде жекелей жұмыс жасайды. Мұғалім тарапынан бақылау және бағалау жүргізіледі.
Бағалау:
Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;
Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді
Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады. Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)
Достарыңызбен бөлісу: |