38. Күн жүйесі планеталарының негізгі сипаттамалары: Уран, Нептун


Жұлдыздар мен галактикалардың кеңістіктегі қозғалысы



бет2/3
Дата26.05.2020
өлшемі32,79 Kb.
#71205
1   2   3
Байланысты:
астрономия 38,69,78

69. Жұлдыздар мен галактикалардың кеңістіктегі қозғалысы. Жұлдыздардың кеңістіктік жылдамдығы. Сәулелік жылдамдық.

Жұлдыздың меншікті қозғалысы – жұлдыздың аспан сферасындағы белгілі бір уақыттың ішіндегі қозғалысы. Ол жұлдыздың кеңістіктегі пекулярлық (жұлдыздың өзіне тән меншікті орын ауыстыруынан (параллакстық - күннің жұлдызбен салыстырғандағы қозғалысы салдарынан болатын) қозғалыстарынан құралады. Жұлдыздар қозғалысының сызықтық жылдамдығы, шамамен секундына ондаған км-ге жуық. Әйтсе де жұлдыздарға шейінгі қашықтық орасан зор болғандықтан, бұл жылдамдыққа сәйкес келетін бұрыштық орын ауыстырулар (меншікті қозғалыстар) өте аз болады. Ол көп жылдар бойы бақылау арқылы ғана анықталады. Қазіргі бақылау құралдарының көмегімен жұлдыздардың кеңістіктік (сызықтық) жылдамдығын тікелей өлшеп, анықтай алмаймыз. Ол (сызықтық жылдамдық) көру сәулесінің жөнімен (жұлдыздық сәулелік жылдамдығы ) және осы көру сәулесіне перпендикуляр бағытталған (тангенциал жылдамдық) екі құраушыны бақылау арқылы есептеледі. Соңғы тагенциал жылдамдық жұлдыздың меншікті қозғалысы мен жұлдыздарға дейінгі қашықтықты өлшеу арқылы табылады.



Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе. Галактикалар — ғаламды құрайтын, өлшемдері өте үлкен жұлдыздар жүйелері. Ғаламның бізге байқалатын бөлігіндегі галактикалар жиынтығын кейде метагалактика деп атайды. Басқа галактикалардан өзгешелініп, біздің Галактика бас әріппен жазылады. Морфологиялық тұрғыдан қарағанда сфералық, эллипстік, спираль және бұрыс пішінді галактикалар ажыратылады. Біздің Галактика спираль түріне жатады, құрамына 1011 астам жұлдыздар кіреді, үлкен диаметрі 80 мың жарық жылындай, ал орталығындағы максимал қалыңдығы 16 мың жарық жылына тең, шетіне қарай 3—6 мың жарық жылына дейін азаяды. Галактикалар кеңістікте әркелкі бөлініп, топтар мен шоғырлар құрайды. Біздің Галактика басқа 15 галактикамен бірге галактикалардың жергілікті тобы деп аталатынды құрайды. Бізге ең жақын деген галактикалар Магеллан бұлттары мен Андромеда тұмандығы. Жұлдыздардың меншікті қозғалыстарын зерттеу Күн жүйесінің кеңістіктегі қозғалысын білуге көмек берді. Алғаш рет бұл есепті 1783 жылы бар болғаны 7 жұлдыздың, ал одан кейініректе 13 жұлдыздың меншікті қозғалыстарын пайдалана отырып шығарды. Ол Күн өзінің төңірегінде айналатын барльщ көптеген денелермен бірге Геркулестегі жулдыз бағытында қозғалып бара жатқанын ашты. Осы қозғалыстың бағытындағы аспан нұктесін Гершель Күн апексі (лат. арех - шық) деп атады. Одан әрі қарай астрономдар Күн апексінің орнын меншікті қозғалыстары көптеген белгілі жулдыздар саны бойынша бірнеше рет анықтады: егер Күн жүйесі кеңістікте қозғалыссыз тұрған болса, онда аспанның барлық аймағындағы жулдыздардың меншікті қозғалысы болар еді. Шынында да, Лира мен Геркулес шоқ жүлдыздар аймағындағы жүлдыздардың көпшілігінің меншікті қозғалыстары бағыттарынан олар жан-жаққа бытырап бара жатқандай көрінеді. Аспан аймағының диаметральды (шоқжұлдыздарындағы) қарама қарсы жағындағы Үлкен Арлан, Қоян және Көгершін шоқжұлдыздарындағы жұлдыздардың басым көпшілігінің меншікті қозғалыстары шамамен бір-біріне бағытталған, яғни жұлдыздар өзара жақындасып бара жатқан сияқтанады. Бұл құбылыстарды тек Күн жүйесінің кеңістікте Лира және Геркулес шоқжулдыздарына қарайғы бағытта қозғалуымен түсіндіруге болады. Біздің ғасырдағы 20-шы жылдарында жұлдыздардың Күнмен салыстырғандағы сәулелік жылдамдығын жаппай есептеу басталды. Бұл Күн апексін анықтап қоймай, Күн жүйесінің кеңістіктегі қозғалу жылдамдығын білуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы ірі зерттеулер 1923-1936 жылдары бірнеше елдің астрономиялық обсерваторияла-рында, солардың ішінде 1923-1925 жылдары В.Г.Фесенковтың басқаруымен Мәскеу астрономдары жүргізді. Бақылау нәтижелері Күн апексі маңына орналасқан көптеген сәулелік жылдамдығы - 20 км/с-қа жуық, яғни, бұл жұлдыздардың Күнге жақындап келе жатқанын, ал аспанның қарама-қарсы аймағындағы жұлдыздардың Күннен +20 км/с жуық жылдамдықпен алыстап бара жатқанын көрсетті. Мұндай жылдамдықтың Күн жүйесіне тән екені анық. Қазіргі уақытта Күн жүйесінің айналасындағы жұлдыздармен салыстырғанда Геркулестегі көмескі жұлдызы Y маңында, осы шоқжұлдыз бен Лира шоқжұлдызының шекарасына жақын орналасқан Күн апексіне қарай 20 км/с жылдамдықпен қозғалатыны түбегейлі анықталды.Жұлдыздардың меншікті қозғалыстарын зерттеу Күн жүйесінің кеңістіктегі қозғалысын білуге көмек берді. Алғаш рет бұл есепті 1783 жылы бар болғаны 7 жұлдыздың, ал одан кейініректе 13 жұлдыздың меншікті қозғалыстарын пайдалана отырып шығарды. Ол Күн өзінің төңірегінде айналатын барльщ көптеген денелермен бірге Геркулестегі жулдыз бағытында қозғалып бара жатқанын ашты. Осы қозғалыстың бағытындағы аспан нұктесін Гершель Күн апексі (лат. арех - шық) деп атады. Одан әрі қарай астрономдар Күн апексінің орнын меншікті қозғалыстары көптеген белгілі жулдыздар саны бойынша бірнеше рет анықтады: егер Күн жүйесі кеңістікте қозғалыссыз тұрған болса, онда аспанның барлық аймағындағы жулдыздардың меншікті қозғалысы болар еді. Шынында да, Лира мен Геркулес шоқ жүлдыздар аймағындағы жүлдыздардың көпшілігінің меншікті қозғалыстары бағыттарынан олар жан-жаққа бытырап бара жатқандай көрінеді. Аспан аймағының диаметральды (шоқжұлдыздарындағы) қарама қарсы жағындағы Үлкен Арлан, Қоян және Көгершін шоқжұлдыздарындағы жұлдыздардың басым көпшілігінің меншікті қозғалыстары шамамен бір-біріне бағытталған, яғни жұлдыздар өзара жақындасып бара жатқан сияқтанады. Бұл құбылыстарды тек Күн жүйесінің кеңістікте Лира және Геркулес шоқжулдыздарына қарайғы бағытта қозғалуымен түсіндіруге болады. Біздің ғасырдағы 20-шы жылдарында жұлдыздардың Күнмен салыстырғандағы сәулелік жылдамдығын жаппай есептеу басталды. Бұл Күн апексін анықтап қоймай, Күн жүйесінің кеңістіктегі қозғалу жылдамдығын білуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы ірі зерттеулер 1923-1936 жылдары бірнеше елдің астрономиялық обсерваторияла-рында, солардың ішінде 1923-1925 жылдары В.Г.Фесенковтың басқаруымен Мәскеу астрономдары жүргізді. Бақылау нәтижелері Күн апексі маңына орналасқан көптеген сәулелік жылдамдығы - 20 км/с-қа жуық, яғни, бұл жұлдыздардың Күнге жақындап келе жатқанын, ал аспанның қарама-қарсы аймағындағы жұлдыздардың Күннен +20 км/с жуық жылдамдықпен алыстап бара жатқанын көрсетті. Мұндай жылдамдықтың Күн жүйесіне тән екені анық. Қазіргі уақытта Күн жүйесінің айналасындағы жұлдыздармен салыстырғанда Геркулестегі көмескі жұлдызы Y маңында, осы шоқжұлдыз бен Лира шоқжұлдызының шекарасына жақын орналасқан Күн апексіне қарай 20 км/с жылдамдықпен қозғалатыны түбегейлі анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет