38.Күн жүйесі планеталарының негізгі сипаттамалары: Уран, Нептун. Күннен арақашықтық, айналу периодтары, өлшемі, массасы, тығыздығы, температурасы, тәулік ұзақтығы, серіктер саны.
Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.
Уран - Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылында бір рет айналады. Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген. Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 10 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.
Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы. 1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
1846 жылдың 23 қыркүйегінде ашылған Нептун ғаламшары математикалық есептердің көмегімен ашылған алғашқы ғаламшар болды. Уранның орбитасындағы күтпеген өзгерістер белгісіз ғаламшардың тартылыс күшінің ықпалынан болуы мүмкін деген тұжырым келтірді. Нептун көзделген орындағы бұрыштан табылды. Көп ұзамай Тритон атты серігі ашылды, бірақ, басқа да 12 серіктері XX ғасыр дейін ашылған жоқ. Нептун планетасының қасынан тек бір Вояджер 2 ғарыш кемесі 1989 жылдың 25 тамызында өтті.Нептунның құрылысы Уранның құрылысына ұқсас, екеуі де ірірек келетін Есекқырған және Қоңырқай газ гиганттарының құрылыстарынан өзгеше. Сондықтан, астрономдар бұл ғаламшарларды "мұз гиганттары" қатарына жатқызады. Нептунның атмосферасы Есекқырған мен Қоңырқайдың негізінен сутегі және гелийден тұратын атмосферасына ұқсас болғанымен, су, аммиак және метан тұратын ірі "мұздарға" толы, гидрокарбон және шамасы, оттегі іздері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |