Танымдық іс-әрекет түріндегі ғылыми білім Ж



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі28,86 Kb.
#129089
  1   2   3
Байланысты:
Танымдық ғылыми білім


Танымдық іс-әрекет түріндегі ғылыми білім

Жоспар:

1.Танымдық іс-әрекет және белсенділік туралы түсінік.

2.Ғылыми білім проблемасының пайда болуы .

3. Танымдық іс-әректтегі ғылыми білімнің қажеттілігі.



1.Танымдық іс-әрекет және белсенділік туралы түсінік. Оқушының танымдық іс -әрекеті педагогикалық құбылыс ретінде әр оқушының белсенді өмірлік позициясымен де тығыз байланысты. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясы олардың қоршаған ортада, еңбекте адамға өмір сүру образының қалыптасуына байланысты және ол әрекеттің түрлі процесінде әсіреде рухани дамытатын оқыту процесінде Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі-танымдық процесс болып табылады. Педагогикада оқушылардың «оқу танымдық іс-әрекеті» ұғымдары «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиірек пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте ойлау ұғымы объективтік шындықтың белсенді формасы ретінде сипатталады. Ойлау адамзат баласының танымының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан «таным» ойлауға қарағанда әлде қайда кеңірек ұғым философиялық сөздікте «таным объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу-материяның жалпыға бірдей ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілнрін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп көрсетуде болып табылады.

А.П.Карповтың пікірінше мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті - оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Танымдық іс-әрекет құрылымы жағынан іс-әрекеттегі ұқсас, кез келген басқа солармен бірлікте болғанымен.

Мектепте оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренудің қол үзген адамның санасы толыққанды бар мүүкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан халықтың құндылықтарын игердің құралақан қалады.

Г.Н.Щукина танымдық іс-әрекеттің субъектісі оқушы болуға тиісті деп есептейді. Олай болса әлеуметтік- педагогикалық негізі бар оқып-үйренудің де «қайнаған ортасында» оқушы, оның жеке басының тұлғасы, оның санасы, танылуға тиісті және танылу үстіндегі айнала қоршаған дүниеге қатынасы, таным процесіне қатынасы және танымдық іс әрекетке қатысушыларға- оқушыларға, оқып-үйрену сін ұйымдастырушы және бағыт беруші мұғалімдерге қатынасы, көзқарас болады. Мектеп қабырғасындағы оқытудың оқып-үйренудің ерекше миының өзі де осында. Әрі бұл оқып үйренудің әлеуметтік мақсатқа, оны мұғалімнің ұйымдастырумен бағыт беруіне тәуелділікте болатындығын және соған қарамастан өзінің субъективтік -тұлғалық негізін жоғалтпайтынын ұмытпауға тиіспіз. Т.С.Сабыровтың пікірінше, танымдық іс-әректтің ерекшелігінің біріне оның оқу құрылымы жатады. Оның құрылымына да кез келген іс-әрекеттің Құрылымына жататынын компоненттік енеді. Алайда бұл іс-әрекеттің мақсаттық және бағдарламалық сипаты міндетті түрде біліммен, білікпен, дағдылармен қамтамасыз ететін жүйелікті, бір ізділікті талап етеді, әдіс тәсілдермен, оның ұйымдастыруымен шектеледі. Осы мағынада алынғанда танымдық іс -әрекеттің әрбір құрылымдық компоненті бүкіл оқыту процесінің құрылымына тәуелді болып шығады, осылармен шектеледі. М.А. Асылжанованың пікірінше, балалық шақта балалардың жас ерекшеліктері әрі алғашқы қабілеттіліктердің қалыптаса бастау факторлары да болып табылады. Төменгі сынып оқушысының танымдық іс -әрекеті жас ұрпақтың міндетті түрде меңгеруге тиісті, үнемі жетілдіріп отырған іс -әрекеті болып табылады. Жеке адамның белсенділігі педагогикалық проблема ретінде В.И. Лозоваяның докторлық диссертациясында зерттелінді. (Лозовая, 1990). Автор жеке тұлғаның мәәні мен осы ұғымының әрекет ұғымына қатынасын ашуды түрлі көзқарастың орнына алып отырғанын атап өтеді. Оларды қысқаша келтіре кетейік.

- белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория

болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша

белсенділік ретінде көрініс табады.

- белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі.

- белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі.

- белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті.

Танымдық іс -әрекетті түсіндірудің түрлі нұсқаларына (оқуға ұмтылушылық пен ерік жігер көрсетумен сипатталатыны шәкірттің хал жағдайы, білімді жігерлі түрде игеруге дайын болушылық пен ұмтылушылық; ақыл ой әрекеті; әрекет сапасы, т.б.) талдау жасай келе В.И. Лозовая олардың бәрі осы ұғымның елеулі жақтарын толықтырады дегенге меңзейді. Бұл көзқарастарды, - деп атап өтеді ол, жеке адамның білім алуды, қол жеткізген білімін тереңдетуді қоғамның рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсіну танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. Мектеп оқушыларының танымдық іс -әрекетті жетілдіру мәселесіне педагогтердің, психологтардың, көптеген еңбектері арналған зерттеулерде танымдық белсенділік туралы әртүрлі пікірлер айтылған. Біреулері танымдық белсенділікті іс -әрекеттер ретінде қарастырса, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті ретінде қарастырылады.

Таным ол адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшалау, салыстыру, тәжірибе жинақтау, оны қорыту арқылы терең де тиянақты білім негізінде пайда болады. Танымдық іс -әрекетке баланың ақыл -ойын өсіру үшін олардың елестеулерін дамытуға көбірек зер салу керек.Егер бала ойын , оқу әрекеттері арқылы айналасындағы дүниемен тығыз байланыста болса, заттарды қабылдауға әрекет етсе, оның танымы артадыТанымдық ойын арқылы түрлі объектілерді көреді, байқай алады, оларға назар аударады.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық қызығушылығын арттыру, танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу - ол мектептегі оқытудың непзгі мәселелері.

Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін С.Жақыпов өз еңбегінде " сабаққа әр түрлі бейнелі көрнекіліктерді логикалық сызбаларды, шартты - графикалық құралдарды қолдану керек. Бұл оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық іс-әрекетін жандандырып өз бетімен жұмыс жасауға және оны меңгеруге төзімділігін арттырудың бірден - бір тәсілі болып табылады" деп көрсетті.

Оқушылардың танымы - өзіне тән ерекшелігі бар күрделі үрдіс Танымдық әрекеттің негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі артады

Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға , білімге деген ынта - ықыласының, қызығушылығының, құштарлығының ерекше көрінісі Оқушылардың өзіндік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің маңызы өте зор.



Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалім сол пәнге жан жақты жетіктігін аңғарту қажет. Оқушының өзіндік ынта - ықыласы болмаса ол сол пәнді жан - жақты меңгере алмайды. Оқу еңбегінің қиындығына төзімділік танытқан оқушы ғана өзіндік белсенділігін дамыта алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет