39. Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру мақсаты



Дата20.12.2022
өлшемі20,98 Kb.
#163416
Байланысты:
37 -43 Гулназ


37.Кәсіптік колледж оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
1) білім жетістіктерін бағалаудың баллдық рейтингтік әріптік жүйесі халықаралық тәжірибеде қабылданған және білім алушылардың реитингін орнатуға мүмкіндік беретін әріптік жүйеге сәйкес келетін баллдық білім деңгейінің жүйесі.
Аралық атестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнінің / модулінің бір бөлігіннің немесе бүкіл көлемінің мазмұнынын оқып біткеннен кейін игеру сапасын бағалау үшін жүргізілетін рәсім.
Ағымдық бақылау - оқушы оқу жоспарына сәйкес ағымдағы сабақтарда академиялық кезең ішінде өткізетін білім алушылардың бөлімін жүйелі түрде тексеру.
Кредит - білім беру бағдарламасының модулін игеру шеңберінде білім алушылардың қол жеткізген оқыту нәтижелерін өлшеудің бірыңғай бірлігі.
38.Кәсіптік колледж оқушылардың жетістігін критериальді бағалау процедурасына қойылатын талаптар.
Жан-жақты білімді , өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғауы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мұғалім білім беруде, оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім оқушы арасындағы рухани және сезім бірлестігін айқындайды.
39.Көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін құру мақсаты.
Индикатор – баланың даму деңгейінің көрсеткіші
Индикаторлар көрсеткіш ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлауға негіз болып табылады.
40.Индикаторлар қызметі және құрылымы.
Индекаторлар жүйесі бұл мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізінде әзірленді. Мектпке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі болып табылады. Бұл аса маңызды әлеуметтік институттардың бірі, оның ба-ланы 1 жастан 6 жасқа дейін кешенді демеп отыру үдерісін басқарудағы мүмкіндіктері мол. Егер бұрынырақта бала дамуының диагностикасы білім беру бағдарламасының сөйлеуді дамыту, хат тануға оқытуға,дайындық, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру және т. б. сияқты негізгі тараулары бойынша білімді, икемділіктерді, дағдыларды айқындаумен шектелсе, қазір индикаторлар жүйесіне бала дамуының құзіреттілік сапаларын қадағалауға, бұл құзіреттерді меңгеру тәсілдері мен жолдарын айқындауға кешенді тәсіл негізге алынған. Баланы кешенді демеуді басқару үдерісінің негізін құзіреттілік даму мониторингі мен оның алға жылжуларын жеке білім беру траекториясы бойынша жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдарлары баланың 5 білім беру саласы бойынша құзіретті даму көрсеткіштері , ал деңгей белгісі - индикаторлар жүйесі болып табылады.
Индекаторлар жүйесінің құрлымы:
Көрсеткіш - белгілі бір жас кезеңінде бала дамуының күтілетін нәтижесі , ол педагогтарды ата-аналарды балалардың құзіретті даму параметрлері туралы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ балалардың бір жас кезеңінен басқасына өтуіне көмектесетін негізімен қамтамасыз етеді.
Білім беру саласы- білім беру мазмұнын анықтайтын категория;
қосымша сала - білім беру саласының құрамдасы , ол оның мазмұны туралы түсінік береді.
Стандарт - тәрбиелеу мен оқыту сапаларын бағалаудың эталоны ретінде.
41.Білім беру салалары бойынша оқушылар жетістіктерінің критерийлері, көрсеткіштері, деңгейлері.

42.Оқушылар жетістіктерін бағалау құралдары. Портфолио оқушылардың жетістіктерін бағалау құралы ретінде
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау түрлері
Сыртқы баға
• Ішкі баға
• Портфолио
Сыртқы баға - Мақсаты: оқушының қол жеткізген білім нәтижелерінің осы стандарттың талаптарына сәйкестігін белгілеу, түлектердің дайындық сапасын ұлттық масштабта бағалау. 5,10,12 сыныптардағы оқушылардың оқу жетістіктерінің стандартта берілген нәтижелерге сәйкестігіне мемлекеттік бақылау білім берудің әрбір сатысын аяқтағаннан кейін жүргізіледі.
Ішкі баға - оқыту сапасының ішкі бағасы оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалауды қамтиды.Мақсаты: оқушылардың шынайы тұлғалық жетістіктерінің оқу пәні бойынша күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкестігін белгілеу.Мұғалімнің білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру деңгейін өлшеу үшін пайдаланатын стандартталмаған тапсырмалары арқылы жүргізіледі.
Портфолио - оқушының әлеуметтік белсенділігі оның іс-әрекетін белгілі оқу кезеңінде оқу және өмірлік жағдаяттарда бақылау нәтижесінде бағаланады. Жеке білім беру траекториясы іске асырылуының, оқудағы ілгерілеу байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейін бағалау нысаны. Оқушының әлеуметтік маңызды, жеке жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну тәсілі. Белгілі бір оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерін мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны
43.«Портфолио» ұғымының анықтамасы.
Портфолио (кең ұғымы) – бұл оқушының оқытудың белгілі бір кезеңінде жеткен жеке жетістектерін бағалау ,жинақтау және белгілеу .
Портфолио ұғымы итальян тілінен аударғанда «құжаттар салынған папка», «маман папкасы» деген мағынаны білдіреді.
Портфолио ұғымы Қазақстанға 21 ғасыр 2013 жылы енгізілген.
Жалпы айтқанда портфолио – студенттің оқу үдерісіне қалайша қатысатындығын көрсететін жұмыстарының жиынтығы ретінде оқудың тиімділігі деңгейін айғақтайды, оқу үдерісінің студент үшін қандай нәтиже беретіндігін көрсетіп, олармен кері байланыс құру тәсілі болып табылады. Бұған қоса портфолио студенттердің бірлесе жұмыс жасап, оқытушылармен әрекеттесуге мүмкіндік береді, өйткені студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасын талдау жұмысына студенттердің өздері мен оқытушының қатысуын талап етеді. Портфолио студенттердің пән бойынша үлгерімін нақты бағалауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет