Сабақ реті 19 Пәні физика Сынып 7 Күні: 13. 11. 15ж Сабақ тақырыбы: §§15. 16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы



бет1/2
Дата10.03.2017
өлшемі213,08 Kb.
#11194
түріСабақ
  1   2
Сабақ жоспары

Сабақ реті_19 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 13.11.15ж
Сабақ тақырыбы: §§15. 16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

Сабақ мақсаты:

1. Материялық нүкте, қозғалыс траекториясы., жол, орын ауыстыру туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайд, оқулық, түрлі суреттер

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Коперниктің теориясы бойынша әлем қалай өқұрылған?

2. Коперник аспан денелерінің қозғалысын қалай түсіндірді?

3. Қазіргі кездегі әлем жүйесінен Коперник жүйесінің айырмашылығы қандай?

4. Коперник теориясын кімдер қолдады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.



Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізін қозғалыс траекториясы деп атайды.

Траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты немесе қисық сызықты деп бөледі.

Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.

Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орынымен қосатын бағытталған кесіндіні айтады.

Сонымен, дененің кез келген уақыт мезетіндегі орнын табу үшін оның бастапқы орнын және сол уақыт мезетіне дейінгі орын ауыстыруын білу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет