Сабақ реті 19 Пәні физика Сынып 7 Күні: 13. 11. 15ж Сабақ тақырыбы: §§15. 16. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы



бет2/2
Дата10.03.2017
өлшемі213,08 Kb.
#11194
түріСабақ
1   2

ІV.Пысықтау.

  1. Материялық нүкте деген не?

  2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  3. Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға тәуелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  4. Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  5. Орын ауыстыру деп нені айтады?

  6. Жүрілген жол дегеніміз не?

V. Тапсырмалар орындау.

11-тапсырма. Мектеп пен үйдің арасы 200 м. Оқушы мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол жүреді? Орын ауыстыруы неге тең?


Өз бетімен шешуге арналған сұрақтар.


  1. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуінің 200 км артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолын ба, әлде орын ауыстыруын ба?

  2. Мына денелер: метро экскалаторында адам, төмпешіктен секірген шаңғышы, тігін машинасының инесі – жермен салыстырғанда түзу сызықпен қозғала ма, әлде қисық сызықпен қозғала ма?


VІ. Үйге тапсырма: §15§16 сұрақтарға жауап беру.

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Қорытындылау.

Сабақ жоспары

Сабақ реті_20 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 17.11.15ж
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс №2. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

1. Өткен тақырыпты жетік меңгергенін анықтау, дамыту.

2. Алдыңғы тақырыппен байланыстыра жұмыс атқару.

3. Ойлау қабілетін арттыру, есте сақтау қасиетін дамыту.



Сабақ түрі: практикалық.

Сабақ әдісі: есептеу, жазбаша.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Материялық нүкте дегеніміз не?

  2. Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  3. Жол дегеніміз не?

  4. Орыны ауыстыру дегеніміз не?

  5. Жол мен орын ауыстырулың айырмашылығы қандай?

ІІІ. Практикалық жұмыс.

№2 Практикалық жұмыс.

№1

Жүріп келе жатқан пойыз вагонының үстелінде кітап жатыр.Мыналармен салыстырғанда:



А)Үстелмен;

Ә)рельспен;

Б)өзен үстіндегі көпірмен

В)өзеннің суымен

Г)аймен;кітап қозғалыста бола ма,әлде қимылсыз ба?

№2

Кеме кемежайға жақындап қалды. Полугада турган адам қай денемен салыстырғанда қозғалыста болады? Оны қалай білелі? Қандай денелермен салыстырғанда олар жылжымайды?



№3

Қарағанды мен Қызылорданың арасы 450км. Поезд Қызылордадан Қарағандыға барып қайтадан Қызылордаға келді. Поезд қанша жол жүрді? Орын ауыстыма?


ІV. Бағалау.

V. Қорытындылау.

Сабақ жоспары

Сабақ реті_21 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 20.11.15ж
Сабақ тақырыбы: §§17. 18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақ мақсаты:

1. Бір қалыпты және бір қалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық, жылдамдық бірліктері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Оқушының зейінін, ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін дамыту.



Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: слайд, оқулық, сызбалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Материялық нүкте деген не?

  • Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

  • Траекторияның пішіні санақ жүйесін таңдап алуға туелді бола ма? Мысал келтіріңдер.

  • Сағат тілінің қозғалыс траекториясы қандай?

  • Орын ауыстыру деп нені айтады?

  • Жүрілген жол дегеніміз не?

.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Дененің уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бір қалыпты қозғалыс деп аталады.

Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Бірқалыпты қозғалатын дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралыған бөлу керек.



υ=ℓ/t

Бірліктердің халықаралық жүйесінде жылдамдықтың бірлігіне секундына метр м/с алынады. Бұл жылдамдық бір қалыпты түзусызықты қозғалатын нүктенің 1с ішінде 1 метрге орын ауыстыратынын білдіреді.



S=υt

t= s/υ

ІІІ. Пысықтау.

    1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

    3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

    4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

    5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

    6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

IV. Есептер шығару.

5-жаттығу. №1, №2.



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§17. 18. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. Сұрақтарға жауап беру, есеп шығару.


Сабақ жоспары

Сабақ реті_22 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 24.11.15ж
Сабақ тақырыбы: §19. Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларды орташа жылдамдық туралы түсінік алуға жетелеу, бір қалыпты емес қозғалыс туралы ұғым туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Ұқыптылыққа, алғырлыққа, зейін қоя тыңдауға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: суреттер, слайд, оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  2. Бір қалыпсыз қозғалыс дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

  3. Қозғалыс жылдамдығы дегеніміз не? Формуласын жазыңдар.

  4. Жүрілген жолды қалай өрнектеуге болады?

  5. Қозғалыс уақытын қалай анықтауға болады?

  6. Жылдамдық өлшем бірлігі қандай?

  7. Оқушыларға берілген есептердің шығарылуын тексеру.



ІІІ. Жаңа тақырып.

Орташа жылдамдықты есептеп табу үшін берілген уақыт аралығындағы орын ауыстыруды осы уақыт аралығына бөледі, яғни бірқалыпты қозғалыстың жылдамдығын есептегендегі амал қолданылады.





ІІІ. Пысықтау.

Адасқан формулалар. Әр формуланы өз орынына қой.


=

S =

m =


IV. Есептер шығару.

6-жаттығу. №1, №2.



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §19. Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық. Сұрақтарға жауап беру, есеп шығару.

Сабақ жоспары

Сабақ реті_23 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 24.11.15ж
Сабақ тақырыбы: §19. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі.

Сабақтың мақсаты:

1. Қозғалыс заңы туралы, бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын дененің қозғалыс графигі туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Ұқыптылыққа, алғырлыққа, зейін қоя тыңдауға тәрбиелеу.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: суреттер, слайд, оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:


  1. Орташа жылдамдық деп нені түсінеміз?

  2. Орташа жылдамдықты қалай еспетеп табуға болады?

  3. Дене қозғалысының белгілі бір уақыт аралығындағы орташа жылдамдығы белгілі болса, онда дененің осы уақыт аралғындағы орын ауыстыруын қалай есептеп шығаруға болады?

  4. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.



ІІІ. Жаңа тақырып.

Қозғалыс теңдеуі:

х=x0+υt

Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің немесе материялық нүктенің координатасы уақыттың сызықтық функциясы болып табылады.

Дене координатасының уақытқа тәуелділігі графигін дененің қозғалыс траекториясымен шатастыруға болмайды.

Координатаның уақытқа тәуелділігі графигіне қарап, қозғалыс жылдамдығы туралы айтуға болады. График кескіні неғұрлым тік болса, жылдамдықтың да соғұрлым үлкен болатынын білдіреді.


ІІІ. Пысықтау.

  • Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің орын ауыстыруын оның қозғалыс жылдамдығы мен уақыт арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

  • Орын ауыстыруды координаталар айырымы арқылы қалай өрнектеуге болады? Формуласын жазыңдар.

  • Қозғалыс заңының формуласын жазыңдар.

  • Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың графигі қандай болады?

IV. Есептер шығару.

6-жаттығу. №1, №2.



V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §19. Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық. Сұрақтарға жауап беру, есеп шығару.

Сабақ жоспары

Сабақ реті_24 _ Пәні физика _ Сынып 7 Күні: 4.12.15ж.
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс №3. Жол, орын ауыстыру және бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы дененің координатасы.

Сабақ мақсаты:

1. Өткен тақырыпты жетік меңгергенін анықтау, дамыту.

2. Алдыңғы тақырыппен байланыстыра жұмыс атқару.

3. Ойлау қабілетін арттыру, есте сақтау қасиетін дамыту.



Сабақ түрі: практикалық.

Сабақ әдісі: есептеу, жазбаша.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  1. Жол дегенол дегеніміз не? Орын ауыстыру дегеніміз не? Айырмашылығы қандай?

  2. Қозғалыс және оның түрлері

  3. Графиктік тәсіл не үшін қажет?

ІІІ. Практикалық жұмыс.
1. Жүрдек пойыз 120 км жолды 3 сағат аялдамай жүріп өтті. Пойыздың жүрісін бір қалыпты қозғалды деуге бола ма?

2. Мына жағдайлар үшін бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигін сызып көрсетіңдер .



  • А) v= 36км/сағ , х0=1 м

  • Б)v= 6 м/с , x0=1,5м

  • В) v=- 3м/с , х0=4 м

ІV. Бағалау.

V. Қорытындылау.

Сабақ жоспары

Сабақ реті_25 Пәні физика Сынып 7 Күні: 4.12.15
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №1.

Сабақтың мақсаты: 
1. Білімділік мақсаты: Оқушының тарауды қалайша меңгергенін қарау, тексеру.

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау. 
3. Тәрбиелік мақсаты: Логикалық ойлауға, есте сақтауға үйрету.

Сабақтың түрі: бақылау жұмысы. 
Сабақтың әдіс-тәсілдері: өз бетімен жұмыс. 
Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар. 

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану пәндері.
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сәлемдесу; 
2. Оқушыларды түгендеу; 
3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 
4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 
5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау. 
А) теориялық білімдерін тексеру. 
Б) есептерін тексеру.
ІІІ. Бақылау жұмысының есептері.
1 нұсқа

1. 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан велосипедші жарты сағатта қанша жол жүреді?

2. Трактор алғашқы 5 секундта 500 м жол жүрді. Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағ ішінде қандай жол жүреді.

3. Бір велосипедші 6 — жылдамдықпен 12 с бойы қозғалды, ал екіншісі осы жол бөлігін 9 с ішінде жүріп өтті. Екінші велосипедшінің осы жолдағы орташа жылдамдығы қандай ?




2 нұсқа

1. Жылдамдығы 0,5 м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 15 км жол жүреді.

2. Автомобиль алғашқы 5 минутта 600м жол жүрді. Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағат ішінде қандай жол жүреді.

3. Шаңғышы тауға көтерілерде 5,4 км/сағ орташа жылдамдықпен 3 км жол жүрді. Таудан түсерде 10 м/с жылдамдықпен 1 км жол жүреді. Шаңғышының барлық жолдағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.


ІV. Қорытындылау. Жұмыс дәптерін жинап, сабақ аяқталғанын хабарлау.  
V. Бағалау. Үй тапсырмасын беру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет