Target Camera (Көзделген Камера).
Free Camera (Еркін Камера).
Көзделген Камера - Target Spot (Көзделген Прожектор) жарық көзінің құрылымына өте ұқсас болып келеді. Терезеде кинокамераға ұқсас объекттен және бақылаушының бағытталған көру сәулесінен тұрады. Көру сәулесінің осъі көк түсті түзу болады, ол камера объективін және көздеу кубигін қосып тұрады.
2.5 Мультфильмді Sony Vegas бағдарламасында сақтау
Рендер арқылы сақталынып алынған кадрларды Sony Vegas бағдарламасы арқылы бір-бірімен жалғап шығамыз.
Sony Vegas – бұл видео және аудио жазбаларды монтаждайтын редактрлейтін көп жолдық жазбалар үшін кәсіби бағдарлама. Vegas шексіз мөлшердегі видео және аудио жолдарды, соңғы шыққан құрал саймандарды дыбысты өңдеу үшін, толық дуплекс режиміндегі көп каналды кіріс- шығыстарды үзбеу үшін (сигналды шығару үшін бірденен 26 шығысты іске қосуға болады, олардың әрқайсысында тәуелсіз шина микширленеді), реалды уақыттағы ресемплинг, ол автоматты түрде кроссфейді түзеді (жасайды), MIDI Time Code және MIDI Cloce көмегімен синхронизациялайды, дизеринг (нойс-шейпингпен) шығысында және 24/32 разрядты 192 кГц дыбысты дискреттеу жиілігін ұсынады. Реалды уақытта дыбысты өңдеу үшін төр жолдық параметрлі эквалайзер мен компресорлы жолдың әрқайсында үзіліс енгізуге болады. Сонымен қатар DirectX форматтағы модульдерге қосылуға болатын 32 тасушысына қолдануға болады.
Айта кетерлік жағдай, бағдарлама заманауи функцияларды қолдайды. Ол функцияларды қолданғанда бірнеше процессорлармен және екі монитормен жұмыс жасауға болады.
DVD – камкордерден MPEG/AC3 файылдарына импорттеуге қатысуға мүмкіндігі бар. MPEG-1, MPEG-2, MPEG-4, AVI, Quick Time, Real Video, Windows Media Video, Ogg, SWF және т.б. видеоформаттағы дайын материалдарды экспорттауға мүмкіндігі бар.
Sony Vegas Pro – бұл видеоны жасау және монтаждау үшін кәсіби бағдарлама. Ыңғайлы интерфейсі, әмбебаптығы және көп мөлшердегі кәсіби мүмкіншіліктері осы видеоредакторына үлкен танымалдылық алып келеді.
Маңызды факті Vegas Pro – ойлап тапқан және жүзеге асырған Sony компаниясы. Ол көпшілікке танымал лидер және әлемдегі сандық видеоның «модасының заң шығарушысы».
Достарыңызбен бөлісу: |