4 -тақырып. Критериалды бағалау қағидаттары (принциптері) мен қызметінің ерекшеліктері



Дата08.02.2022
өлшемі66 Kb.
#119046
Байланысты:
4 тапсырма критери


4 -ТАҚЫРЫП. Критериалды бағалау қағидаттары (принциптері) мен қызметінің ерекшеліктері

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырамалар

1. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалаудың ерекшелігін Cалыстырмалы кесте арқылы талдау жасаңыз.




2. Критериалды бағалау қағидаттарына (принциптері) ерекшеліктерін «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы анықтаңыз.



Критериалды бағалау қағидаттары

Сипаттамалық жазба

Өзіндік ой-пікір

Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы



Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.

Біз мұғалімдер оқушыларды бағалай отырып оқытамыз. Бағалану үшін оқушылар оқуға талпынады. Біз оқыту мен бағалауды сабақтасқан байланыс.

Шынайылық, анықтық және валидтілік



Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.



Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын
анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты
дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың
валидтілігі ұсынады.
. Бағалау бұл әділдікті талап ететін жағдай.



Ашықтық және қолжетімділік



Бағалау түсінікті, айқын ақпаратты ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.



Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті,
нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді
болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен
дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне
қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың
қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.

Үздіксіздік

Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.



Бағалау үдерісінің тұрақтылығы
рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім
беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі
механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу
әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

Дамытуға бағытталғандық



Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады



Бағалау білім алушылардың қандай
білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға
және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы
қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік беред






Әдебиеттер:
1. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. – Астана, 2016. – 48 б. ISBN 978-601-7905-72-9
2. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. Оқу-әдістемелік нұсқаулық /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен/ – Астана, 2016. – 46 б.
3. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 115 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет