4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып І нұсқа



Дата22.05.2022
өлшемі158,37 Kb.
#144651
Байланысты:
7сынып 4 тоқсан ТЖБ №№№


4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып
І нұсқа
1. 10 м/с жылдамдықпен қозғалған массасы 6 кг дененің кинетикалық энергиясы
A) 30 Дж B) 3к Дж C) 300 Дж D) 30к Дж [1]
2. Жер бетінен 2м қашықтықтағы орналасқан массасы 50кг дененің потенциалдық энергиясы (g=10 Н/кг)
A) 1000Дж
B) 2000 Дж
C) 2500 Дж
D) 5000 Дж
3. Жай механизм дегеніміз.
A) Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгертетін құралдар.
B) Күштерді түрлендіруге пайдаланылатын құралдар
C) ПӘК арттыратын құралдар
D) Күштің бағытын өзгертуге пайдаланатын құралдар
4. Суретте лақтырылған доптың қозғалыс траекториясы берілген. Әрбір нүктеге сәйкес энергиялардың мәнін жазыңдар

1- нүктеде ________________________________________________________
2- нүктеде ________________________________________________________
3- нүктеде ________________________________________________________
4- нүктеде ____________________________________________________ [4]
5. Суретте иіндік тепе - теңдікте тұр.

Үлкен иініне түсірілген күшті табыңыз ____________________________
_______________________________________________________________ [3]

6. Суретте жұмысшы қондырғының көмегімен жүкті көтеруде.



6.1 ) 1 блок түрі және қолданылуы_________________________________ [1]
6.2) 2 блок түрі және қолданылуы _______________________________ [1]
6.3 ) Жүкті көтеру үшін жұмысшыға берілген күш_____________________ ______________________________________________________________ [1]

7. Шығырдың көмегімен жүк 0,5 мин ішінде 10 м биіктікке көтерілгенде 120 кДж жұмыс істелген. Жүктің массасын және жұмсалған қуатты есептеп шығар. [2]


8. Рычагтың көмегімен массасы 250 кг жүкті бірқалыпты 5 см биіктікке ұзын иініне 0,5кН күш түсіріп, одан осы күштің түсу нүктесі 0,3 м-ге төмендеген. Рычагтың ПӘК-і қандай?[2]

  1. Рычагтың ұштарына 4 Н және 36 Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны? [3]


4- тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 7-сынып
ІІ нұсқа
1. 2м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан массасы 10 кг дененің кинетикалық энергиясы [1]
A) 12 Дж B) 20 Дж C)18 Дж D) 48 Дж
2. Үстелдің биіктігі 0,8м. Үстел үстінде тұрған дененің массасы 0,2 кг. Осы дененің еденге қатысты потенциалдық энепргиясы (g=10 Н/кг)
A) 16 кДж
B) 0,16 Дж
C) 1600 Дж
D) 1,6 Дж [1]
3. Механиканың "Алтын ережесі"
A) күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтамыз
B) күштен қанша есе ұтылсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз
C) күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз
D) күштен қанша есе ұтсақ, жұмыстан сонша есе ұтыламыз [1]
4. Суретте балалар әткеншегінің қозғалыс траекториясы берілген. Әрбір нүктеге сәйкес энергиялардың мәнін жазыңдар
1- нүктеде ______________________________________________________________
2- нүктеде ______________________________________________________________
3- нүктеде ______________________________________________________________
4- нүктеде ____________________________________________________________ [4]
5. Суретте иіндік тепе - теңдікте тұр.

Үлкен иінінің ұзындығын тап ____________________________________
_______________________________________________________________ [3]
6. Суретте жұмысшы қондырғының көмегімен жүкті көтеруде.

6.1 ) 1 блок түрі және қолданылуы_________________________________ [1]
6.2) 2 блок түрі және қолданылуы ______________________________ [1]
6.3 ) Жүкті көтеру үшін жұмысшыға берілген күш_____________________ [1]

7. Оқушы мектептің екінші қабатына 25 с-та көтеріледі. Қабаттың биіктігі 3 м болса, массасы 50 кг оқушының өндіретін қуаты қандай? [2]



8. ПӘК-і 85% болатын иінтректің көмегімен массасы 150 кг жүкті 50 см биіктікке көтерді. Егер рычагтың ұзын иініне 0,5кН күш әсер ететін болса, онда ол қандай қашықтыққа түсер еді? [3]


9. Ат арбаға 100 Н күш жұмсай отырып 3 м/с жылдамдықпен тартып келеді. Ат қандай қуат өндіреді? [2]

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет