ІІ.3 Етістіктің өткен шағы
Өткен шақ деп сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғам я істеліп тынған амал-әрекетті білдіретін етістік формаларын айтады. Әдетте өткен шақ жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді (27, 198-199).
«Қазіргі қазақ тілі грамматикасы» атты оқулықта етістіктің өткен шағы істің болып өткен мерзімі мен сөйлеушінің баяндау уақытының алыс-жақындығына қарай: а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып үшке бөлінеді.
а) Жедел өткен шақ іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түрлеріне – ты//ті, ды //ді, жұрнақтарының қосымды арқылы жасалады, олар адам әрі бірінші жақта –ле, қ//к, екінші жақта ң, -ңыз//іңіз, -ңдар//ідер, -ңыздар//ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы, айт-тым, бар-дық, кел-дің-дер, көр-медің-із т.б.
ә) Бұрынғы өткен шақ –іс-әрекеттің, қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан әлдеқайда бұрын, ертеде болып өткенін білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ бірнеше жолмен жасалады:
а) болымды және болымсыз етістік түбірлеріне -қан//кен, ған//-ген тұлғалы өткен шаө есімшелер бар –ған-мын, көр-ген-сің(дер), кел-ген-сіз(дер), біл-ме-ген болып, жіктік жалғауының қосылуы арқылы жасалады.
ә) Болымды және болымсыз етістіктер –ып, //іп, -п тұлғалы көсемшелердің одан әрі жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады.
Қызықтан қашып бұл жерге,
Көңіліңіз суып келіпсіз (Абай).
б) –қан //-кен және ып//іп, п тұлғалары мен-ұшы аффиксті етістіктер –е етістігінің жіктелуімен күрделене айтылып бұрынғы өткен шақ жасалады. Мысалы: бар-ған ем, көріп-ең, айт-ушы еді т.б.
Бұрынғы өткен шақтың бұлардан басқа да синтаксистік тәсілмен берілетін түрлері бар. Олар өткен шақ есімшелерге екен етістігі мен шығар, сияқты, секілді, тәрізді, білем, көрінеді (ған, екен, ған шығар, ған сияқты т.б) сөздерінің, етістіктің шартты рай формасына керек (са керек) және жедел өткен шаққа білем (..ді білем) модаль сөздерінің тіркесіп айтылуы арқылы жасалады.
Ауыспалы өткен шақ. Өткен шақтың бұл түрі есімшенің – тын//тін аффикстері арқылы жасалады. Бұл тұлғалар өткен шақта сөйлеушінің істің орындалғанын нақтылы баяндауын білдіреді.
Адам баласы жасаған ұлы мұраны біліп алып, мұраға білу үшін оқытыңыз (Бұлқышев). (28, 198-199)
А.Ысқақов бірнеше семантикалық сипаттарын ескере отыры, өткен шақты анық (айғақты) өткен шақ, толық (айғақсыз) өткен шақ және неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп үш салаға бөлуге болады деп көрсетеді. 29 (328).
1. Анық (айғақты) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы –қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей етіп хабарлайтын формаларды мындай өткен шақ формалары жасалады.
1) –ды, /-ді, ты, -ті) жұрнағы (алды, келді)
2) –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы (жайған, есейген, көшкен).
3) –атын, (-етін,-йтын, йтін) формалты (көтеріп еді; сынап еді, ішіп еді)
4) –ып еді (іп еді, п еді) форманты (көтеріп еді, сынап еді, ішіп еді).
5) –ған еді, қан еді, -кен еді) форманты еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді) форманты (қалаған еді, білген еді, қашқан еді, түскен еді).
6) – ушы еді (-уші еді) форманты (барушы еді, келуші еді);
7) тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді көмекші етістігі тіркеседі. (жүр еді, отыр еді, жатыр еді, отыр еді).
2. Толық (айғақсыз) өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болмай, өз көзімен көрмей, тек басқа айғаққа (біреудің айтуынша, хабарлауына) сүйеніп, немесе кейін өзі көріп, оқып, сұрап, естіп... білген мәліметке сүйеніп айтқанындай етіп көрсететін формаларды айтамыз. Толық өткен шақ көрсеткіштері мыналар.
1) –ып (-іп, -п) жұрнағы (алыпты, көріпті).
2) –ған екен (-ген екен, -қан екенғ –кен екен) форманты (алынған екен, кешіккен екен, сасқан екен).
3) –а, +ды екен (-е + ді екен) форманты (ақылдасады екен, кеңеесіп жүреді екен).
3. Неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деп сөйлеушінің бұрын істемекші болған, жүзеге асырылмақшы болған ниетті, мақсатты, шартты, болжалды, тілекті сөйлеп отырған кезге дейін орындалған-орындалмағанын белгісіз етіп көрсететін формаларды айтамыз. Неғайбыл өткен шақ формалары арқылы жасалады.
1) –шақ еді (-мек еді, бақ еді, пақ еді, пек еді) форманты (алмақ еді, бермек еді, жазбақ еді, төзбек еді, ашпақ еді, түспек еді) 30 (328-329).
Ә. Төлеуов өткен шақты мағынасына, жасалуына қарай өткен шақты беске бөледі: олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ежелгі өткен шақ, тиянақсыз өткен шақ, ауыспалы өткен шақ (31, 305-306).
Жедел өткен шақ. Істің істелгендігін үзілді-кесілді кесіп, оның таяу уақытта болғандығын көрсетеді. Мысалы, Ай құлақтанып көтерілді. Кісендерімізді сылдырлатып, булыға тұрып, қарағанның бұтасына сындыруға кірістік. Жедел өткен шақ етістіктің негізгі ие туынды түбіріне –ты (-ті, ды, ді) жұрнағын қосып, одан соң жіктік-жоқ жалғауы қосылуы арқылы жасалады:
Үркіттің түрмесінде жатып, бір рет түсімде Қызыл жебені көрдім.
Бұрынғы өтекен шақ. Істің сөйлеп тұрған уақыттан, кезден әлдеқашан бұрын істелгенін көрсететін етістіктің түрі. Жазғы демалыста Тұрар Қырғызбайдың қолына барған. Ауылдары жақын балалар кеше кешке үйлеріне тарап кеткен.
Етістіктің бұрынғы өткен шағы есімшенің – қан (-кен, ған, -ген) қосымшасынан кейін жіктік жақ жалғауы арқылы жасалады: Мұндай өткен шақтың түрі - сөйлеуші істің істелетіндігіне анық көзі жеткендігін, ол істе өзінің болғанын ақиқатиап, тұжырымдайды. Ол студент кезінде қалада болған, мен колхозда болғанмын.
Ежелгі өткен шақ. Көсемшенің (-ып, іп, -п) жіктелуі арқылы жасалады. әйел кәрі де емес, бірақ жасына жетпей боржып, бет-әлпеті бұзылып болыпты.
Тек баланы сақтасам-ау деген аналық сезім барлық ар-ұяттан аттанып, алақан жайдырып қойыпты. Мұнда сөйлеуші өткен істің өзі басы-қасында болмай, ол туралы басқа сырт біреуден, не екінші бір мәлімет арқылы білдіргендігін көрсетеді. Істің бұрын болғандығын білдірумен бірге, ол істің ақиқат болғандығы, дүдамалдығы да бар тәрізді.
Тиянақсыз өткен шақ (имперфект).
Есімшенің (-ған) мен көсемшенің (-ып) түрінен соң жіктеліп келген я көмекшісі тіркесу арқылы тиянақсыз өткен шақтың күрделі түрі жасалады. «О, Қызыл Жебе» - деген дауыс Шолақ Шабдардың үстінде отырған Тұрардың аузынан еріксіз шығып кетіп еді. Мұндай тұлғалы сөздерден іс бұрын болғанымен, ол істер қазіргі мезгілмн де ұштасып жатады. Іс желісі үздіксіз бір-біріне қатысты болады.
Шартты райы керек сөзі тіркесу арқыла да тиянақсыз өткен шақ жасасуға болады: кетсе керек, айтса керек, болса керек, көрсе керек т.б. Мұндай тиянақсыз өткен шақ бұрын болып өткен істің қазіргі уақытпен қатысын көрсетеді.
Сонымен, бұрын болып өткен істің осы уақыттағы іспен ұштасуын көрсетсе (танысқан едім, көрген едің), екінші түрі жақында болған, не болып жатқан істің осы уақыттағы басқа бір іспен ұштасуын көрсетеді: танысып еді, көріп еді, көріп едің т.б.
Ауыспалы өткен шақ жасау үшін етістікке есімшенің атын (-етін, -йтім, йтын) жұрнағын қосып, онан соң жіктік жалғауы жалғанса, ондай тұлғада құралған сөйлемнің мағынасы шақ жағынан ауысып отырады: Тұқымбай да сезіктенулі болатын. Ай үлкен сәске тұсына жетіп толықсып тұрған шақта ол бай ауылының төбесінен келіп түскен.
Синтетикалық, аналитикалық тәсілмен жасалатын ауыспалы өткен шақ формаларының тұлғалануы әртүрлі. Стильдік жағынан айырмасы болғанымен, «...сезіндіруші едім, айтушы едім, білуші едім» формаларын сездіретін айтатын, білетін деп өзгертсек, адам бұлардың мағыналарына ешқандай өзгеріс енбейді. (31, 104-105).
Ал «Қазіргі қазақ әдеби тілі» атты оқулықта қазіргі қазақ тіліндегі өткен шақтың бірнеше формалары бар екендігін атап көрсетеді. Өткен шақ формалры мағыналарына қарай 4 бөлінеді. 1) Жедел өткен шақ. 2) Бұрынғы өткен шақ. 3) Ежелгі өткен шақ 4) Дағдылы өткен шақ (32, 51-52).
Жедел өткен шақ формасының грамматикалық көрсеткіші – ды, -ді, ты, ті жұрнақтары жалғанған етістіктің жіктеліп қолданылуы. Мысалы: оқы-ды-м, оқы-ды-ң, оқы-ды-қ, оқы-дың-дар, оқы-ды. Көбінесе –ды, -ді –ты, -ті жұрнағы жалғанған етістік қимыл-әрекеттің жуық арада өткенін білдіреді. Біз киноға бардық. Саяхатшылар жолға шықты. Сондықтан бұл форма жедел өткен шақ деп аталады. Бірақ бұл жұрнақтар жалғанған сөз тек жуық арада ғана өткен қимыл-әрекетті білдіруі мүмкін. Мысалы, 1917ж ұлы Қазан революциясы болды.
А.Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін қалады дегенде іс-қимылдың жуық арада болғанын көрсетіп тұрған жоқ.
Бұрынғы өткен шақтың морфологиялық көрсеткіші – есімшенің – ған, -ген, -қан, -кен жұрнақтары. Бұрынғы өткен шақ формалары жедел өткен шақ формасымен синонимдес қолданыла беруі мүмкін. Мысалы: Біз киноны кеше көрдік. Біз киноны кеше көргенбіз. Дегенмен бұл екі форманың мағыналарында өзгешіліктер де бар. Олар мыналар:
1. –ған, -ген (қан, -кен) жалғанған формалар ешқашан сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқан қимылды білдіре алмайды. Мысалы, Білдім, білдім, сен жасырып тұрсың. Мұның не, зәремді ұшырдың сөздерін білгенмін. Ұшырғансың деп айтуға болмайды.
2. Жедел өткен шақ та, бұрынғы өткен шақ та қимыл-қозғалыстың болып өткенін аңғартқанымен –ды, -ді, -ты, -ті формалары сөз нақтылықты аңғартса, -ған форомалы сөзде ондай нақтылық болмайды. Мысалы, мына сөйлемдерді салыстырамыз: Ол үйге кетті (анық білемін, көрдім). Ол үйге кеткен (әйтпесе көрініп қалар еді) –ған, -ген, -қан, -кен форманы өткен шақ формасы еді көмекші етістігімен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, барған едім, барған едің, барған еді.
Ежелгі өткен шақтың морфологиялық көрсіткіші –ы (п), -і (п) жұрнағы арқылы жасалған көсемшенің жіктелген түрі. Ежелгі өткен шақ формасы ертеде өткен іс-қимылды аңғартуда жиі қолданылады. Масылы, ертеде бір кемпір мен шал боыпты. Сондықтан да бұл форма ежелгі өткен шақ деп аталған. Бірақ өткен шақтың бұл формасы қимыл-әрекеттің ерте кезде, не жуықта болғанын ажыратпай қолданыла беретін кезі де болады. Масылы, сен бүгін ерте келіп қалыпсың, бізге ескертпепсіз.
Ежелгі өткен шақ формасының негізінен мағыналық өзгешелігі мынадай: 1) әс-әрекеттің орындалу кезінде сөйлемнің басы-қасында болмағанын білдіреді. Мысалы: ол Алматыда оқыпты. 2) Сөйлеуші тарапынан іс-қимылдың саналы түрде орындалмағанын, білудің, ұмытудың нәтижесінде орындалғанын білдіреді. Мысалы: ерте келіппін, (уақытын білмегендітен), кілтті тастап кетіппін (Ұмытқандықтан), түс көріппін, қате көріппін т.б.
Ежелгі өткен шақтың жіктелуі
Жекеше Көпше
Мен көріппін Біз көріппіз
Сен көріпсің Сендар көріспіңдер
Сіз көріпсіз Сіздер көріпсіздер
Ол көріпті Олар көріпті.
Сонымен, ежелгі өткен шақ формасы қимыл- әрекеттің болып өткен кезде сөйлеушінің көзбен көрмеген, көрсе білмегенімен, жаңасақтықтан байқалатыны аңғартады.
Дағдылы өткен шақ ерте кезде болып өткен дағыдыға айналған (қайталанып отыратын) қимыл-әрекетті білдіреді. Мысалы: Біз киноға бірге баратынбыз.
1.Семантикалық түрі –атын, -етін, -йтін, -йтын жұрнақтары жалғанып, үш жақта жіктелу арқылы жасалады. Мыс, мен бағатынмын, сен бағатынсың, сіз бағатынсыз, ол бағатын.
2.Аналитикалық тәсілмен жасалған дағдылы өткен шақ түрі –атын, -етін, -йтын, -йтін және –ушы, -уші жұрнақтары жасалған етістік пен еді көмекші етістіктің тіркесу арқылы жасалады. Масылы, білетін едім, білуші едім, білмеуші едің. Бірақ ушы еді формтымен келген сөзден гөрі атын еді немесе атын формалары сөз жиі қолданылады.
Сонымен дағдылы өткен шақтың сөйлеу кезінен бұрын болған қимылдарды білдірумен қатар, ол қимыл-қозғалыстың дағдыға айналғандығын, дүркін-дүркін қайталанып тұрғандығын аңғартады (33,51-52).
ІІІ тарау.
Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы өткен шақтың түрлері, мағыналық ерекшеліктері.
3.1. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы етістіктің жедел өткен шағы, мағыналық ерекшелігі.
Өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеуші баяндап тұрған уақыттан бұрын болған я істеліп тынған амал-әрекетті білдіреді.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында амалдың кезін білдіретін етістік формалары аса бай. Бірақ ол формалардың түрлері де, мағыналары да бірдей емес, әр алуан. Мысалы, мағына реті жағынан олардың біреулері сөйлеп отырған кезден әжептәуір бұрын я соның дәл алдында ғана болған амалды білдірсе, біреулері едәуір бұрынғы, біреулері одан әріректегі, біреулері одан да аяғы кездегі, енді біреулері тіпті арғы замандардағы, атам замандардағы, ежелгі ескі я көне замандардағы істі білдіреді. Ол ғана емес, кейбір формалар өтен кезде істелмекші болғанымен, түрлі жағдайлардың себептері мен салдарынан сол кезде жүзеге аспай қалған амал - әрекеттерді де өткен амал ретінде білдіреді. Осыларға орай, қазақ тіліндегі өткен шақтың көрсеткіштері де өте көп және ол көрсеткіштердің түрлері жалаң (синтетикалық) да, күрделі (аналитикалық) та болып келеді.
Мысалы: -Түрме әкімшілігі айламызды асырдық деп ойлады. (Ш.М., 1994.,58).
Сонда губернатордың бір айтқаны Приходьконың есінде мықтап сақталып қалған. (Ш.М.,1994., 5).
Мырзалар желкесін қасыды. (Ш.М.,1994., 5).
Приходько мырза шын діндар кісі еді. (Ш.М.,1994., 7).
Айнала балауыс шырағдандар жағылған. (Ш.М.,1994., 8).
Әкесі Рысқұлды Саймасайлар байлап тастап, жабыла сабағанда бір сәтке басы осылайша салбырап қалып еді. (Ш.М.,1994., 9).
Бұлар ол айланы алдақашан есепке алып қойған. (Ш.М.,1994., 10).
Тура бес күн бостандықта болдым. (Ш.М.,1994., 10).
Сонда әке жазған сезіктеніп қалып еді. (Ш.М.,1994., 10).
Сөйтіп жүргенде көрген Тұрары ғой, Тұрар деген атының өзіне әке байғұс бар үмітін артып еді. (Ш.М.,1994., 13).
Шал да болса Түлкібас – Жуалыдан ауып келген Шымырдың бір тентегінің қорлығына көнбек емес еді. (Ш.М.,1994., 15).
Өз ықтиярымен шықтым. (Ш.М.,1994., 15).
Әруақ құдай қолдаған екен, балаң бір қатерден қалыпты. (Ш.М.,1994., 16).
Лезде қара қойдың қамы уайымдатқан Рысқұл тәуіп ағасына рахмет айтуды да ұмытып кетіп еді. (Ш.М.,1994., 16).
Тұқымбай да сезіктенулі болатын. (Ш.М.,1994., 37).
Ендігі қиыны – есіктен қарағанда Қызыл жебе үрікпесе болар еді. (Ш.М.,1994., 38).
Келтірілген мысалдардағы осы формалардың бәрі де грамматикалық көрсеткіштеріне қарағанда, өткен шаққа жатқызылуы тиіс. Өйткені олардың бәрінің құрамында да өткен шақтың көрсеткіші –ды (-ді) және –ған, (-ген) элементтері қатысады, осы элементтер аналитикалық етістіктердің еді (е+ді), екен (е+кен) деген тұрақты көмекші компоненттерінде де кездеседі.
Сөйтіп өткен шақ категориясын жасайтын көрсеткіштер жалаң да, күрделі де болады. Жалаң көрсеткіштерге: -ды(-ді), -ған(-ген), -атын(-етін), -ып (-іп) жұрнақтары жатады да, күрделі көрсеткіштерге: -ғана еді; -атын еді; -ар еді; -маң еді; -ып еді; -ушы еді; -ған екен; -атын екен; -мақ екен; -ар екен; -й+ды екен; - са екен; -йын деген екен сияқты аналитикалық форманттар және тұр, жүр, отыр, жатыр етістіктеріне, есімдерге толымсыз еді, екен көмекші етістіктері тіркескен күрделі формалар жатады.
Осы формалардың бәрі де өткен шаққа тән жалпы грамматикалық мағыналарды білдіреді. Бірақ сондай жалпы грамматикалық мағыналары бола тұра, олардың әр түріне лайық анықтық, толықтық, күдіктілік, қажеттілік, міндеттілік, болжамдық және басқа да солар сияқты модальдік реңктерді білдіретін ерекшеліктері бар. Сонымен қатар, олардың өткен шаққа қатысты жалпы грамматикалық мағыналарының өздері де, жоғарыда айтылғандай, бұрын жасалған амалдың әрқилы шама-шарқын және басқа сыр-сипаттарын білдіру жағынан бір дәрежеде емес, әр алуан болып келеді. Ондай әр алуандық, әр келкілік өткен шақ формаларының әр түрінің өзді-өзіне тән тұлға-тұрпаттарына, яғни тұлғалық құрылымдарының өзара бір-бірінен сараланатын ерекшеліктеріне байланысты. Өйткен, қашан да болсын, сөздің құрылымындағы ерекшелік мағынасына, керісінше, мағынасындағы өзгешелік құрылымына сай болып отыруы – тілдегі орнықты заң. Мысалы: бар-ды-қ, бар-ған-быз; бар-атын-быз; бар-ып-пыз деген төрт форманың төртеуі де өткен шақты білдіргенімен, төртеуінің семантикалық өзгешеліктері төрт түрлі. Мысалы, бар-ды-қ дегенмен амалдың жуық арада істелгені аңғарылса, бар-ған-быз дегенмен сол амалдың бұрынырақ кезде болғаны байқалады. Бар-ып-пыз деген форма бұрын жасалған, бірақ ұмытылған іс-әрекетті кейін еске түсіру, байыптап ойлап қарау арқылы немесе сөйлеушінің өзі басы-қасында болмай, көзімен көрмей істелген амал-әрекетті есту, сұрау, оқу және басқа сол сияқты айғақтарға сүйену арқылы білдіретіндікті аңғартады. Ал «бар-атын-быз» деген форма контестке қарай, бұрын дәйім я дүркін-дүркін анық істелген істі немесе әбден үйреншікке айналған дағдылы машық бойынша бұрын анық жүзеге асқан істі бағдарлатады.
Өткен шақ формаларын жасауда жұрнақтар әрі негіз, әрі ұйытқы болатыны рас болғанымен, күрделі форманттар, сан жағынан болсын мағыналық реңктерді білдіру қабілеті жағынан болсын олардан әлденеше есе асып түседі. Мысалы, алған еді және алатын еді деген екі күрделі форманың мағыналық реңктері бірдей еместігі сияқты, алған екен және алмақ екен дегендердің де мәндері өзара бірдей емес. Демек, шаққа қатысты осындай аналитикалық формалар қанша болса, олардың мағыналық реңктері де сонша аналитикалық формалардың бәрінде я топ-тобында болатын жалпы категориялық мағына да, жеке түрлерінде болатын семантикалық айырмашылықтар да етістік негізіне тіркелетін аналитикалық формантқа байланысты оларға етістік негізі қалып тұрады.
Мысалы, кел-етін еді; кел-ген еді; кел-іп еді; кел-ер еді; келсе еді; келуші еді; көр-ген екен; көр-мек екен; көр-се екен; көр-ер екен; көр-е+ді екен деген формаларды алсақ кел, көр негіздері өткен шақтың жалпы категориясы мағыналарынан да, бір-біріне ажырайтын семантикалық ерекшеліктерінен де алыс тұр. Оларға қатысы жоқ. Ал осы сөздердің алғашқыларына дәнекер –еді компоненті, екінші топтағы сөздеріне – екен компоненті өткен шақ формаға түсіріп, оларға категориялық мағына беріп тұр. Сөйтіп аналитикалық форманттардың біріне ортақ бұл (екінші) компоненттер (еді, екен) жалпы грамматикалық (категориялық) мағыналық көрсеткіштері болса, аналитикалық форманттардың бірінші топтағы компонеттері (-етін, -ген, -іп, -ер, -мек, -се, -уші) және екінші топтағы бірінші компонеттері (-етін, -ген, -ер, -мек, -се, -е+ді) өткен шақ формаларын бір-бірінен семантикалық жағынан саралап ажырататын көрсеткіштер болады. Бірақ сөйлеу тілінде олардың әрқайсысының (-атын, -ген) екінші (еді, екен) компонент бастарын құрап, бір тұтас аналитикалық тұлға (единица) есебінде (-атын еді, -атын екен) қызмет етеді. Олардың тұлғалық құрамын, семантикалық ерекшеліктерін және жалпы грамматикалық қызметін көрнекті етіп көрсетеді.
Сөйтіп, еді я екен компоненті тіркесінен кейін, күрделі формалардың бір-біріне ұқсамайтын (ажырайтын) семантикалық ерекшеліктері жойылмайды сақталады, олар тек өткен шақ формасына түседі, бірақ еді және екен компоненттерінің айырмашылықтарына (е+ді, е+кен) орай, өткен шақтың біріншісі (мысалы, ал-ған еді, кел-ген еді) мәніне сәйкес анық өткен (айғақты) шаққа, танық (айғақсыз) өткен шаққа жатады. Өйткені алған еді дегенде, анықтық (айғақтылық, күдіксіздік), ұғымы пайда бола қалса алған екен дегеннен таныттық (айғақсыздық, күдіктілік) түсінігі көкейге қона қалады. Осындай мағыналық ерекшеліктерді жақсы бағдарлау үшін, мына мысалдардағы өткен шақ реңктерін және оларды білдіретін формаларын салыстырып көрейік.
Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалыпты; (Ш.М., 1994., 63). 2. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған екен; 3. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған көрінеді; 4. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек (үйіліп қалған болса керек); 5. Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған білем; т.б. Ал қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалды (... қалған еді ... үйіліп қалатын еді ..., үйіліп қалушы еді т.б.)» деп айта алмайды және айтуы мүмкін емес, өйткені бұл формаларды тек осы жайларды өз көзімен көрген, оның басы-қасында болған адам ғана қолданса керек. Бірақ, қазіргі адам (сөйлеуші): «Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалса керек; Қазылған топырақ едәуір үйіліп қалған шығар» деп айта алады. Өйткені бұл сөйлемдердегі қазуға байланысты әрекеттер өткен кезде жүзеге асырылмақшы болған ынта, тілек, мақсат, нысана, шарт, болжам тәрізді амалдар: сөйлеуші бұларда сол өткендегі әрекеттерді еді, екен, шығар, сияқты... дәнекерлері арқылы болғандай етіп көрсетеді, ал шындығында, олардың болғандары да, болмағандары да неғайбыл, демек, өткен шақ анық та емес танық та емес.
Шақ формаларын сыртқы тұлға түрлеріне қарай да, ішкі мазмұн өзгешелігіне қарай да жіктеуге болады. А.Ысқақов өткен шақтың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін ескере отырып, өткен шақты а) анық (айғақты) өткен шақ, ә) танық (айғақсыз) өткен шақ және б) неғайбыл (ауыспалы) өткен шақ деген үш салаға бөледі. Ал «Қазақ тілінің грамматикасында» өткен шақ а) жедел өткен шақ; ә) бұрынғы өткен шақ; б) ауыспалы өткен шақ болып бөлінеді.
Ал, Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романында осы аталған өткен шақтың барлық түрлері кездеседі. Олардың мағыналық ерекшеліктері контекстке қарай анықталып отырады.
Жедел өткен шақ іс-әрекет қимылдың дәл сөйлеп тұрған уақыт алдында ғана болып өткенін білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы анық болғандығы анықталады.
Жедел өткен шақ етістік түбірінің болымды және болымсыз түріне –ты//-ті, -ды//-ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалады, олар одан әрі бірінші жақта –м, -қ//-к, екінші жақта –у, -ның//-ңіз, -ңдар//-ңдер, -ңыңдар// -ңіздер болып жіктеліп қолданылады. Мысалы «Қызыл жебе» романында жедел өткен шақтың мынадай түрлерін кездестіруге болады:
ты//ті, ды//ді жұрнақтарының қосылуы арқылы жасалып, одан әрі бірінші жақта –м, қ//к болып жіктелетін өткен шақтар. Мысалы:
Жүрегі тарс етіп жарылып, жаны жаһаннамға кеткендей болды (Ш.М., 1994, 64).
Қабырғада көлеңкесі ебедейсіз сорайған қарауыл аңырып тұрып-тұрып, ақыры шығып кетті. (Ш.М., 1994, 64).
Тесіктен симай пұшайман болды. (Ш.М., 1994, 69).
Түсінде аспанның көк күмбезіне шашылған асқар-асқар тауларды көрді. (Ш.М., 1994, 66).
Қайнар көздің бас жағындағы жалбызды аршып-аршып, әрірек өтіп, пісігі өсіп кеткен бір шоқ бүлдірген тауып алды. (Ш.М., 1994, 69).
Бүлдірген ауқат болмады. (Ш.М., 1994, 69).
Тас-тастың қуысында қақылықтап жүгіріп жүрген кекілік көңілін алаңдатты. (Ш.М., 1994, 69).
Жуықтап жоламастан бұғып қана отырды. (Ш.М., 1994, 69).
Қызыл жебе сияқты асыл жылқыны ешкім де соймайды. (Ш.М., 1994, 73).
Әй, мырза-ай, осы жаман сандықтың ішіне біздің кісі сыйып кетеді деп ойладыңыз ба? (Ш.М., 1994, 75).
Кәне, қақбас, інің қайда, қаныпезер, қашқын ініңді қайда тығып қойдың? (Ш.М., 1994, 75).
Әлі өздерің келіп, аяққа жығылып айтасыңдар. (Ш.М., 1994, 77).
Өздерің-ақ ұстап бересіңдер. (Ш.М., 1994, 77).
Сай-сайды сүзіп шығыңдар. (Ш.М., 1994, 77).
Онан да әлі кеш емес, көшейік. (Ш.М., 1994, 78).
Аттаныстың табан астында асығыс болғандығы сонша, әдеттегі «ауылдың алты ауызы», тіпті «жар-жар» да айтылмады. (Ш.М., 1994, 83).
А.Ысқақовта өткен шақтың бұл түрі анық (айғақты) өткен шақ деп аталады.
Анық өткен шақ деп сөйлеушінің болған я болмаған амал-әрекетті өзі басы-қасында болғандай, өз көзімен көргендей, тыңдаушы (оқушы) әбден қанық боларлықтай, сенерліктей хабарлайтын формаларды айтамыз, - деген анықтама берілген. Сондай-ақ, анық өткен шақ формаларының мынадай көрсеткіштер арқылы жасалатының көрсеткен:
1) –ды (-ді, -ты, -ті) жұрнағы:
Кеудесіне мылтық тіреген солдаттың бетіне қолын салып жіберіп, мұрнының үстін сырдыра орып түсті. (Ш.М., 1994, 101).
Тұрар шыдай алмай шыңғырып жіберді. (Ш.М., 1994, 101).
Албаннан тоқал алып келе жатқан жерінен атып кеттім. (Ш.М., 1994, 102).
Төбеде жалғыз қыран қалықтап жүрді де қойды. (Ш.М., 1994, 104).
Өң мен түстің арасын ажырата алмай, әрі-сәрі халде қалған Рысқұл Қара Иванның даусын естіген соң есін бірден жиып алды. (Ш.М., 1994, 105).
Жан-жақтан қасқыр қамалағанда, шөмелесіне тығып пана болды. (Ш.М., 1994, 106).
Мал қораны айналып шықты. (Ш.М., 1994, 108).
Қара Иван қолына айыр алып, шөмеле төңірегіндегі кәшек шөп-шаламды жинаған болып, аймалшықтап жүріп алды. (Ш.М., 1994, 107).
Аттың иесі аман-есен бір жерде жасырынып жатқаны белгілі болды. (Ш.М., 1994, 109).
Анарбай мен Таубай бастап, болыстың адамдары да ауылдарына қайтты. (Ш.М., 1994, 109).
–ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы;
Таудан асып күн батқан. (Ш.М., 1994, 67).
Тұрар сайдың қабағындағы жабайы алма ағашының ашасына мініп отырған. (Ш.М., 1994, 67).
Бұталмаған жабайы алма ағаш балақтап, бұтағы ескіріп кеткен. (Ш.М., 1994, 67).
Патшаның да айласы асқан. (Ш.М., 1994, 89).
Қара Иван да Рысқұл сияқты осыдан отыз жыл бұрын Ресейден ауып келген. (Ш.М., 1994, 90).
Бас аурудың үстіне мына меңіреу, бұлыңғыр тыныштық қосылып, миын шаға түскен. (Ш.М., 1994, 92).
Төсекте қарындасын ойнатып отырған Тұрар жерге жалаң аяқ секіріп түскен. (Ш.М., 1994, 94).
Түйметай төсек үстінде шашы сексиіп, қорыққанынан шырылдап қоя берген. (Ш.М., 1994, 94).
Ол ағаштар алдақашан шіріп кеткен. (Ш.М., 1994, 95).
–атын (-етін, -йтын, -йтін) жұрнағы;
Тау – Шілмембеттің маңайындағы екі-үш құрым киіз үйдің ескі бақандары болатын. (Ш.М., 1994, 96).
Сол шанаға Оразбақ таласатын. (Ш.М., 1994, 99).
Ал, Шыныбек жәкесі шақылдаңқырап қалғанымен балажан, базардан ылғи тәтті әкеліп, балаларға тең бөліп беретін. (Ш.М., 1994, 99).
Үйден гөрі түзде көп жүретін Рысқұлды жоқтатпауға тырысып, кейде басқа балалардан гөрі Тұрарға бүйірі тартыңқырап тұратын. (Ш.М., 1994, 99).
Губернатор фон Таубе патшаға еліктейтін. (Ш.М., 1994, 119).
Шашын да соныкіндей қырықтырып, мұртын да солай бастыратын. (Ш.М., 1994, 119).
Қазына тіккен мундир шақ келмей, киімді ұдайы жеке ұстаға арнайы заказбен тіккізетін. (Ш.М., 1994, 122).
Әкесінің мейірімі түсіп еніренген кездері аз болатын. (Ш.М.,1994,123).
Рас, түрме түбіндегі нар еменнің бір бұтағы көлбеңдеп, жасыл жапырақ көз алдайтын. (Ш.М., 1994, 124).
–ып еді (-іп еді, -п еді) форманты;
Қанша жыл болған, құдай-ау, туған жері Түлкібастан кетер жылы Қатшагүл жеңгесі тігіп беріп еді. (Ш.М., 1994, 126).
Алау жалды ат енді кісінеп жіберетіндей шапшып тұр еді. (Ш.М.,1994, 132).
Тары қоритын уақыт болып қалып еді. (Ш.М., 1994, 134).
Жігіт құлақ салып еді. (Ш.М., 1994, 134).
Әнеу күні де бір қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қоқайқаптағысы қозып, қаны бір қайнап еді. (Ш.М., 1994, 134).
Әне сонда барып оның есіне баяғыда өткен Әлімбек батырдың күміс ер-тоқымы сап ете түсіп еді.
–ған еді (-ген еді, -қан еді, -кен еді) форманты: (қалаған еді, білген еді, шашқан еді, түскен еді, сүрініп кеткен еді, ашылып қалған еді).
– ушы еді (-уші еді) форманты:
Күндіз-түні желдемейтін қапаста не иіс болушы еді. (Ш.М., 1994, 64).
Үшеуінің ішінде Тұрар әсіресе Қорған жәкесін жақсы көруші еді. (Ш.М., 1994, 100).Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры елжіреп, әлдеқандай аяныштан көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді. (Ш.М., 1994, 114).
Қапаста аспаннан басқа көрінуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Осы әуеніне бола Тұрар қолына кілт түскенде сандықтың аузын қайта-қайта бұрай беруші еді. (Ш.М., 1994, 71).Бар ықыласы баласына ауып, жас келіншекке кейде керенау қарап кетуші еді. (Ш.М., 1994, 14).Бұрын қанша сапарға аттанса да ала кет деп айтапушы еді. (Ш.М., 1994, 33).
тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдіктерге еді көмекші етістігі тіркеседі; (жүр еді, отыр еді, тұр еді, жатыр еді) т.б.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романында аталған өткен шақтың бірнеше формалары кездеседі; ал кейбіреулері сирек, кейбіреулері жоқтың қасы. Мәселен, ған еді (-ген еді, -қан еді, кен еді) немемсе тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктері мен есімдерге еді етістігі тіркесу арқылы жасалған формалары ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: |