Бұл зерттеулердің сізге және сіздің оқушыларыңызға қандай пайдасы бар?
Кэролин зерттеуі оқытудың өнімділігін арттыру үшін ашық тапсырмаларды қолдану
қажеттігін қарастыруды еске түсіреді. Сонымен қатар зерттеу көрсетіп отырғандай, бірлесіп
жұмыс істеуге мүмкіндік беріліп, қарама
-
қайшы идеяларға эксперимент жасау үшін қолайлы
жағдай тудыруда көмек көрсету арқылы тапсырманың күрделілік деңгейін арттыруға
болады.
•
Сіз оқушыларға ұсынған ашық тапсырмалар күрделі ақпаратты өңдеуге және талдауға
бағытталған жоғары дәрежелі ойлау дағдыларын қамтитындығына көз жеткізу үшін тағы не
істей аласыз? Сіз әріптестеріңізбен өзіңіздің осы мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін әр
түрлі тәсілдер туралы идеяларыңызбен бөлісе аласыз ба?
•
Топтарда олардың әлеуетін және қатысуға қызығушылығын анықтауға себеп болатын
жұмыс туралы жоспар әзірлей аласыз ба? Қабілеттері ұқсас және әртүрлі құрдастарымен
топта жұмыс істейтін дарынды және талантты оқушылардың нәтижелеріне мониторинг
жүргізу пайдалы деп санайсыз
ба?
•
Сіз оқушыларға олармен жұмыс істеген ұнайтындығын және олардың пікірлерін
бағалайтындығыңызды көрсете отырып, эксперименттер үшін өздерін ашық сезінуге
көмектесу үшін не істей аласыз?