№4-6 cыныптар арасында өткізілетін


Олимпиада қорытындысын шығару



бет7/7
Дата17.02.2022
өлшемі56,87 Kb.
#132264
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алтын сақа Ереже

Олимпиада қорытындысын шығару

Олимпиаданың ІІ кезеңінде жоғары ұпай жинаған қатысушылар жеңімпаз аталады.
І мектепішілік кезеңде: «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі әкімшілігінің атынан (аудандық, қалалық, облыстық) кезеңге қатысу үшін қатысушыға сертификат, ал мұғаліміне алғыс хат беріледі.


ІІ аудандық, қалалық немесе облыстық кезеңде: бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және грамоталармен марапатталады.
Олимпиада өткізілгеннен кейін он күн ішінде оқушылардың рейтингісі zerdeli.kz сайтында жарияланады.

  1. Олимпиаданы қаржылық қамтамасыз ету

  • Олимпиада үшін оқушылардан ешқандай қаражат, жарна жиналмайды, ТЕГІН өткізіледі.

  • «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінен осы олимпиаданы ұйымдастырып өткізу үшін арнайы қаржы бөлінеді.



  1. Олимпиаданың жүлде қоры

Олимпиадаға оқушылары қатыстырылған мектептерге командалық есеп бойынша Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындар беріледі. Командалық есеп бойынша бас жүлде алған мектепке «Алтын сақа» кубогы тапсырылады.
ІІ кезең (аудандық, қалалық немесе облыстық кезең).
Өткізілу форматы: онлайн
Мерзімі: 10-12 наурыз
Уақыты: сағ. 10.00
Қажетті ресурстар: микрофоны мен камерасы бар ноутбук немесе компьютер, жауап жіберетін WhatsApp қосымшасы бар телефон.
Өту барысы: 09 наурыз күні әр мектептерден келген сұраныстар бойынша оқушыларды WhatsApp қосымшасы бар телефон номерлері арқылы топтар құрылып (чаттап), сол чатқа Ереженің нұсқаулықтары жіберіледі.
ІІ кезең «Көп жауабын таңдау» негізінде өтеді. Жалпы 40 минут беріледі. Бір сұраққа жауап беру уақыты 3 минут. Әр сұрақтың 6 жауабы бар. Кем дегенде 1 жауап, көп дегенде 3 жауап дұрыс болады. Егер оқушы 100% дұрыс жауап берсе, 10 ұпай, 50% немесе одан жоғары дұрыс жауабын берсе 5 ұпай беріледі. Сонымен бірге оқушының ептілігі, жылдамдылығына қарай тағы да қосымша ұпайлар қосылады.
10 сұраққа толық жауап беріліп болған соң, алғашқы жоғары ұпай жинаған оқушыларға жеке ашық камерада сұрақ қойылуы мүмкін. Жоғарыда берілген 10 есептің кез келгенінің шығару жолы сұралады және қосымша сұрақтар қойылады. Ауызша жауабы арқылы жинаған ұпайларын дәлелдеу керек. Егер оқушы дұрыс жауап берсе осы деңгейде қалады, ал егер нақты әрі жылдам жауап бере алмаса, 10 ұпай және қосылған қосымша ұпайлары шегеріледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет