4-апта. 4-дәріс: Болмыс онтология және метафизика



бет3/9
Дата06.02.2022
өлшемі242,67 Kb.
#80402
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дәріс 4. Онтология және метафизика

Әлеуметтік болмыс. Философиялық антропологияда адам – өзінің жаратылысынан қоғамдық мәнділік. Сондықтан оның өмірінің мәні тек қоғам мен жеке адамның мүдделері мен мақсаттарын ұштастыру жолында табылуы мүмкін деп санайды.
Болмыс ұғымын қоғамға және онда жүріп жатқан үдерістерге қатысты қолданғанда оның мазмұны ашыла түседі. Қоғамдық болмыс ұғымы адамдардың өзара қауышуы мен қызметінің тарихи формаларының олардың санасына қатысты объективтілігін білдіреді. Қоғамдық болмысты адамдардың материалдық игілік өндірісіндегі табиғатқа материалдық қатынасы және өндіріс үдерісінде адамдар жасайтын қатынастар деп түсінуге де болады.
Адам тек қоғамда ғана – адам. Қоғамсыз өмір сүре алмайды. Өмірге келген әр адам өзінен бұрын өмір сүрген ұрпақтардың қолымен жасалған заттар әлемінде өмір сүреді. Қызметтің әлеуметтік-тарихи қалыптасқан формаларын игеру жеке адамның қалыптасуының басты шарты және тетігі болып табылады. Адам сәби кезінен бастап ересектермен араласады, олардан үйренеді және оларға ұқсауға тырысады. Соның арқасында дамып келе жатқан адам еңбек құралдарын пайдалады, ақылмен әрекет етеді, түрлі рәміздерді аңғарады, өздердің, ұғымдардың мағынасын түсінеді – әлеуметтік қалыптардың жиынтығын меңгереді. Адами сипаттарды игере отырып, сәби мәдениетпен қауышады.
Жеке адам мен қоғамның бірлігі адамның әлемдегі болмысы мен оның өмірінің мәніне үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Оның үстіне адамзат өз тарихына мән беруге тиіс. Мәселе адамзатқа жоғарыдан берілген тапсырманы (құдай ма, табиғат па – бұл маңызды емес) орындауда емес, оның адамзаттың өз міндеттерін анықтап, олардың іске асырылу мүмкіндігін қарастырып, оларды орындау үшін бірігуінде.
* * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет