Хайдеггер технология туралы Хайдеггердің ойынша, метафизиканың осылай жалаң түрде дүниені түсіндіруі қазіргі заман "технологиясында" шегіне жете көрініс тапты. "Технология" ұғымы мұнда "бейтарап тұрған, мақсатқа жеткізетін құрал" ғана емес, қайта біздің дүниені тануымызды өзгерткен нәрсе. Технология себебінен біз қасиетті қара жерді қолданылмалы мағынада түсіндік. Технологияның жаһандануына және оның табиғи байлықтарды тежемсіз пайдалануына қарап, Хайдеггер Технологиядан қарсы тұру қиын, жойқын қатерді көрді. Өнер техниканың қарсы жағы есептелді. Жалаң технологиялық дүниемен байланысудан құтылудың жолын қарастырды.
Болмыстың мәні Хайдеггер философтардың метафизика мен эпистемология мәселелерінен аулақ, таза онтологиялық мәселеге беттеуінің әдіснамасын сынақ етті. Оның ойынша таза онтология – дәл "Болмыстың мәні".