4-апта тапсырмасы
Студент-Совет.А.С
Тобы-ДЗ001С
Қазақстандағы кеңестік биліктің әлеуметтік- экономикалық және саяси өзгерістерінің ерекшеліктері.
1. Уақытша өкіметтің ыдырауы, большевиктердің билікке келуі. Ресей халықтарының құқы Декларациясы (15 қараша 1917 ж.) жариялануы.
2. Алашорда үкіметінің құрылуы. Түркістан автономиясы үкіметінің құрылуы және М.Шоқайдың естеліктері.
3. Соғыс қимылдарының бүкіл қазақ өлкесін қамтуы.
4. Қырғыз (Қазақ) АСР-ның құрылуы. Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің территориялық аймағының «жоғарыдан» белгіленуі
5. ЖЭС-тің мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері. Қазақстандағы аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресі.
Осыдан 100 жыл бұрын, Ресей империясының сол кездегі астанасы Санкт-Петербургте, дәлірек айтқанда, 1917 жылдың 25 қазанында (7 қараша) адамзат тарихының сүрлеуін өзгерткен «Қазан төңкерісі» атты тарихи оқиға болды.
Ол Уақытша өкіметті тақтан тайдырып, 13 миллиондай адамның өмірін қиған бес жылдық Азамат соғысына ұласты. Қазан төңкерісінің алғышарттарын, оның болмауы мүмкін еместігін ұзақ жылдар бойы идеология Кеңес Одағы халқының басына сіңіріп бақты. Алайда, соншама адамның қанын төкпей-ақ, большевиктер өкімет басына демократиялық жолмен, сайлауда жеңу арқылы да келуіне болатын еді...
Қоғамды басқарудың адамзат өзінің ғасырлар бойғы дамуында қалыптастырған табиғи жүйесін емес, большевиктердің көсемдері қолма-қол өзгеріс жасайтын қанды жолды дұрыс деп санап, «пролетарлық диктатура» деген өздерінің жасанды жүйесін орнатты. Қоғам дамуымен үйлеспейтін жүйені ұстап тұру үшін өзі өмір сүрген 74 жыл бойы тек ұранды насихаттар мен террорлық әдістерді мейлінше көп қолдануға мәжбүр болды.
Қай күнде өзгеріс, қайта құру, өмірлік тәртіптер мен қағидаларды басқа бағытқа бұру жеке адамға да аса қиындықпен келеді. Ал мемлекеттің тәртібі мен мизамын басқа бағытқа өзгерту, бәрін жаңаша құру – бұл енді аса күрделі, қайшылықты процесс. Мұндайда тек елге танымал, беделі зор, биліктегі тәжірибесі мол, басқару дарыны орасан тұлғалар ғана ішкі-сыртқы күштердің кесірлі әсерін еңсере отырып, жаңа тәртіптер мен мизамдарды қиюын келтіріп енгізіп, таласқандар мен дауласқандарды келістіре отырып, қантөгіссіз жүргізіп кете алады.
1917 жылы ақпанда патша тақтан бас тартқаннан кейін Ресейде мемлекет билігі қолына тиген Уақытша өкімет те елді меңгеріп, өзінің алдына қойған мақсатын іс жүзіне толық асырып кете алмады. Оның басты себебі – экономикалық дағдарыстың, ішкі-сыртқы күштердің кері әсерімен қатар бірінші басшылыққа елге танылған дарынды тұлға табылмағаны еді. ІІ Николай тақтан бас тартқанда Уақытша өкіметтің басына князь Георгий Львовты отырғызып кеткен. Коалициялық жолмен құрылған Уақытша өкімет те оның өкілеттігін қолдап, өздерінің төрағалығына сайлады. Бірақ ол шыққан тегі ежелгі орыс дворяндығы, көп оқыған, қоғам қайраткері, белсенді депутат болғанымен нақты билікте отырмаған, оның қитұрқы тәсілдерімен танысып көрмеген, демократиялық пиғылдағы ақсүйек адам болатын. Сондықтан да ол басқарған коалициялық өкімет билікті қолына алғанымен елді баурай алмады.
Оның үстіне өкімет құрамына неше түрлі жеңіл ойлы, демократиялық ұрандар мен ұшқары талаптардың ағымындағы партиялардың өкілдері де енген болатын. Ең бастысы, халыққа жақын ұрандарды көтерумен өзеуреп көзге түскен «Петроград қалалық жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі» деген большевиктер, меньшевиктер мен солшыл эсерлердің ұйымы Уақытша өкіметтің адымын аштырмады. Олар соғысты тоқтату, билікті халықтың қолына беру деген сияқты ұрандарымен қалың көпшіліктен қолдау алуын жалғастыра берді. Іс жүзінде елде қос өкімет болды. Оның үстіне одақтастардың қысымымен І Дүниежүзілік соғыстан шығу да мүмкін болмады. Маусым айында шабуылға шыққан орыс әскерлері де тас-талқан болып жеңіліп, кейін шегінді.
А.Керенский қолына билік тиген соң бірқатар жағымды реформалардың да бастамашысы болды. Соның ішінде барлық саяси тұтқындарды қамаудан босатқан, Польша мен Финляндияның тәуелсіздігін таныған. Бірақ саяси ахуалдардың, жаппай еркіндіктің ықпалымен орын алған жүгенсіздіктер, большевиктердің ұйымдастыруымен көшеге шыққан шерушілер, оларға солдаттар мен матростардың қосылуы, кәсіпорындар мен мекемелердегі саботаждар және соның салдарынан күннен-күнге артып бара жатқан экономикалық дағдарысты еңсеру үшін елде қатаң әскери тәртіп орнатуды талап еткен өзі тағайындаған бас қолбасшы Л.Корниловпен келіспей, ақыры соңғысы әскери бүлік шығарды.
Тарихта кейбір маңызды оқиғалар қайталана береді ғой. КСРО тарайын деп, демократиялық күштер бел алып бара жатқанда да өкімет басындағы оңшылдар 1991 жылдың тамыз айында Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, империяны сақтап қалуға жанталасқан еді ғой. Бірақ осы комитеттің жеңілісінің өзі – КСРО-ның тарауын, тіпті тездетіп, өкіметтің құлауына соқтырды. Сол сияқты империяны сақтауға ұмтылған «Корнилов бүлігінің» жеңілуі большевиктердің күш алып кетуіне жол ашты. Соның арқасында большевиктер қарулы төңкеріс жасап, Уақытша өкіметті құлатты. Керенскийдің берген қаруымен большевиктер жұмысшылар арасында құрған өздерінің «Қызыл гвардиясын» күшейтіп алды. Кейбір большевиктердің (Урицкий) айтуына қарағанда, сол жолы өкімет олардың қолына 40 мың данадан астам винтовка берген. Сөйтіп қайтып қаруланамыз, қайтсек қарулы жасаққа қол жеткіземіз деп алақандарына түкіріп жүрген большевиктер өз жақтастарын заңды жолмен қаруландырған. Өзі берген винтовканы большевиктер кейін, Қазан төңкерісін жасағанда өкіметтің өзіне қарсы атты.
Ал төңкеріске дейін олар Керенскийдің Уақытша өкіметімен санасуды азайтып, өздерінің «соғыс тоқтатылсын, жер шаруаларға, фабрикзауыттар жұмысшыларға берілсін» деген популистік ұрандарымен қалың көпшілікті қоздырып, өздеріне тарта берді. Осындай қысымдармен Керенскийдің билігі күшейе алмады, керісінше, Корниловтың лаңымен біршама уақытқа ығыстырылған «қос өкіметтік» қайтадан жанданды.
1917 жылдың шілде айынан бастап қолдағы биліктен қайтсе де айрылмауды, кеңестерді жаппай билеп алған большевиктерді өкімет басына келтірмеуді көздеген Керенский қоғамдық құрылысты демократияландыру дегенді ысырып қойып, дара билікті күшейтуге тырысты. Мұндайда жағдай жедел өзгеріп, оқиғалар тізбегі де қаптап кетеді ғой. Мәскеуде өткізілген мемлекеттік кеңестің шешімімен Керенский тамыз айында кеңестердің ісін заңсыз деп тануға қол жеткізді. Ал елдің басқару жүйесін анықтайтын Құрылтай жиналысы қараша айында өткізіледі деп белгіленді. Осы уақытқа дейін кеңестермен санасып келген өкімет енді олардың көшбасшыларын тұтқындау туралы шешім қабылдады. Троцкийдің қамалып, Лениннің Разливке жасырынуына мәжбүр болғаны осы кез. Міне, осы оқиға онсыз да сыныққа сылтау іздеп жүрген большевиктердің қанды төңкеріске шұғыл дайындалуына жол ашты.
Ресей империясының І Дүниежүзілік соғыстан тезірек шығып, немістермен келіссөз жасауына большевиктер неге соншалықты мүдделі болды деген сұрақтардың жауабы кейін ашылды. Большевиктердің көсемдері Ленин мен Троцкийге Германия өкіметі Ресейдегі ішкі жағдайды барынша толқытып, соғыстан бас тартқызуға үндеу үшін А.Парвус деген алаяқ арқылы үлкен көлемде қаражат бергендігі кейін ашылды. Нақтырақ айтқанда, ол ІІ Дүниежүзілік соғыста америкалықтардың қолына Германия СІМ архиві түскенде белгілі болды. Ал А.Керенскийдің өзі кейін, эмиграцияда жүргенде 1917 жылдың сәуірінде Франция министрі А.Том Уақытша өкіметке немістердің большевиктерді қаржыландырып жатқаны туралы ақпарат бергенін жазады. Бірақ ол қолында билік болса да сол уақытта бұған қарсы ешқандай әрекет жасамаған.
Тоғызыншы қазанда оңшыл социалистер Петроград кеңесіне астананы қорғау үшін Төңкерістің қорғаныс комитетін құру керек деген ұсыныс жасайды. Бұл қорғанысқа жұмысшылардың «Қызыл гвардиясын» тарту керек деген сөз еді. Сондықтан, негізінен большевиктерден тұратын Петроград кеңесі бұл ұсынысты қуана қабылдап, Қорғаныс комитеті емес, Әскери-төңкеріс комитеті дегенді құрады. Уақытша өкіметтің (ол уақытта Директория деп аталған) тамыздағы шешімімен қуғындалып, көптеген жұмысшылар қарусыздандырылғаннан соң Ленин қайтадан өзінің жақтастарын қаруландырып үлгереді және большевиктер партиясының 16 қазандағы кеңейтілген жиынында 25 қазанда қарулы төңкеріс жасау туралы ұсынысты бекіттіріп алады.
Большевиктердің қарауындағы Әскери-төңкеріс комитеті осы кезде барлық маңызды мекемелерге өздерінің комиссарларын тағайындап, билікті біртіндеп қолға ала береді, «Правда» газеті билік большевиктердің қолында екенін ашық жаза бастайды. Шыдамы шегіне жеткен Керенский 24 қазанда «Правданы» да, Комитетті де тұтқындауға бұйрық береді.
Төңкеріске көптен дайындалған большевиктер 24 қазанның түнінде «Қызыл гвардия» мен Балтық флоты матростарының күшімен өкіметтің барлық күзетшілерін қарусыздандырып, вокзалдарды, электр мен телеграф стансаларын, поштаны және т.б. басып алады. Түн ортасы ауа Керенскийдің өкіметі орналасқан Қысқы сарайдың жарығын өшіргенде ғана Уақытша өкімет өздерінің соңғы сағаттары жеткенін біледі. 25 қазан күні таңертең Керенский өкіметінің қарауында әйелдерден құралған 200 адамдық батальон мен юнкерлердің 2-3 ротасы және Георгий орденінің 40 кавалерінен тұратын шағын отряд қорғаған Қысқы сарай ғана қалады.
26 қазан күні «Аврора» крейсерінен құр дәрімен гүрс етіп атылған оқ Қысқы сарайға шабуылдың басталғанын жария етеді. Кеңестердің қарауына өткен Петроград гарнизонының солдаттары мен Балтық теңізі флотының матростары және қарулы жұмысшылар отряды Антонов Овсеенконың бастауымен Қысқы сарайға лап қояды. Бір сағатқа созылған алғашқы шабуыл сәтсіз аяқталады. Сарайды қорғаушылар өздерін оңай берілмейтіндіктерін көрсетеді. Екінші шабуылда большевиктер Петропавл қорғанында тұрған зеңбіректерді қолданып, олардан 35 рет снарядтар атылады. Алайда бұл жолғы шабуыл да тойтарылады.
Ал енді осы Қысқы сарайдың алынуының қызық тарихы бар. Түн ортасы ауа Чудновский бастаған ақ ту көтерген парламентарийлер қорғаныстағыларға қарсы жүреді. Бұларды Думаның депутациясы деп қабылдаған қорғанушылар ішке кіргізгенде олармен бірге 200-дей адам кіріп кетеді. Олардың соңын ала жабылмаған қақпадан андыған топ басып кіреді. Сөйтіп парламентарийлерді атпаймыз деп ойлаған қорғанушылар оқ шығара алмай, қапылыста қалады. Түнгі сағат 2-де Қысқы сарай тізе бүгіп, өкімет мүшелері тұтқынға алынады.
Ұзақ жылдар бойы кеңестік насихат Қысқы сарайды алудың барысындағы қызылдардың «ерлігін» насихаттаумен болды. Бірнеше фильмдерде, деректі жарияланымдарда бұл туралы майын тамызып жазды. Оларда большевиктердің ерлігімен қатар өрлігі, адамгершілік қырлары да мадақталды. Қаншама мың адам жараланып немесе жан бергені де айтылды. Іс жүзінде Қысқы сарайды алу барысында алты солдат пен қорғанушылар қатарынан бір әйелдің өлгені ғана белгілі. Есесіне большевиктердің тобыры патшаның сарайын аямай тонаған, үстелге қоятын алтын, күміс сервиздер, фарфор вазалар, айналар, тіпті төсек жапқыштарға дейін солдаттар мен матростардың қойын-қоныштарына тығылған. Ал әкете алмаған үлкен картиналарды, орынтақтарды, қымбат фарфорлармен әрленген емен жәшіктерді, кітаптар мен икондарды штыктарымен тесіп, шамасы жеткенше бүлдірген.
Қысқы сарайды қорғаушылар да аз жапа шекпеген, әсіресе, әйелдер батальонының жауынгерлерін зорлау мен өлтірулерге алғашқы кезеңде ешкім қарсы тұрмаған. Қолға түскен юнкерлер мен офицерлер де түрлі мазаққа ұшырап, әбден зардап шеккен.
Міне, большевиктер өкімет басына осылай қанды жолмен келген еді. Қантөгісті болдырмай, қараша айына белгіленген Құрылтай жиналысына қатысып, онда өкіметті басқарудың демократиялық жүйесі белгіленсе, большевиктер бәлки билікке бейбіт жолмен жетер еді. Бірақ большевиктердің көсемі Ленин өз партиясының бейбіт жолмен абсолютті билікке қол жеткізе алмасын бірден болжап, осылай қанды жолмен төңкеріс жасауды дұрыс деп санаған.
Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.
Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 15 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. Құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы "Зауыттар мен фабрикаларға жұмысшыларға!", "Жер шаруаларға!", "Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға!" деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді.
2. Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық – демократиялық партиясы (1917-20). Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін 1-орыс революция жылдарында (1905-07) қолға алды. 1905 жылы соңына қарай Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің сиезі «Қазақ конституциялық демократиялық партиясын құру туралы» шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар «Фикер» (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25-желтоқсан). Орталық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар қалыптаса қоймаған болатын. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан зиялылар ең өзекті мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдамаларға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-орталық тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Ә. Бөкейханов мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ сиезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынды. 1917 жылғы 21-26-шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын кұру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға кұрылмақ …», Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді. «Қазақ» газеті (1017, N244) бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидиттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою туралы жеделхаттар жіберілді. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылы қазан айынан қалыптаса бастады. Алаш жарияланған бағдарламасында Ресейдің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялы негізде тұтас Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеуметтік катынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше жалпыұлттық мүдде ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Алаш партиясының 1917 ж. күрделі үш мәселені халық арасында, казақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттык зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелар бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында («Қазақ», 1917, № 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен ІІ-жалпықазақ сиезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізді. Осы сиезде Алашорда – Ұлттық Кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алашорданың мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алашорданың атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы кұрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түре араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-киғаш Азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасы – алғаш рет 1917 жылдың қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Е,Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев және Е.Бірімжанов. Бағдарлама мынадай тараулардан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі хұқық, дін ісі, билік һәм суд, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі. Бұл бағдарлама өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан сол дәуірдегі саяси-қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын құжат екендігі байқалады. «Алаш» партиясының маңызды әрі басты құжаты, оның демократиялық, гуманистік принциптерге негізделген саяси құрылым екендігін көрсетеді. Бағдарламаның мазмұнынан Семей облыстық қазақ сиезінде көтерілген мәселелер көбірек көрініс тапқаны аңғарылады.
Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 ж. желтоқсан – 1920ж.) Алаш (немесе Ұлт кеңесі) 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру және оның үкіметін сайлау болды.
Орынбор қаласында өткен 2-жалпы қазақ съезінде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, қаулы кабылданды. Онда: «Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, казанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын және бұл бүлікшілік біздің казақ-қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап съезд бірауыздан қаулы қылады»:
1.Бөкей елі. Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі халқы – қазақ-қырғыз халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық жерлі автономия құруға;
2. қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;
3. қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттар бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады…
Съездің 1917 ж. 12 желтоқсанда қабылдаған шешімінің 6-бабында былай делінген: «Алаш облыстарын (съезде жарияланған Алаш автономиясын ) қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша ұлттық кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын.
Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алады. Осы қаулы күшіне еніп, сол жылдан бастап Алашорда үкіметінің әкімшілік һәм рухани астанасы болып Семей шаһарының сол жағалауы бекітілді. Қазақ зиялыларының көшбасшылары бостандық туын көтерген Алаш қаласында бүгінде солардың көзіндей архитектуралық жәдігерлер жетерлік.
Съезде құрылған Алаш автономиясының үкіметі – Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан («бүлікшіліктен) қорғау болды. Съезд шешімінде көрсетілгендей Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорданың құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уәлитхан Танашев (Бөкей Ордасынан), Халел Досмұхамедов (Орал обл.), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария обл), Садық Аманжолов (Жетісу обл) т.б. Алашорда құрамына облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Ғалихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Алашорда құрамына сайланғандар түгелге дерлік жоғары білімді зиялылар еді. Олар Петроградтың, Мәскеудің, Қазанның, Томскінің т.б. қалалардың жоғары оқу орындарын заңгер, экономист, дәрігер, математика, тау-кен және темір жол инженерлері т.б. мамандықтар бойынша бітіргендер. Бұлардың басым көпшілігі өз мамандықтары бойынша қызмет атқарумен қатар ғылыми шаруашылық жұмыс атқарды.
Ал 1917 жылғы қос революция аралығында олар қоғамдық-саяси өмірге белсенді түрде ат салысып, Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құруда Ә.Бөкейхановқа сенімді серік болған қайраткерлер еді. Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Ә. Бөкейханов, Б. Құлманов және А.Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Ә.Бөкейханов төраға болып сайланды. Алаш автономиясының үкіметі сайланғаннан кейін көп кешікпей Х.Ғаббасов Алашордаға бүкіл «қазақ-қырғыз балалары бағынған үкіметіміз деп сеніп, ант беріп, басқа үкіметті (Кеңес Үкіметін) танымай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керек деп жазды. («Сарыарқа», 1918, 22 қаңтар). Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Милиция жасақтарын құру мәселесін жан-жақты талдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады. Милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қорының есебінен алынатан болды. Милицияны құру мақсатын съезд былай деп анықтады: “… осы күнде мемлекет ішінде бассыздық, талан-тараж, қырылыс-талас болып жатқанын ескеріп, қырғыз-қазақты мұндай бүліншіліктен қорғау үшін … ешбір тоқтаусыз милиция түзуге кірісуі тиіс…”.
Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы П. Кобозев пен С. Павлов басқарған қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынборды басып алды. Қызылжардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Алашорда біртұтас қазақ автономясын құрып үлгермей, барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің 2 бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алаш үкіметінің батыс бөлімі немес Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және большевиктер мен Кеңес өкметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Алашорда Азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алаш үкіметін таратты.
Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.
3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — казак атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.
Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты.
Алаш Орда көшбасшысы Ә.Бөкейханов А.Ермеков және әскери бөлімінің меңгеруші капитаны Х.Тоқтамышевпен бірге 1918 ж. шілде және тамыз айларында Самара мен Омбыда қарулы күштерді құрастыруда Алаш Ордаға көрсету көмегінің сұрақтары бойынша әскери ведосмтв өкілдері және Уақытша сібір үкіметімен келіссөздер жүргізді. Жақын уақытта 2000 адам санында қазақ отрядтарын құруға сөз берген Алаш Орда батыс бөлімінің көшбасшылары Х. және Ж. Досмұхамедовтар Самарадан Комуч арқылы 600 мылтық пен пулеметтерді алды, Торғай тобына 1918 ж. қыркүйек айында 300 бердеңке, 20 мың патрон және көптеген киім-кешек берілді. Дутов көмегімен екі атты полкілерін құруға кірісті: біреуін Қостанайда, екіншісін – Ырғыз уезінде. 1918 ж. тамызда Семейде 38 офицер, 750 жауынгер құрамында алғашқы Алаш атты полкі құрылды. Ақ гвардияшылар көмегімен құрылған және алаш құрған асыға оқытқан отрядтары жақын арада Қызыл Әскерге қарсы қарулы күреске қатыса бастады14. Қазақстандағы қарулы қарсылық Ресейде азамат соғысының негізгі бөлігі болды. Сондықтан азамат соғысының басты майдандарында күрес әрекетінің барысы ған емесе қазақ майдандарында күрестің дамуы мен барысына шешуші әсерін көрсетті, сонымен қатар ақ гвардияшылар оккупацияланған Қазақстан ауқымында қазақ әскери бірігу әрекеттері, партизандық қозғалыстар мен көтерілістер де Шығыс және Оңтүстік майдандарда соғысқан Қызыл Әскердің басты күштеріне маңызды көмекті көрсетті. Әсіресе бұл Орынбор, Оралды босатуда, Колчактың ақырғы күйреуінде, ақ гвардияшылар мен Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстан, Жетісудан олардың одақтастарын қудалауда айқын көрінді. Қызыл Әскер бөліктерінің қазақ майдандарында күрескендерге орталық әскери көмекті көрсетті. Азамат соғысы жағдайыларында Қызыл Әскердің құрылысы сәтті жүріп отырды. Орыстармен бірге Қызыл Әскерлер қатарына қазақ еңбекшілері де енді. 1918 ж. 28 мамырда БОАК Декретінің толықтырыма еркіндігі міндетті әскери борышына ауыстырылды. Сонымен бірге ұзақ уақыт бойы еркінді жасақтарды сақталды. 1918 ж. жазда бірыңғай Қызыл Әскер құрама бөлігі ретінде ұлттық әскери қалыптастырулар пайда бола бастады. Қазақстан аумағында Қызыл Әскер ұлттық бөліктердің құру базасы Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы және Торғай облысының (Торғай және Ырғыз) кеңестік үйездері. 1919 жылы Степан Разин ат. алғашқы Орынбор казак полкі ұйымдастырылды. 1919 ж. сәкір-шілде айларында Орал қорғанысында қазақ эскадроны, кейін жаңартылған бірінші кеңестік үлігілік қазақ полкі қатысты. Ақ гвардияшылармен күресте Қазақстан еңбешілерімен бірге Қызыл Әскер қатарына өз еркімен енген шет елді жұмысшылар және шаруалар – венгрлер, немістер, чехтер, поляктар және т.б. Ақ гвардияшылар жаулап алған Қазақстан аумақтарындағы кең өрісі партизандық қозғалыс пен халық көтерілісін алды. Партизан қозғалысының ірі ошағы Қостанай уезі болды. Үлкен өрісті ол Ақмола, Семей облыстарында алды. Партизан қозғалысының тарихына Ақмола облысы, Атбасар уезіндегі Маринск көтерілісі кірді. Павлодар, Өскемен, Семей облысындағы Бұхтармен және Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Катон-Қарағай, Шыңғыстау, Шемонаихинск және т.б. болыстарда партизандық қозғалысы маңызды көлемге дейін жетті. Черкасск қорғагысы, Тарбағатай және Алтайдың «Тау бүркіттері» партизандық жасақтардың әрекеттері Қазақстандағы азамат соғысының тарихына берік кірді. 22-ші, 25-ші Чапай дивизиясының айбынды күресі, Орал және Орынбордың батырлық қорғанысы тарихи атақты алды. Колчак әскерінің басты күштерін жою 1919 ж. жазда Шығыс майданда Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Батыс және Жетісуді азат ету үшін қажетті жағдайларды жасады.
1919 ж. соңында Қазақстанның негізгі аумағы ақ гвардияшылардан босатылды. 1920 ж. наурызда Қазақстанда азамат соғысының соңғы майданы – Солтүстік жетісу майданы жойылды. Көрнекті қолбасшыларМ. В. Фрунзе, М. Н. Тухачевский, В. И. Чапаев, сонымен бірге дараынды командирлер И. П. Белов, И. С. Кутяков, А. Иманов және т.б. жетекшілігімен Қазақстан аумағында ірі әскери операциялар өтті. Қызыл Әскердің ақ гвардияшылармен күресіндегі сәттілігі, алаш полкілеріндегі толқулар мен көтерілістер, алаш милиция қатарларынан жігіттердің қашуы алашордашылар қатарынла жікке бөлінуін тездетті. Наурызда РСФСР БОАК Алаш Орда кешірімі және Алаш Орда көшбасшыларының бірі А.Байтұрсынов және оның үлкен жақтаушылар тобы кеңес өкіметі жағына ауысатыны туралы хабарлағаннан кейін бұл процесс жаңадан кері айналмайтын сипатқа ие болды. Қазақстан аумағын ақ гвардияшылардан азат ету шамасы бойынша кеңес өкіметі құрылды. 1919 ж. 10 шілдеде РСФСР ХКК декреті Қазақ елін басқару бойынша Революциялық комитетін құрды (Қазревком). Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, А. Жангельдин, М. Тунганчин, С. Мендешев, Б. Қаратаев. Әр түрлі уақытта Қазревком мүшелері А. Айтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Г. Әлібеков, Б. Каралдин болды. Қазревком «елді жоғары әскери-азаматтықпен басқаруға»» өз көңілін аударды, ал қазақ халқының кеңестік мемлекетін құру мақсатымен Кеңестер Құрылтай съезін шақырту үшін шарттарды дайындау оның басты міндеті болды. Шын мәнінде Қазақстанда төңкерістік өкіметтің төтенші органына әр түрлі жоспардағы үлкен жұмыс көлемін орындауға тура келді және Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезін дайып, өткізуге мәжбүр болды.
4. 1920 жылдың тамызында Мәскеу қаласында Кирревком және Түркістан майданының әскери-төңкеріс кеңесі, РКП/б/ Түркістан өлкелік комитетінің партия және кеңестік ұйымдардың өкілдері қатысқан, Қырғыз АКСР-ын құру туралы бірнеше мәжілістер өткізілді. Соңғы мәжіліске социалистік революцияның көсемі, Кеңес мемлекетін құрушы В. Ульянов (Ленин) төрағалық етті. Нәтижесінде, 1920 жылдың 17 тамызында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап колдады. 1920 жылдың 26 тамызында В. Ленин мен И. Калинин қол қойған «Қырғыз Кеңестік Автономиялық Республикасын құру туралы» тарихи Декрет жарияланды. Осы Заң бойынша, Автономия (Қырғыз АКСР) РСФСР атты мемлекеттін құрамында құрылатыны, және де бас қаласы Орынбор болатыны көрсетілді. 1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Құрылтай съезінде, Қырғыз Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы еңбекшілер құқықтарының Декларациясы кабылданды. Депутаттардың жергілікті Кеңестері, Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Автономиялы Кырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Басқару органдары болып табылды. Орталық Атқару Комитетінің (ОАК) басшысы – С.Мендешев, Халық Комиссарлары Кеңесінінің (ХКК) басшысы болып В.Радус-Зеньковичті сайлады.
ҚырАКСР-ның құрамына: Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездері бар Семей облысы; Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері бар Ақмола облысы; Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездері бар Торғай облысы; Орал, Ілшібін, Темір мен Гурьев уездері бар Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі; сол облыстың Красноводск уезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары; Астрахан губерниясынан: Синеморск болысы, Бөкей ордасы және 1-ші, 2-ші Приморье окрутеріне жапсарлас жатқан болыстар енді. Территориялық мәселелерді шешуде әртүрлі пікірлер айтылды. Пікірсайыс барысында қазақ халқының тарихын жақсы білген ұлы тұлғаларымыз – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Әлимхан Ермеков және т.б. ресми кұжаттарға сүйене отырып, қазақтың жерін жинап бергенін есімізден шығармаған жөн. Олар Ресей империясының кезінде отаршылдық мақсатпен қазақтың жері түрлі әкімшілік бөліктерге бөлініп, дәстүрлі шаруашылығы мен ру-тайпалық қарым-қатынастың ескерілмегені, соның салдарынан, біртұтас қазақ жерінің бірнеше республикалардың құрамында екенін дәлелдеп берген. Сонымен қатар, 1917-1920 жж. Алаш зиялыларының құрған "Алаш" атты ұлттық-территориялық автономиясына еңген территориямен салыстырсақ болады. 1917 жылғы 5-13 желтоқсанда өткен ІІ Жалпықазақ съезінде қабылданған қаулыдан үзінді келтіруге болады: "Тегі бір, мәдениет, тарихы бір және тілі бір Қазақ-Қырғыз халқы басым тұтас аумақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстарының, Фергана, Самарканд уездері, Закаспий облысы қырғыздарының, Алтай губерниясының жапсарлас жатқан қырғыз болыстарының аумақтық-ұлттық автономиясы құрылсын" делінген.
Қырғыз Социалистік Кеңес республикасы істерін басқару үшін 12 Халық комиссариаттары құрылды, оның ішінде: Почта мен Телеграф басқармасы бар Ішкі істер Комиссариаты; Әділет; Ағарту; Денсаулық сақтау; Әлеуметтік қамсыздандыру; Егіншілік; Азық-түлік; Қаржы Халық Комиссариаттары және т.б. Республиканың бүкіл территориясында РСФСР-дің қаржы және шаруашылық саясатының бірлігін сақтау мақсатымен Қырғыз Социалистік Кеңес Республикасының Азық-түлік, Қаржы, Жұмысшы-Шаруа Инспекциясы Халық Комиссариаттары, сондай-ақ Халық Шаруашылық Кеңесі және Почта мен Телеграф Басқармасы, Қырғыз Статистика Бюросы, Қырғыз Төтенше Комиссиясы, Еңбек Халық Комиссариаты мен Қатынас жолдар Халық Комиссариаты РСФСР-дің тиісті Халық Комиссариатттарына тікелей бағынатын болды. Сыртқы істер мен сыртқы сауда бүтіндей РСФСР-дің Орталық органдарының қарамағында қалды. Қырғыз (Қазақ) АКСР-на қажетті барлық қаржымен, техникалық құралдарымен РСФСР қаржысынан жіберіліп отырды. 1925 жылға дейін Қазақстанның оңтүстігі Түркістан АКСР-ның құрамында болды. Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу саясатының нәтижесінде, Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата уездері, Самарқанд облысындағы Жизақ уезінің бірнеше болысы, Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Жетісу облысының Бішкек уезі (бір бөлігі) Қазақстанға қарады.
1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды. Ең маңыздысы – аталмыш мемлекеттің территориясың кезіңде Алаш зиялылары 1917 жылы құрған Алаш автономиясында (1917-1920 жж.) белгілеген территорияның негізгі жерін Қазақ АКСР-ында сақтап қалуға зор үлес қосқанын.
5. Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.
Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді.
Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.
Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.
Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.
Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер:
1.Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда)
2.Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді.
3.Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды.
4.1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды.
5.Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.
6.Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
7.Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
8.Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
9.Несие берілетін болды.
10.«Қосшы Одағы» құрылды.
1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады.
Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды.
Кеңестердің Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткері аймактарға көрсеткен қолдауының маңызды мәні жөнінде көп айтылса да, жаңа режим Кеңес өкіметінің Мәскеу мен Ресейдің негізгі астыкты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері бөліктері ретінде қарастырылып, орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде көрсетілді. Сәтсіздіктердің себептері шаруаларды жермен, тұқыммен, керекті кұрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол кез ушін ең қажетті нәрсе – олардың мал шаруашылығымен айналысуға, дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. «Ашаршылық, — делінді үндеуде, — тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары».[1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген «әскери коммунизм» саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды.
Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды. 1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары (Түркістан АКСР-і құрамындағы Сырдария және Жетісу губернияларын қоспағанда) және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды. Жұқпалы аурулардың таралуы Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды.
Тарғын- Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: «1921 — 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз» деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.
1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы — қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы – украиндар болатын. Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады.. Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды . (РК(б)П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет). Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке — Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді. Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті.
1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті. 1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің «Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес» деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. «Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті.
Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады. Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді.[Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты.
Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді. Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті. 1. жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді. 2. жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, 1127 болыстық, ауылдық және селолық комиссиялар ұйымдастырылды. Сонымен бірге 556 жергілікті өзара көмек комитеттері құрылды. Комиссиялар жұмысының арқасында 1921 жылдың күзінен бастап көптеген аштыққа ұрынған елді мекендерде тегін тамақтандыратын асханалар ашылды, қараусыз балаларға арналып балалар үйлері ұйымдастырылды. Мысалы, Қостанай уезінің болыстарында 1921 жылы алты балалар үйі жұмыс істеді, мыңнан астам бала жатын жаймен және тамақпен қамтамасыз етілді. Бөкей губерниясында 15 мың аш адамдар, мардымсыз болса да, азық-түлік паегімен қамтамасыз етілді. Ақтөбе губерниясы Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес, ауқатты және күйлі адамдар ашыққандардың белгілі бір бөлігін жатын жаймен, тегін тамақпен қамтамасыз етуге міндеттелді. 1922 жылдан бастап аштық Бөкей губерниясында, әсіресе Тарғын, Талов және Жаңа қала аудандарында өрши түсті.
Жергілікті өкімет органдарының аштықпен күрес жөніндегі қызметі және республика үкіметінің ашыққан аудандарға көмегі сол кезде Тарғын уездік атқару комитетінің төрағасы міндетін атқарған X. Чурин мен Ж. Сәрсековтың жазбаларында былай бейнеленеді: «...мемлекет тарапынан көрсетілген көмекке қоса жергілікті жерлерден қосымша көмек көздерін іздестіруге тура келді. Теміржолдан шалғайдағы құм жоталары арасында жатқан болыстардың бірқатар адамдарын құтқару үшін төтенше жедел шаралар қолданылды. Ашыққан халыққа көмек көрсету мәселесін шешу үшін Жәнібекке КазОАК-нің төрағасы С. Меңдешов келді. «Сіздер әлі жас болсаңыздар да, - деді ол, - дегенмен уезді басқарып отырсыздар... партия мен үкімет сіздерге барлық адамдарды аштықтан құтқару міндетін жүктеп отыр. Ауқатты шаруалардың мүмкіндіктерін қарастыру қажет, революциялық заңның революциялық қатал тәртібі де болады». Ашаршылықпен күрес Осыдан кейін біз әр болысқа бір-бір адамнан жібердік.
Олар болыстық атқару комитеттерінің жандарынан комиссиялар ұйымдастыруы, көмек ретінде, кімде қанша мал, қанша астық, қанша ақша бар, соның тізімін жасауы тиіс болды; осы тізімдер болыстық атқару комитеттерінің бекітуіне жатқызылдыРеспубликаның аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді. Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді. Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық-түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Монғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және 5 000 ірі қара сатып алды.
Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы амбулатория берді. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі РКФСР Орталық Комиссиясы 1923 жылы Қазақстандағы көктемгі eгic жұмыстарының қажетіне 215 мың пұт тұқымдық астық пен жұмыс көлігін сатып алу үшін 1 441 429 сом бөлді, мемлекеттік банк арқылы жекелеген аймақтарға 690 мың сом көлемінде тиімді жағдайда несие берді.
Тұтынушылардың Орталық одағы арнаулы қорынан Ақтөбе, Қостанай, Орынбор және Орал губернияларының кооперативтік ұйымдарына көмек ретінде 585 мың сом бөлінді. 1922 жылдың соңына қарай босқындар туған өлкелеріне орала бастады. Оларды қарсы алу мен орналастыру жұмыстары жергілікті кеңестерге жүктелді. Мұндай жұмыстың ауырлығы мен қиындығы ашаршылықпен күресу жөніндегі жұмыстан кем түскен жоқ. Босқындарды қарсы алатын, оларды ауылдарға, кенттерге, қалаларға және басқа елді мекендерге орналастыру жұмысын ұйымдастыратын арнаулы комиссиялар құрылды. Кеңес үкіметі оралғандарға арнап әлеуметтік жеңілдіктер көздеді. Өз мекеніне қайтуға тілек білдіргендер үшін жолақысына 40 000 сом бөлінді. Осыған қоса, ішінде пеші бар жүк поездарымен еліне қайтқандарға жолақысының 50%-ын төлеуге рұқсат етілді. 1922 жылғы 1 тамыздан бастап оралғандарды салықтың барлық түрінен босату көзделді. 1921 — 1923 жылдардағы ашаршылықтан зардап шеккендер мен азық-түлікке өте зәру губерниялардың тұрғындарына да осындай жеңілдіктер қарастырылды.
Күйзелген шаруашылықтарға мемлекет тарапынан өндірістік көмек көрсетілді, ал малы жоқ, орташа ғана астық жинаған шаруашылықтар азық-түлік салығының 50%-ынан босатылды, сондай-ақ 1921-1922 жылдарға берілген несиені төлеу мерзімі ұзартылды, бірыңғай мемлекеттік салық төлемі бойынша жеңілдіктер жасалды.
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Кеңесінің 1923 жылғы 20 маусымдағы декретімен сол жылдың 1 тамызынан бастап ашаршылықпен және оның салдарымен күрес жөніндегі комиссиялар таратылды. Олардың міндеттері енді ауыл шаруашылығына көмек көрсету жөніндегі арнайы ұйымдастырылған комитетке жүктелді. Бірсыпыра уақыт өткеннен кейін сондай комитет КазОАК-нің жанынан да ұйымдастырылды
Достарыңызбен бөлісу: |