4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау


Топырақты минималды өңдеу принциптерi



бет5/14
Дата25.01.2023
өлшемі59,76 Kb.
#166428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ЛПЗ 4
9 кл корип карау
Топырақты минималды өңдеу принциптерi.
Топырақты минималды өңдеу қуаттық шығындарды төмендетудi қамтамасыз етедi. Минимализацияның қажеттiлiгi бiрiншiден, топырақты өңдеуге кететiн үлкен қуаттық және еңбектi шығындармен, екiншiден топырақ құнарлығын сақтау мен арттырудың қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi (ауыл шаруашылығында техниканың тығыздату әсерiн кетiру, жел эрозиясын болдырмау, қарқынды механикалық өңдеулерде органикалық заттардың ыдырау екпiнiн төмендету, топырақтан қоректiк заттар мен ылғалдың жоғалуын азайту).
Оның негiзi танаптың үстiнен машина-тракторлы агрегаттардың өту санын ең төмен мүмкiншiлiкке дейiн азайтумен түсiндiрiледi. Топырақты минималды өңдеуге мына жолмен жетедi:

  • Өңдеу санын азайту. Жоғары тиiмдi гербицидтердi қолданса сүдiгермен отамалы дақылдарды өңдеп, арамшөптермен күрескенде механикалық өңдеу санын азайтуға болады.

  • Терең өңдеулердi кең алқымды агрегаттармен жердiң беткi қабатын және таяз өңдеумен ауыстыру.

  • Бiр агрегатта бiрнеше технологиялық операцияны қиыстыру және оларды трактордың бiр өткенiнде орындалуы (қиыстырылған агрегаттар).

  • Өңдеу алаңын азайту (тiлу, дақылдарды кең қатарлы және суыртпақтап егу әдiсi жағдайында алқапты өңдеу).

  • Механикалы өңдеулердi өткiзбеу (өңделмеген топыраққа себу-нөлдi өңдеу).

  • Жазықтiлгiштi құралдарды қолдану.

Топырақты минималды өңдеудiң әдiстерi мен дәрежесi қатаң аймақты болып жергiлiктi топырақты-климатты жағдайға байланысты жасалынады. Топырақты минималды өңдеудi қолдану барлық аймақтар үшiн маңызды және бiрдей тиiмдiлiк жағдайларына байланысты болады, олар жоғары деңгейдегi агротехника, анық технологиялық тәртiп пен техникалық жабдықтандыруға әсер етедi.
Қазақстанның далалы аймақтарында ең көп тараған өңдеу тәсiлдерi: топырақты жазықтiлгiшпен өңдеу, қиыстырған себу агрегаттарды қолдану және өңдеу саны мен өңделетiн алқаптарды гербицид пен тiлгiштер қолдану арқылы азайту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет