Пәні: Математика
Тақырыбы: Білімді тиянақтау
Мақсаты:
Білімділік: Көбейту мен бөлудің күрделірек жағдайларына байланысты білімді тиянақтау.
Дамытушылық: Ауызша және жылдам есептеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, тапсырмалар жазылған карточкалар, 3 топқа бөлу.
Сабақтың түрі: пысықтау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Айналаңа қуаныш сыйлай біл!
ІІ. Психологиялық дайындық.
Кел, балалар, келіңдер,
Математиканы көріңдер.
Кәне, қарап шығыңдар,
Онда қызық есеп бар.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№4, 195-бет
33681:96 = 350 (қ.81)
240734:34 = 7080 (қ.14)
1162:165 = 7 (қ.7)
87399:215 = 406 (қ.109)
ІҮ. Ой қозғау. Математикалық диктант.
1. Сыныпта 28 оқушы бар. Оның төрттен бір бөлігі спортпен айналысады. Қанша оқушы спортпен айналысады?
2. Екінші кластың 62 бірлігінен және бірінші кластың 70 бірлігінен тұратын сан?
3. Тік төртбұрышты параллелипедтің өлшемдері 10м, 5м, 2м. Оның көлемін тап.
4. Ауданы 81см² шаршының қабырғасын тап.
5. Альбом 60тг, кітап одан 4 есе қымбат тұрады. Сатып алуға екеуіне қанша ақша жұмсалды?
Ү. Оқулықпен жұмыс. Бөлуді орында және тексер.
Ғарыш, Планета сөздеріне түсініктеме: Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем не Ғарыш деп аталады. Планета – грекше адасушы жұлдыз деген сөз.
1 – топ: Шолпан 2 – топ: Меркурий 3 – топ: Нептун
2176:32 = 7872:123 = 123728:703 =
14112:28 = 71400:204 = 17150:175 =
Меркурий планетасының тапсырмасы: Есепті шығар:
І – топ: № 5
1л сүттен 300г сары ірімшік қайнатылып алынады. Бір сиырдан 12л сүт алынса, 10 сиырдан алынған сүттен неше кг сары ірімшік қайнатуға болады?
ІІ – топ: № 6 а
Бір кірпіштің массасы 4кг. Неше кірпіштің массасы 3 т болады?
ІІІ – топ: № 6 ә
40 дән 5 г тартса, неше дәннің массасы 100г болады?
ҮІ. Сергіту жаттығуы.
Көкте самғар қырандармыз,
Жерде жортқан құлан да біз.
Жарыстарда намысты алға,
Ту ғып ұстар ұландармыз.
Жер планетасының тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны.
Тапсырма: Тік төртбұрыш пішінді алаңның ұзындығы 125м, ауданы 105 000м². Осы алаңның периметрін есептеп шығар.
Юпитер планетасының тапсырмасы: Теңдеуді шеш.
І – топ: Шолпан: а:35 = 245
ІІ – топ: Марс: 8: х = 24:6
ІІІ – топ: Нептун: 86:43 = а:1
Сатурн планетасының тапсырмасы: Математикалық қызықты есептер:
1. Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?
2. 21- ғасырдағы қай жыл оңнан солға, солдан оңға қарай оқысаң да бірдей сан болады?
3. Қағазды 4-ке бүктеп, ортасынан кессе неше бөлік болады?
ҮІІ. Қорытынды.
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.
№ 3 қалдықпен бөлуді орында.
І. Бағалау.
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім.
Сабақтың мақсаты: Зат есім түрлері туралы білімдерін кеңейту,негізгі және туынды зат есім туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Сұрақ – жауап әдісімен өткен сабақтағы білімдерін қайталау. Негізгі және туынды зат есім туралы түсінік беру, сөйлем ішінен зат есімді табу.
Дамытушылық: Оқушылардың топпен жұмыс істеулерін,логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі карточкалар, суреттер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Үлестірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап, ізденушілік.
Сабақтың барысы: І. Қызығушылығын ояту.
- Оқушылардың назарын сабаққа аударып, топқа бөлу.
- Топтарға сұрақтар беру ( карточкаларға жазылған тапсырмалар ).
І -топ.
- Сөз таптарын ата.
- Зат есім дегеніміз не?
- Адамға және мамандыққа байланысты қандай сұрақ қойылады?
ІІ- топ.
- Зат есім сұрақтарын ата.
- Жануарлар мен заттарға қандай сұрақтарқойылады?
- Жалқы есім дегеніміз не?
ІІІ- топ.
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Зат есім түрлерін ата.
- Көптік жалғауларын ата.
а) Балалар, 5минут ішінде зат есімге қатысты не білесіздер, соны жазыңдар.
б) Сол жайлы көршіңізбен бөлісіп талқылаңдар, пікірлесіңдер.
Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңдер.
ІІ. Мағынаны таныту.
Жаңа сабақтың мақсатын хабарлау (мысал келтіру)
Топпен жұмыс.
І – топ. 19 – жаттығу. (орнында орындаймыз).
Қосымшалы сөздерді көшіріп жазу. Сөз құрамына талдау.
ІІ, ІІІ топ 22 – жаттығу
ІІ – топ негізгі зат есімді жазады.
ІІІ – топ туынды зат есімді жазады. (Әр топтан оқушыларға оқыту)
21 – жаттығу. (Жаңылтпашты жатқа жазу)
Туынды зат есімді табады.
Өрмекші туралы не білеміз?
ІІІ. Шығармашылық диктант (Туынды зат есімді жасау)
оқу......... көл........... бай............. іс..............
ойын......... өнер.......... жылқы........... балық................
ІҮ. Ой толғаныс.
Сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.
- Бүгін қандай тақырыппен таныс болдық?
- Негізгі зат есім дегеніміз не?
- Туынды зат есім дегеніміз не?
- Ережені қорытып айту.
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрап келу.
Мектеп: № 29 орта мектебі
Тақырып: 20- сабақ «Обал мен Сауап»
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: Өзгелерді ренжітпеу, жануарларға қамқорлық көрсету, қиянат жасамау.
Мұғалiм: Жумекенова Шынар Шуреновна
Класс: 2 «В»
Оқушылар саны: 31
Сабақ мақсаты: Мейірімділік туралы түсінік бере отырып , қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Обал мен сауап туралы түсінік беру;
- Балаларда бірін-бірін, өзгелерді ренжітпеу қасиеттерін дамыту.
- Қиянат жасамауға, қамқорлыққа тәрбиелеу;
|
Ресурстар:
оқулық,жұмыс дәптері,қалам- сап, қарындаш,
интерактивті тақта.
|
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. 5Т. 5 жұмыс құралын түгендеу, күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен)
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама! Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем! Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Қандай әсер алдыныз?
Көз алдарыңа қандай бейнелер елестеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
№ 20 сабақ «Құс ұясын бұзбайық» Б.Әділов
1.Құс балапаны мен адамдар арасында қандай ұқсастықтар бар?
2.Біз жан-жануарларға қандай қамқорлық көрсете аламыз?
3.Өзгелерді ренжіткенде біз қандай сезімде боламыз?
|
Сабақ барысын талқылау:
|
Дәйек сөз.
«Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің». Халық даналығы
Сауап дегенді қалай түсінеміз?
Қиянат жасамаудың жолдары қандай?
Қиянат жасамайтын адам қандай адам?
|
|
Әңгiмелеу.
«Түлкі мен ешкі»
(Ертегі)
Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.
Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.
- Ой, не қыласың жаным жай тауып тұр.
Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Менде салқындайын, әрі су ішейін», - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онын мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып , жөніне кетіпті...
Балалар түлкінің бұл іс – әрекеті дұрыс па?
Сіздер түлкінің орнында болсаңыздар не істер едіңіздер?
Өзгелерді ренжітпей, қиянат жасамай өмір сүруге бола ма?
Қиянат жасаған не деп ойлайсыңдар?
Обал жасаған қайсысы?
Бір-біріне қамқорлық жасай алды ма?
|
|
Топпен жұмыс.
Ойын: «Обал –Сауап»
Қазір біз «Обал –сауап» деген ойын ойнаймыз, мен бір сөйлемді бастап, қолымдағы допты бір оқушыға лақтырамын, доп кімнің қолына тисе сол оқушы сөйлемді «Обал болады» немесе «Сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. Мысалы:
-көк шөпті жұлма обал болады.
-торға түскен құсты босат,сауап болады.
-құстың ұясын бұзба,обал болады.
-ақты төкпе, обал болады.
-көшеде үлкен қарияға жолдан өтуге көмектес, сауап болады.
-автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады.
-көршіңе көмектес, сауап болады.
|
|
Топпен ән айту.
«Дос болайық, бәріміз»
Сөзін жазғанХ. Талғаров.
Әнін жазған И. Нүсіпбаев.
1.Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз,
Ілгері жүріңдер.
Достық жырын біліңдер,
Ту ғып ұстап бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
Қайырмасы:
Дос болайық, бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз²,
Атсын күліп танымыз.
2.Қайраттанып қарышта
Озып шыққан жарыста.
Батыл бас, жас ұлан!
Самға биік, алысқа,
Жұлдыздарға, ғарышқа,
Бойда күш тасыған.
Қайырмасы.
3.Отан біздің панамыз,
Аман жүрсін анамыз,
Нұрлы күн сөнбесін.
Бақыт болып жанамыз,
Жарық біздің санамыз,
Қара бұлт төнбесін.
|
|
Үйге тапсырма.
21- сабақ : Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» мазмұнын айту.
Дәптердегі суреттерді бояу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
|
|
Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.
Баяу әуен, көзімізді жұмамыз.
Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен жақсылық жасауға ұмтылуды үйрендім. Менің бойымда үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, мейірімге бөленіп, табиғатты аялау қасиеттері қалыптасты. Себебі, мен Қазақстанның нағыз ұлтжанды азаматымын. Мен елімнің мақтанышы боламын. Мен жақсылық нұрын құямын.
Балалар, әрқашан қайырымды, мейірімді, үлкендерді сыйлауға әуес болыңдар. Сендердің бойларында бүгінгі сабақ арқылы осындай қасиет қалыптасты деген ниеттемін.
|
|
Пәні: Кластан тыс шара.
Тақырыбы: Жүзден жүйрік
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, негізгі пәндерден білім деігейін анықтау.
Дамытушылық: Танымдық ойлау қабілеттерін, ой-өрісін, сөздік қорын дамыту, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Өз ойын, білімін толық жеткізе білуге, ортада өзін ұстауға, сабырлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, кубик, слайдтар.
Сайыс барысы: І. Кіріспе.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-тәлім табар ма?
Бүгінгі кеш төріне,
негізгі пәндер елінде.
Мақал айтып аңдысып,
Сөзжұмбақ шешіп жарысып,
Мұнда қызық табылар,
Ребус шешу тағы бар.
Білімдеріңді сынайық,
«Жүзден жүйрік» табайық.
«Жүзден жүйрік» атты интеллектуалды жарысқа қош келдіңіздер! Оқушыларға сәттілік тілейік.
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:
І – кезең: «Мықты болсаң, тауып көр».
ІІ – кезең: «Шешен болсаң, сөйлеп көр».
ІІІ – кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр».
ІҮ – кезең: «Ойлы болсаң, озып көр».
І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр» (Математика пәні бойынша ребус шешу).
ІІ кезең: «Шешен болсаң, сөйлеп көр» (Әдебиеттік оқу пәні бойынша мақалдың жалғасын табу).
ІІІ кезең: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (Қазақ тілі пәні бойынша сөзжұмбақ шешу, дыбыстық талдау жасау).
ІҮ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр» (Дүниетану пәнінен «Кубизм» стратегиясы бойынша жыл мезгілдері туралы айтады.)
Сайысымызды бастамас бұрын ҚР Әнұранын орындайық.
Ендеше, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
І КЕЗЕҢ:
Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Бұл жарыста бәріміз,
Ребустарды шешеміз, - дей келе, «Мықты болсаң, тауып көр» атты І кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезеңде математика пәні бойынша әр топ алдарындағы ребустарды, теңдеуді шешеді. Уақыт 5 минут.
х + 6 = 10 а + 9 = 13 10 – а = 7 6 + а = 9
15 – х = 8 16 – х = 8 12 – а = 8 14 – х = 7
х + 8 = 9 8 – а = 2 х + 7 = 9 х + 3 = 9
Ребустар:
Достарыңызбен бөлісу: |