4. Ауыспалы егістер бойынша топырақ өңдеу жүйесін жобалау


Топырақты күзде және көктемде өңдеу нұсқалары



бет8/14
Дата25.01.2023
өлшемі59,76 Kb.
#166428
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
ЛПЗ 4

Топырақты күзде және көктемде өңдеу нұсқалары





Өңдеу шарасы (варианттар)

Машиналар және құралдар маркасы

Қолдану жағдайы, өңдеу тереңдiгi мен кезеңi

Күзде өңдеу

1

Сыдыра жырту+ жырту

ЛДГ-10+
ПН-8-35

Ылғалдылығы жеткiлiктi жағдайда дәндi және отамалы дақылдардан кейiн аз жылдық арамшөптермен ластанса 5-6 см тереңдiкке сыдыра жырту; атпатамырлары таяз орналасатын атпатамырлы арамшөптермен ластанса (жатаған бидайық және басқа) 12-14 см-ге екi рет (танаптың тiгiнен және көлденеңiнен) сыдыра жырту; жыртылатын қабат тереңдiгiне сыдыра жыртқаннан соң 12-14 күн өткен соң жырту.

2

Жырту+ сыдыра жырту+ мәдени жырту

ПН-4-35+ ЛДГ-10+
ПН-4-35

Ылғалдылық жеткiлiктi жағдайда арамшөптердiң атпатамырлары терең орналасса (жауқияқ ж.б.) атпатамырларды топырақтың бетiне аудару үшiн орғаннан кейiн бiрден жырту; атпатамырларды турау үшiн сыдыра жырту; арамшөптер өскен соң оларды топыраққа егiзу үшiн 25-27 см-ге жырту

3

Жырту

ПН-4-35
ПН-8-35



Ылғалдылық жеткiлiктi жағдайда орудан кейiнгi кезеңi қысқа және суық болған жағдайда жыртылатын қабат тереңдiгiне. Ылғалдылық жеткiлiктi жағдайда отамалы дақылдардан кейiн арамшөптерден таза танаптарда жыртылатын қабат тереңдiгiне.

4

Терең қопсыту

КПГ-250
ПГ-3-5

Жел эрозиясы бар аймақтарда тығыздалған, қатты ластанған ылғалды топырақта 25-27 см

5

Тiлу

ПЩ-3-5

Беткейлерде арамшөптер болмаса

6

Жазықтiлгiштi культивация

КПШ-9
КПШ-11

Жел эрозиясы бар аймақтарда салыстырмалы борпылдақ топырақтарда атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптер болмаса 12-16 см-ге өңдеу

7

Сыдыра жырту мен культивация

ЛДГ-10
немесе
КПШ-9

Арамшөптерден таза танаптарда түйнектiлердi жәнен тамыржемiстердi жинағаннан кейiн, құрғақ ауа-райы жағдайында 14-18 см культивация; ылғалдылық жеткiлiктi жағдайда 12-14 см сыдыра жырту

8

Терең қопсыту мен тырмалау

КПГ-250
(ПГ-3-5)+
БИГ-3
(БМШ-15)

Жел эрозиясы бар аймақта аралас типтi ластанғанда (көпжылдықтар+қарасұлы) 25-27 см терең қопсыту, шабуыл бұрышы 8-120 болғанда 6-8 см тырмалау. µзақ және жылы күз жағдайында тырмалау және арамшөпер көктегенде терең қопсыту немесе жырту (ылғалды аймақтарда).

9

Тырмалау

БМШ-15

Борпылдақ, жеңiл топырақтарда азжылдық арамшөптермен ластанса әсiресе қарасұлымен, 6-8 см тереңдiкпен шабуыл бұрышы 8-120

10

Жартылай пар типiмен сыдыра жырту+ жырту+ қопсыту

ЛДГ-10
(БДН-3)+ ПН-4-35+
КПС-4

Вегетациялық кезеңi қысқа дақылдарды орған соң (көк жемге немесе пiшенге бiр жылдық және көп жылдық шөптер) ылғалы жеткiлiктi жағдайда




б) екi рет дискiлеу+жырту+(егер уақыт жеткiлiктi болса және арамшөп-тер өнсе)
жыртқан-нан кейiн қопсыту

ЛДГ-10
(БДН-3)+ ПН-4-35
(КПС-4)

Көп жылдық шөптен кейiн атпатамырлы арамшөптермен қатты ластанған танаптарда дақылдарды орғаннан кейiн 10-12 см дискiлi сыдыра жыртқышпен өңдеу, екiншiсi арамшөптердiң өскiндерi пайда болғаннан кейiн 18 см тереңдiкке түрендi сыдыра жыртқышпен өңдеу, арамшөп тағы пайда болған соң жыртылатын қабат тереңдiгiне жырту




в) дискiлеу+ терең қопсыту

БДН-3+
КПГ-250
(ПГ-3-5)

Солтүстiк Қазақстанның далалы аймақтарында, эрозиялы процесстер бар жағдайда көп жылдық шөптердiң тығыз шымын 8-10 см тереңдiкке дискiлеу және 25-27 см терең қопсыту




г) жазық тiлгiштi қопсыту

ОПТ-3

Солтүстiк Қазақстанның далалы аймақтарында жеңiл топырақтарда көп жылдық шөптердiң шымдары тығыз болмаса 6-8 см-ден 14-16 см-ге дейiнгi тереңдiкке культивация




д) культивация+терең қопсыту

ОПТ-3+
ПГ-3-5
(КПГ-250)

Қазақстанның далалы аймағында 8-10 см тереңдiкке 1-2 культивация және 25-27 см терең қопсыту.

Ерте көктемде өңдеу

11

Тырма-лау

БИГ-3
БМШ-15
ЗБТС-1,0

Күзде тырмаланбаса, әсiресе сүдiгер тоң кесектi болса аңыздың үстiнен инелi тырмамен, аударып жыртқан сүдiгерде 4-5 см тереңдiкке инелi тырмамен өңделедi

12

Ерте көктемде өңдеудiң қажетi жоқ




Арамшөптердiң тұқымдарын топыраққа енгiзу үшiн күзде тырмалау жасалған танаптарда

13

Тығыздау

3КК-6А

Борпылдақ езiлмейтiн топырақтарда көктем жылы және құрғақ болса егер топырақтағы ылғал қоры аздау болса

Себу алдындағы топырақты өңдеу

14

Аралық өңдеу+ себу алдындағы қопсыту +
Себу

ОП-8
(ЛДГ-10)
+ОП-8
(ЛДГ-10)+
СЗС-2,1

Көктем ерте және жылы болғанда, топырақ қатты ластанғанда кеш себiлетiн жаздық дақылдар себу алдында; топырақ ылғалдылығы аз болса культивация жасайды, топырақ ылғалды болса сыдыра жырту жасайды, культивациядан кейiн құрғақ ауа-райында шығыршықты таптауыштармен тығыздау керек

15

Себу алдында-ғы қопсыту +себу

ОП-8
(ЛДГ-10)+
СЗС-2,1

Ластанған топырақтарда жазғы ерте дақылдарды себу алдында

16

Себу алдында-ғы өңдеусiз себу

СЗС-2,1

Арамшөптерден таза танаптарда егер топырақ қажеттi борпылдақ болса (әдетте сүр танаптан кейiн себу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет