Дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасаудың шарттары:
– дарынды балалармен жұмыс жасауда педагогикалық әрекеттердің принциптері ескерілді:
– тұлғаның дамуы үшін ұсынылған мүмкіндіктердің максималды әртүрлілік принципі;
– оқытудың даралану және жіктелу принципі;
– мұғалімнің минималды қатысуымен өтетін оқушылардың үйлесімді жұмыстары үшін шарт жасау принципі;
– оқушылардың қосымша білім беру қызметін, көмегін, тәлімгерлігін еркін таңдау принципі.
3. Интелект, қабілеттілік, дарындылық, талант ұғымдары.
“Интелект”, “қабілеттілік,” “дарындылық”, “талант” ұғымдарына сипаттама беріңіз?
Интелект-сөзі латын тілінен аударғанда “таным, ұғыну,аңдау” деген мағына береді.
Жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті.
Интелект – адамның болмысты тануының негізгі нысаны.
Интелект – ақпаратты мақсатты бағытта өңдеуге, реттеуге оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс әрекеті.
Қабілет дегеніміз- әр адамның белгілі бір іс әрекет түріне икемділігін айтады.
Және мақсатқа бағытталға, тәлім тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылықтары оның ісінің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі.
Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі.
Өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындылық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Достарыңызбен бөлісу: |