(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.
4. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
Топтастыру Оқушылар үш түсті кәмпитті қалауына қарай таңдау арқылы бірігеді.
І топ, ІІ топ, ІІІ топ.
|
|
|
5 мин.
|
Ұжымдық жұмыс «Миға шабуыл» әдісі
Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
|
Python программалау тіліндегі таңдауды ұйымдастыру алгоритмін қалай программалауға болады?
Заттар қандай параметрлермен сипатталады?
Заттардың параметрлеріне қарап таңдау үшін қоятын шарттарға қандай мысалдар келтіре аласың?
Таңдау алгоритмдерінің көмегімен қандай есептерді программалауға қолданады деп ойлайсың?
|
Бағалау: Мұғалім оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды. Өте жақсы! Жақсы!
Талпын!
|
7-сынып оқулығы.
Компьютер
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе.
Оқушыларға жаңа ақпаратпен танысу үшін мәтінді оқуға және арнайы жасалғалған үлгілік есептен программаны құрастыру жолын үйренуге тапсырма беріледі.
|
Сабақтың ортасы
31 мин.
|
Топтық жұмыс. Талдау
Python программалау тілінде таңдауды ұйымдастыруда if - elif-else құрылымы мен сөздікті пайдалануды салыстырыңдар. Таңдауды ұйымдастыруда осы екеуінің қайсы тиімдірек? Себебін түсіндіріңдер.
|
|