Бөлімі:
|
4-бөлім. «Python тіліндегі алгоритмдерді программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
4.1. Файлдармен жұмыс
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.3.3.1 Python программалау тілінде файлды оқу және жазу
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушы үшін: файлды жасау және ашу жолдарымен танысады.
Оқушылардың көбі үшін: Python программалау тілінде файлдардың екі типін қарастырады.
Кейбір оқушылар үшін: Python программалау тілінде деректерді файлдан оқу және жазуды жүзеге асырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Тапсырманың программа кодтарына талдау жасайды.
Файлға жазу және оқу әдістерін пайдаланып қарапайым тапсырманың мәтінін құрастырады.
Программалау барысында деректерді файлдан оқудың маңыздылығы түсінеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика мен терминология:
Жазу → Написать → Write
Оқу → Читать → Read
Басып шығару → Распечатать → Print
Енгізу → Ввод → Input
Жабу → Закрыт → close
Файл → Файл → File
Диалогтер мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Python-да программалау кезінде деректерді қалай енгіздің?
Программаны орындау кезінде айнымалылардың мәндерін енгізудің тағы қандай әдістерін білесің?
Программаның деректерді файлдан оқу арқылы өңдеуінің қандай тиімді жақтары бар деп ойлайсың?
Write() және print() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.
Read() және Input() командаларын қолдануда қандай айырмашылық бар? Себебін түсіндір.
Файлды жазу үшін ашқанда міндетті түрде close() командасын қоюдың себебі неде?
Деректерді пернетақта арқылы енгізу мен файлдан енгізуді программалық тұрғыдан орындауда қандай айырмашылықтарды көрсете аласың?
|
Құндылықтарға баулу
|
“Мәңгілік ел” жалпыұлттық идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Ағылшын тілі, орыс тілі.
|
Алдыңғы білім
|
Файл туралы жалпы түсінік бар
|