І. Орталық жүйке жүйесі
ІІ. Нейрондар
2.1 Нейроглия дегеніміз не?
2.2 Нейрон түрлері
ІІІ. Орталық жүйке жүйесін зерттеу тәсілдері
3.1 Орталық жүйке жүйесін зерттеудің экспериментальдық әдістері
3.2 Орталық жүйке жүйесін зеттеудің клиникалық әдістері.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғарғы бөлімі – ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру. Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға бейімдеп қана қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен-кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамасыз етеді. [1]
Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйе болып екіге бөлінетіні белгілі. Орталық жүйе ми мен жұлыннан тұрады. Ал олардан шығып, бүкіл денеге тарайтын нервтер шеткі жүйке жүйесін құрайды.
Жүйке жүйесі нерв торшаларынан, яғни, нейрондардан тұрады. Олардың жалпы саны 100 млрд. шамасында. Құрылысы мен көлемі жағынан нейрондар әр түрлі, бірақ өзара жалпы бір-біріне ұқсас бірегей.[2]
Мидың миллиардтаған жүйкелік жасушаларының арасындағы байланыс химиялық және электрлік сигналдар арқылы жүзеге асады. Дәл осылай бізге алколголь және дәрілік заттар әсер етеді. Жүйкелік жасушалар арасындағы күрделі байланыстар жетіліп, дами алады, сондықтан біз сыртқы ортаның көптеген құбылмалы әсеріне бейімделіп, жауап қайтара аламыз. Мидың даму және жетілу қабілетімен ешқандай компьютерді салыстыруға келмейді. Бірақ ми өте нәзік құрылым – жарақат немесе ауру нәтижесінде зақымдалған жүйкелер өздігінен қалпына келе алмайды. Мидың қызметін түсіну әлі де болса зерттелу үстінде, бірақ қазіргі кездегі биохимиялық зерттеулер мен сканерлеу әдістері оның жұмысын түсінуге жол ашуда. [3]
Адам анатомиясы мен физиологиясы медицина ілімінің негізі болып саналады. Анатомия гректің «anatemno» «кесу, бөлшектеу» деген мағынадағы сөзінен шыққан. Адам анатомиясы дененің пішінін, мүшелердің құрылысын, өсуін және оның сыртқы ортамен ара қатынасын зерттейді. [4]