4. Л. Арагонның шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы



Дата31.12.2021
өлшемі41,56 Kb.
#107388
Байланысты:
зарубежка задании


Тапсырма: 1. Натурализм бағытына тән пәлсапалық сарынды айқындау. Э. Золяның «Экспериментальдық роман», «Романистер - натуралистер», «Театрдағы натурализм» мақалаларын саралау, талдау, бағамдау. «Жерминаль», «Жер», «Тас-талқан» романдары. «Ругон Маккары» (20 томдық романдар сериясы), «Үш қала» трилогия, «Төрт евангелия» (романдар сериясы) шығармаларына әдеби талдау жасау.

2. Э.Золя еңбектері негізінде жазушының «натурализм» терминін әдебиетке енгізу себептерін ата. Сызба негізінде дәлелде:

1 себеп:

2 себеп:

3 себеп:

4 себеп:

5 себеп:

3. Э.Золяның зерттеу еңбектері негізінде «натурализм» бағытының негізгі ерекшеліктерін атаңыз. Мысалы: 1)әлеуметтік романдар, 2) шығарма тілінде жаргон, термин, диалект және т.б. аясы тар сөздердің қолданылуы;

4. Түйін тапсырма. Венн диаграммасын толтыру. Әдебиетке «натуралистік» бағыт қажет пе?

ТАпсырма 2

1. Мопассан – Флобер шығармаларындағы ортақ түйіндер. «Тоқаш нан», «Телье орны», «Милон ағатай», «Мадемуазель Фифи» новеллалары, «Өмір», «Қымбатты дос» романдарына саралау жұмыстарын жүргізу, жазушының тақырыптық, стильдік ерекшелігін анықтау.

2. Франстың сатирасын ашу. Профессор Бержери бейнесінің берілуі. «Кренке Биль» әңгімесіндегі халық өкілі адамының бейнесі. «Пингвиндер аралы» роман-памфлетіндегі қоғамдық –саяси мәселе, жинақтаушылық аллегориялық формалары. «Құдайлар аңсайды» романындағы якобиндік диктатураны бейнелеу.

3. Р. Ролланның әдебиеттегі, мәдениеттегі реализм мен демократия үшін күресуге арналған демократиялық көзқарастары. Ролланның шығармашылық әдіс ерекшеліктері.

4. Л. Арагонның шығармашылығындағы тақырыптық және поэтикалық жаңашылдығы.

5. Экзюперидің шығармашылығының сипаты. Ұшқыштың қызметі тұрмыстық, лирико-романтикалық, философиялық ыңғайда қарастыруы. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [4].

Тапсырма 3

1. Неміс әдебиетінің даму жолы, фашистік Германия тақырыбының ел әдебиетінде берілу сипатын ашу.

2. Томас Манның «Будденброктар» романындағы психологиялық иірімдер, көркемдік жинақтауларға талдау жасау. «Тристан», «Тонио Крегер», «Венециядағы өлім» новеллаларындағы өнер мәселесінің берілу сипаты.

3. Т.Манн шығармаларындағы басты идеяны берудегі кейіпкерлер рөлін ашу. Сызба негізінде баяндау:

Басқа кейіркерлер айтқан ойы істеген ісі

Автор позициясы Шығарманың негізгі идеясы

Негізгі кейіпкер Оның әрекеті шешімі

4.Г.Манн шығармашылығындағы карикатура, гротеск әдістерінің қолданылу ерекшеліктерін саралау. Ұсынылатын әдебиеттер:[ [2], [4].

ТАпсырма 4

1. Анна Зегерс шығармашылығы.

2. «Бағаланған бас» атты әлеуметтік-психологиялық повесінің психологиялық салмағы. Тапсырма: 1. «Балықшылар көтерілісі» атты романындағы тақырып жаңашылдығын саралау .«Бағаланған бас» атты әлеуметтік-психологиялық повесінің психологиялықберілу жолы. Гитлерлік басқыншылық әрекетін сынау мақсатындағы шығарма қызметі.

2. Германияның соғыстан кейінгі тағдыры туралы жазылған «Шешім» (1961), «Сенім» (1968) романдарын жанрлық, стильдік тұрғыдан талдау.

3. Жоғарыда аталған романдардағы соғыстан кейінгі адамдардың психологиялық-моральдық, тұлғалық көңіл-күйлерін қазақ жазушыларының соғыстан кейін жазылған шығармалардағы совет адамының адами ахуалымен салыстыр. Салыстыру кестесін жасауға болады. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [3].

Тапсырма 5

1. Генрих Ибсеннің өлеңмен жазылған пьесасы «Махаббат комедиясы», қарасөзбен жазылған ұлттық-тарихи драма «Тақ үшін күрес» немесе «Тәжге үміткерлер», драмалық поэмалары: «Бранд» және «Пер Гюнт», әлеуметтікпсихологиялық реалистік драмалары: «Қоғамның сандақтары», «Қуыршақ үй», «Елестер», «Халық жауы» шығармашылығындағы романтикалық драма мен сатиралық комедия жазу ерекшеліктерін анықтау.

2. Стокман образын ашу. Сызбаны толтырыңыз:



Томас Стокман – дәрігер, қаладағы құрметті азаматтардың бірі, қала басшысының інісі, емдік қасиеті бар суды зерттеуші.

Суды зерттейді

Томас Стокман – «халық жауы», көппен жалғыз алысқан, қоғамнан аласталған, т.б.

Томас Стокман – «халық жауы», көппен жалғыз алысқан, қоғамнан аласталған, т.б. Қала басшылығына баяндама жасайды






















Студент сызбаны толтыра отырып, пьеса басындағы және пьеса соңындағы кейіпкерді салыстыра отырып, шығарма идеясын ашады.

Тапсырма 6

1. Мартин Андерсон Нексе Данияның тарихы, әлеуметтік өмірінің кең суреті, халық өкілдері, фольклор дәстүрлерін беру тәсілдері, шығармаларының жанрлық сипатын анықтау. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [3].

Тапсырма 7

1. Оскар Уайльд (эстетизмнің теоретигі), Р.Стивенсон(неоромантизм өкілі), Конан Дойль (детектив жанрын жазушы) шығармашылық ерекшеліктерін, Р.Киплинг, Т.Гарди, Дж.Голсуорси, Г.Уэллс шығармаларындағы ұқсастықтарды анықтап, талдау. Шығармалары негізінде эссе жазу.

2. Конан Дойльдың детективтік шығармаларына талдау жасау, детективтік шығарманың сюжеттік ерекшелігін бағамдау.

3. Қазақ әдебиетіндегі детективтік жанр, оның даму деңгейі. Толық әдеби талдау жасау. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [3], [4].

ТАпсырма 8

1. Тарихи тақырыптарды интерпретациялау («перінің шәкірті», «Цезарь мен Клеопатра») Б. Шоу шығармаларында қалай берілген?

2. «Тарихи шындық» және «көркем шындық» ұғымдарын түсіндір, тарихи шығарма жазудағы аралық шек туралы баянда. Әлем және қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар негізінде ойыңды дәлелде. Ұсынылатын әдебиеттер:[3], [4], [5].

ТАпсырма 9

1. АҚШ-тың көрнекті юморисі мен сатиригі Марк Твеннің Балалар туралы романдарындағы балалар бейнесін қазақ балалар бейнесімен салыстыру.

2. Салыстыру кестесін толтыр: Қожа (Б.Соқпақбаевтың «Менің аты ҚОЖА)



Қожа (Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»)

Том Сойер («Том Сойердің басынан кешкендері»)

Мінездері







Әрекеттері







Армандары







3. Джек Лондон әңгімелеріндегі бақыт, өмір үшін күрес тақырыбын қазақ жазушылары шығармаларындағы ұлттық күрес тақырыбымен салыстыру. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [4].

Тапсырма 10

1. Т.Драйзердің «Керри қарындас» романындағы Американың әлеуметтік тынысының шынайылықпен суреттелуінің жолы қандай?

2. Керри бейнесіне толық талдау жасау, оның өмір жолында кездескен адамдардың кейіпкер бейнесіне әсерін талқылау. Ұсынылатын әдебиеттер:[2], [3], [4].

Тапсырма 11

1. Э.Хеменгуэй мен Д.Лондон шығармашылығын салыстыру.

2. Э.Хеменгуэй шығармаларынан соғысқа қарсылық идеясын беретін автор «ойларын» теріп жазу. 3. Д.Лондонның өмірбаяны мен оның шығармаларындағы кейіркерлер арасындағы байланысты дәлелде. Жазушының басынан кешкендері оның шығармашылығына қаншалықты әсер етті.

Тапсырма 12

1. Уайлдер Торнтон Найвен (1897-1975) мен Сэлинджер Джером Дейвидтің (1919) шығармаларындағы тақырып ұқсастығын, шығармаларындағы ортақ сарынды анықтау.

Уайлдер Торнтон Найвен пьесалары мен романдарындағы тақырып ерекшеліктерін саралау. Ұсынылатын әдебиеттер:[3], [2], [4].

Тапсырма 13

1. 1960 жылдардағы Латын Америкасы әдебиетінің өкілдері шығармаларындағы оқиғаны баяндау ерекшелігі, шарттылықтар, философиялық сарын, суреткерлік тәсілге талдау жасау. 2. Хорхе Луис Борхес шығармаларындағы философиялық ойларды саралау, олардың адамзаттық құндылықтар тезіне салу. Қазақ халқының дүниетанымы тұрғысынан талдау. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [4].

Тапсырма 14

1.Америка жазушысы Сэлинджер Джером Дейвид «орта америкалықтың» бейнесіне талдау жасау.



2. Сэлинджер Джером Дейвидтің романындағы Колден Холфилд атты кейіпкердің есею, даму траекториясында оның тұлға ретінде қалыптасу деңгейін анықта. бала жігіт ересек адам толысқан адам

3. «Орта америкалықтың бейнесі» мен «типтік бейне» ұғымдарының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін бағамда. Терминдерге дәл анықтама бер. Ұсынылатын әдебиеттер:[1], [2], [4].

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет