9 СЫНЫП 2 НҰСҚА
1. Туынды сөзді анықтаңыз.
A) Заманның. B) Заманға. C) Заманнан. D) Заманымыз E) Заманауи.
2. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
A) Бәрі тапсырманы орындады. B) Жаңадан үш жүз жұмыскер аламын.
C) Ұзамай тағы қонақтар келді. D) Жұмысшылар қайтып келді.
E) Бәріне бірдей тапсырма берілді.
3. Буын үндестігіне бағынбай тұрған зат есімдер қатарын табыңыз.
A) Ботагөз, Амангелді, қазіргі. B) Кітап, әкетай, балгер.
C) Баспасөз, асығыс-үсігіс, шекара. D) Сейфуллин, кінәлау, діндар.
E) Екібастұз, өсімтал, Әуезов.
4. Берілген сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін анықтаңыз.
Біресе қар жауады, біресе жаңбыр жауады.
A) Талғаулы. B) Себеп-салдар. C) Кезектес.
D) Ыңғайлас. E) Қарсылықты.
5. Сөйлемнен бірыңғай баяндауышты табыңыз.
A) Мен көз жасымды көрсеткім келмейді.
B) Жыл сайын жарқырайды, жайнайды.
C) Амандығыңды білейін деп едім.
D) Қазақтың осынысы ұнайды.
E) Ауылдың бас агрономы кеңсеге баса көктеп кіріп келді.
6. Бірыңғай жуан екі бітеу буынды сөзді табыңыз.
A) Есімдер. B) Бағдарлау. C) Гүлдену. D) Тастар. E) Дастандар.
7. Біріккен сөзді табыңыз.
A) Хабар, хабаршы B) Тақсыр, иман. C) Бөкен жүріс, халық әндері.
D) Әлдеқайдан, бүкілодақ. E) Ерлі-зайыпты, енелі-балалы.
8. Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.
A) Тілім барда айтылар сөз ойдағы. B) Бірлік бар жерде тірлік бар.
C) Ол әнді әсерлі етіп шырқады. D) Білімге құштарлық – ғылымға жетелейді E) Көппен көрген ұлы той.
9. Қатыстық сын есімнен болған сөз тіркесін табыңыз.
A) Таза бөлме. B) Көк теңіз. C) Көшпелі ел. D) Кішілеу қазан E) Жаман ой.
10. . Өлең жолдарында кездесетін етіс түрін анықтаңыз.
Жау қарасы көрінді,
Жиылған әскер бүлінді.
A) Сабақты етістік. B) Өздік етіс. C) Ортақ етіс.
D) Өзгелік етіс.E) Ырықсыз етіс.
11. Сөздерге қажетті ортақ атау : кісілік, білім, жолдастық
A) күрделі зат есімдер B) туынды зат есімдер C) деректі зат есімдер
D) жалқы зат есімдер E) түбір зат есімдер
12. Негізгі етістікті табыңыз.
A) Басқар. B) Зарық. C) Бірік. D) Жарқыра E) Сұра.
13. Сілтеу есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Әлденеге барды. B) Сағат қанша. C) Сол оқиға.
D) Өзін-өзі тексерді. E) Бәріңе аманат.
14. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркестерін көрсетіңіз.
А)Өнерлі жастар; В)Өзіміздің балалар; С)Мектеп оқушылары; Д)Еңбектеген бала; Е)Көңілді қария.
15. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.
А)Бұ-лтты-лық; В)Бұлт-ты-лық; С)Бұл-тты-лық; Д)Бұ-лт-ты-лық; Е)Бұ-лт –тыл-ық.
Необходимо найти правильный ответ, соответствующий тексту.
1-мәтін.
Ғалым туралы естелік
Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік.
Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық.
Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды.
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын.
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған терезе» секілді еді».
1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары
16. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
А) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды.
В) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды.
С) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды.
D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көп оқитын.
17. Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз.
А) Шоқан өте дарынды, алғыр еді.
В) Шоқан ешкімге сырын айтпайтын.
С) Шоқанның достары қазақша жақсы білді.
D) Шоқан дарынды балаларға қызыға қарайтын.
18. Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз.
А) Омбы, естелік, саяхат
В) Қазақ, Шоқан, география
С) Шоқан, Потанин, дос, оқу
D) Шоқан, кітапхана, Еуропа
19. Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А) Шоқанның өнерлі достары өте көп.
В) Ол білімді адамдармен жақсы таныс болатын.
С) Шоқан қаладағы өнерлі, білімді адамдармен жақын араласты.
D) Шоқан қаладағы өнерлі, дарынды балалармен араласып тұратын.
20. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.
А) Шоқанның орыс тілін тез меңгеруі
В) Шоқанның саяхатшы болуды армандауы
С) Оқу кезіндегі Шоқанның зеректік танытуы
D) Шоқанның корпус оқушыларынан ерекшелігі

Достарыңызбен бөлісу: |