Шөл даланың жота-жота құмдарының арасында қалқайған қара лашықта ерлі-зайыпты бәдәуи өмір сүретін еді. Күндердің бір күні атпадай болып қатқан әйелі еріне: Дүниенің бар тапшылығын екеуміз ғана тартып отырмыз



Дата11.10.2022
өлшемі171,19 Kb.
#152621
Байланысты:
оқылым дегеніміз


Шөл даланың жота-жота құмдарының арасында қалқайған қара лашықта ерлі-зайыпты бәдәуи өмір сүретін еді. Күндердің бір күні атпадай болып қатқан әйелі еріне:
– Дүниенің бар тапшылығын екеуміз ғана тартып отырмыз. Бір үзім нан жоқ, тіске басарымыз – қайғы. Су құятын бұтін құмырамыз жоқ, сусынымыз – көзіміздің жасы. Күндіз киетініміз күннің шуағы, түнгі жамылғымыз – ай сәулесі. Ұлардай шулаған асқазанға талғажау болсын деп шыбын аңдып отырғанымыз мынау. Осылайша өміріміз өтіп кетпек пе енді? - деп еріне мұң шақты. Көзін көкке тігіп ой аулап отырған ері оған бұрылып: – Уай, жолың болғыр-ау, енді қашанға дейін дүние тілеп зар-қақсайсың. Ақылы бар адам өзінен мал-мүлкі төмен болғандарға қарайтын еді ғой. Жас күніңде қанағатшыл едің, егде тарттың, екі дүниенің арасы жарты қадам болып тұрғанда мал-мүлік сұрап майдаланып отырғаныңа жол болсын. Сен өзің-ақ, тұла бойың тұнып тұрған алтын емес пе едің, саған не болған?! - деп үн қатты. Ерінің жайбарақаттығына шамданып, шабына қылбұрау салғандай қылғынып шыға келді: – Ей, ақылынан басқа түгі жоқ бейшара неме! Сенің асқақ ақылыңнан туған әдемі сөздеріңе тойдым. Мына отырған отырысымызға қарап ұялмайсың ба? Маған "қанағатшыл бол" деп қақсайсың да отырасың, мақтап отырған қанағатыңнан осы күнге дейін не таптың?! Сен ақылгөй болмай, сөзге тоқта.., - дей бергені сол еді күйеуі сөзін бөліп: – Сен қатынсың ба, жоқ уайым қапшығысың ба? Мен бұл кедейлігіммен мақтанам. Жоқшылық деген сенің ақылың жететін нәрсе емес, үлкен нығмет. Ол – пайғамбарлардың мирасы. Бай адам басынан бақайшағына дейін айыпқа батқан жан. Менің дүние-мүлікке ешқандай қажеттілігім жоқ. Алла Тағала оған мұқтаж етпей-ақ та қойсын. Жан-дүниемді қанағат қаптап тұрған кезде, малға деген махаббат мені мас қыла алмайды. Сондықтан да, бос мұңайып, таршылық көрдім деп байбалам салуды таста, оны тастай алмасаң мені таста. Мен сен сияқты дауыс көтеріп сөйлеуді білмеймін. Сен де бос қиялға беріліп шаршама. Қанағатқа қаным қас, оның аулы алыс десең мен үйімді тастап тыныш өмірге қарай бет алам...
Күйеуінің бұл сөздеріне көңілі босап көз жасын көл қылды. Еңірегенде етегі толған әйеліне жанашырлық сезімі оянған кедей байғұстың бойы өкініштен өрттей алаулады. Оның пұшайман халін сезген әйелі бұл тығырықтан жол тапқандай күйеуіне былай деді: – Сыртта тұрған сынық құмырамызда жаңбырдан жиналған су бар. Сол суды алып Бағдат шаһарының патшасына бар да: – Біздің бұдан басқа ешқандай дүние-мүлкіміз жоқ. Қаңсыған шөл далада сіздей мәртебесі биік парасатты патшаға бұдан артық сый бар деп ойламаймын. Бұл өлкенің патшалары алты жүз атанға жүк болатын қазынаның кілттеріне ие болғаныменен, дәл осындай жанға шипа, тәнге дауа су жоқ. Мұндай су ілуде бір рет қана кездеседі" деп айт",- деді. Бейшара әйел Бағдат патшасының сарайының қасында арқырап-күркіреп ағып жатқан Дижлә өзенінен бейхабар еді. Күйеуі мұны қостап: – Бұдан артық қандай сый болады? Шынымен-ақ, біздің сынық құмырамыздың сиқырлы суы тек патшаларға ғана лайық қой", - деп қауқылдады. Сөйтті де құмыраны суы төгілмейтіндей етіп орап алып, Бағдат қайдасың деп тартып отырды. Құмырасын қарақшыға қолды етіп алмайын деп көзінің қарашығындай сақтады. Бірнеше күн жол соқты болып Бағдатқа да келіп жетті де, патша сарайына кіруге рұқсат сұрады: – Уа, құрметті жандар! Мен сонау шөлден патшаның мейірімінен үміт етіп келген бір бәдәуи едім. Мына сыйлықты патшаға табыс етіп, маған да бір қол ұшын созыңдар. Бұл еш жерде кездеспейтін тәтті, дәмі тіл үйіретін сиқырлы су. Шөлде жауған жаңбыр суларынан жиналған. Құмырам да ыңғайлы, әрі жеңіл, - деп жар салды. 
Патшаның шабармандары аңқылдаған ақжүрек адамға күлді де, шын ниетімен ұсынып тұрған сыйын алып патшаға апарды. Бәдәуидің сонша жерден арып-ашып жеткеніне қайран қалған патша, бәдәуиді құзырына алдырып ілтипат көрсетті. Ұлылықтың үлісін көрсетіп, ас-су беріп әлдендіріп, киімін бүтіндеді. Содан соң құзырындағыларға: – Сынық құмырасына алтынды толтырып беріп, өзін Дижлә өзені бойымен алып жүріңдер. Сосын төте жолмен еліне қайтатын жолға салып жіберіңдер, - деп бұйырды. Жендеттерге ілесіп келе жатқан бәдәуи жолай кемерінен тасып-толған Дижләні көріп қайран қалды. Осыншалықты мөп-мөлдір суы мол Дижлә өзенінің дәл қасында қоныстанып отырған патшаның сынық құмырадағы суды қабыл алып, қойын-қоншына толтырып алтын салып бергеніне таң қалды. Патшаны жомарт етіп жаратқан Раббысына шүкір етті де төте жолмен асыға адымдай берді...

Түске алданғандар.
Үш аңшы аңға шығыпты. Күн бойы құс аулап, кешке жалғыз үйрек атып алыпты. Аңшылар әбден шаршап, бір өзеннің жағасына келіп түнейді. Үйректі пісіреді. Үйрек піскен соң, бір аңшы:
- Бұл үйректі үшеуіміз жеп тоймаймыз, сондықтан біреуіміз ғана жейік,- депті.
- Үйректі жауып қояйық та, үшеуіміз де жатып ұйықтайық.
- Кім жақсы түс көрсе, үйректі сол жесің,- депті бір қу жігіт.
Түн ортасында қу аңшы тұрып, үйректі жеп, табақты бұрынғыша жауып қояды. Таңертең аңшылар оянып, тұрған соң:
- Қандай түс көрдіңдер?- деп сұрайды.
- Мен ақ боз атқа мініппін, басыма алтын таж киіппін, патша болыппын,- дейді
- Мен жұмаққа кіріппін, жұмақта қор қыздарымен бірге жүр екенмін,- депті.екінші аңшы.
Сонда қу аңшы айтыпты:
- Екеуің де рас айтасыңдар, мен сендерді көріп жаттым. Бірің патша болған соң, енді бірің жұмаққа кіріп кеткен соң, бір үйрекке бола қайтып келмес деп, үйректі мен жеп қойдым,- депті.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет